Әбіш Кекiлбаев – тарихи роман шеберi
Мазмұны
Кiрiспе 3
1 Әбіш Кекілбаев – талантты жазушы 5
1.1 Әбіш Кекілбаев шығармаларының ерекшелігі 5
1.2 Әбіш Кекiлбаев – тарихи роман шеберi 7
1.3 Тарихи романдағы кейіпкерлер образының сомдалуы 9
2 Жазушы шығармаларының көркемдік ерекшелігі 17
2.1 Жазушының тiл көркемдiгi және сөз қолдану шеберлiгi 17
2.2 Ә. Кекілбаев шығармаларындағы риторикалық айшық пен қайталама және диологтың қолданылу ерекшелігі 21
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер 26
Кiрiспе
Тақырыптың өзектiлiгi: Әдебиетiмiз дамуының соңғы ширек ғасырында халқымыздың өткен тарихын көркем баяндау үрдiсi барынша кең қанат жайып, жоғары дәрежеге жеттi.
60-жылдардағы ұлттық мүдденi шығармашылық өмiрiнiң күретамыры етiп ұстанған талантты жазушылардың алғы шебiнде Әбiш Кекiлбаев болды.
Жазушы туралы, оның шығармаларының көркемдiк әлемi туралы әр кезеңдерде пiкiрлер айтылып, зерттелуде. Алайда, Әбіш Кекiлбаевтің шығармашылық әлемi айтқан сайын ауқымдала түсетiн, жазған сайын кеңи беретiн, қараған сайын биiктеп, қадалған сайын тереңдей түсетiн әлем. Қаламгер туындыларын зерттеу - әдебиеттану ғылымының маңыздылығын жоғалтпайтын мәселелерінің бірі.
Курстық жұмыстың мақсат-мiндеттерi:
1 Әбіш Кекілбаев – талантты жазушы
1.1 Әбіш Кекілбаев шығармаларының ерекшелігі
Әбіш Кекілбаев повесінің ерекшелігі – ол шығарманы шытырман оқыс оқиғаларға құруға шебер, сөйтіп оқушыны еліктіріп, қызықтырып әкетеді. Оқиға тамыры ұжымдастыру кезінде жат жерге мал-мүлкімен қашқан бай ауылдың қоңыр жүдеу тірлігін бейнелеуден өрбиді. Қыбыр еткен тірі жаны жоқ ауылдың басындағы хал оқырманның көз алдынан көлбеп өтетін осы бір сұрғылтым суретпен астарланады. Құла түзде тірлік белгісі жоқ неткен ауыл. Басындағы базары тарқап, келмеске кетіп, іргесі сөгіліп, еңсесі басылып, рухы мүжіліп қалған осы бейшара ауылдың бейнесінде, ұжымдастыру мен аштықтан, репрессиядан, жаңа заманның асыра сілтеуінен есі шығып, қаны қарайып, мәңгіріп, қалған сол кездегі қоғам көрінісі жатыр. Ал шарқ ұрып көмек сұраған Әлима бейнесінде- не істерін білмей, басын тауға да, тасқа да соғып жүрген, шарасыз қамкөңіл қазақ елінің бейнесін символмен тұспалдаған. Осы оқиға барысында заман сырын ашады. Шын мәнінде повесть сарынының қайнар бастауы осы жұмбақ деталь екендігіне оқиғаның одан әрі тез, әрі шиеленісті өрбуі дәлел бола алады. Ғасыр басындағы аталмыш нәубет жүгін сол кездегі аға буын арқалағанмен, оның зілді сызы бүгінге де жеткен. Сондықтан тұтас үш ұрпақты қамтыған- ата, бала, немере үштігі шығарманың лейтмотиві іспетті. Мұндағы түйін: індет, тек бір буынға ғана залалын тигізіп, қаһарын төккен жоқ, оның алды-артындағы ұрпақтарды да қоса жаралады. Бірақ, жайрата алмады. Тек бүтін бір буынды тұншықтырып, тумысын бөлектеуге тырысты. Сол кеткен есе мен есепті түгендеу авторлық позиция арқылы берілген.
1.2 Әбіш Кекiлбаев – тарихи роман шеберi
Тарихи көркем шығармалар қазiргi қазақ әдебиетi әлемiнде едәуiр бар екендiгiн бiлемiз. Мұхтар Әуезовтiң 40-жылдардың басында оқырманға ұсынған «Абай жолы» романынан бастап Қабдеш Жұмәдiловтiң кейiнгi жылдарда жарық көрген «Дарабозына» дейiнгi екi ортада ондаған роман, драма, поэмалар қолымызға тидi. Әсiресе, тарихи романдардың тақырыбы, композициялық құрылымы, баяндау-суреттеу стилi жағынан түрленiп келгенi қазақ көркем сөзiнiң биiкке көтерiлгенiн көрсетедi.
1.3 Тарихи романдағы кейіпкерлер образының сомдалуы
Образ - өмір шындығының жазушы санасында, соның қағаз бетінде бейнеленуі. Әбіштің дәуір тынысын жеткізген образы, бар қырынан қапысыз ашылған характері - Әбілқайыр. Әбілқайыр бақытты да, бақытсыз да адам. Күллі қазақ Әбілқайырына сенді, соған ерді, оның ақылы, қолбасшылық стратегиясы мен тактикасы тек жеңіске жеткізіп, күні ертең қазақ «ақтабан шұбырындылықтан» құтылатынына шүбә келтірмеді. Әбілқайыр жауын жеңіп, тауды қопарғанымен, теңізді теріс ағыза алмады. Бозымбай Болат отырған ортақ таққа еңбегі артығымен сіңген, халқының сүйген ұлы Әбілқайыр отырудың орнына ел тізгіні қолындағы сілімтік сұлтандар тектінің «тегінен» ілік тауып, саяси сауаты, көрегендігі мен көсемдігі шектеулі батырлар мен билердің, байлардың арасына жік салып, береке-ынтымақты, халық тағдырын кейбіреулердің ішкі есебіне жендіріп, аяқасты етті. Зұлымдық сұсы бетіне тепкендерге «бұғы бастаған арыстан үйірінен, арыстан бастаған бұғылар үйірі» қауіпті көрінеді.
2 Жазушы шығармаларының көркемдік ерекшелігі
2.1 Жазушының тiл көркемдiгi және сөз қолдану шеберлiгi
Сөз жеке тұрғанда қаншама жұтынып тұрмасын, iшкi семантикасы қандай сырлы болмасын, қандай грамматикалық форманы жамылмасын, басқа сөздермен байланысқа түспей, оған жан бiтпейдi, сөйтiп өз қабiлетiн таныта алмайды. «Адам», «адамгершiлiк» деген сөздер осы күйiнде белгiлi бiр бейнеге, ұғымға ие болғанымен эстетикалық сұлулықты бойына толық сiңiрiп тұрған жоқ. Академик В.В.Виноградовтың «Сөздегi бейне және сөз арқылы жасалған бейне әртүрлi түсiнiк және әртүрлi мiндет» деуi де осыдан болуы керек. Көркем әдебиетке керегi - сөздiк бейне яғни сөзден, сөз арқылы жасалып, әдеби-эстетикалық нысанның сөздiк торшасына /клеткасы/ айналған бейне. Өйткенi «тiл байлығын игеру, сөз қорын молайту бiр бар да, сол бай тiлмен мол сөздi әдеби шығармада суреткерлiк шеберлiкпен қолдану бiр бар. Сөздi көп бiлетiн адамның бәрi жазушы емес».
2.2 Ә. Кекілбаев шығармаларындағы риторикалық айшық пен қайталама және диологтың қолданылу ерекшелігі
Ә. Кекілбаев шығармаларынан фигуралардың әр түрін санамаламай-ақ, оның ерекше көзге түсетін екі-үш түріне тоқталған дұрыс деп білеміз. Солардың бірі – сұрай арнаудың риторикалық айшық деп аталатын түрі.
Академик З.Қабдолов: «...арнауда қойылған сұрақтарға автор жауап күтпейді, өйткені олар ешқандай жауапсыз-ақ түсінікті, арнаудың өн бойында өзінен-өзі анықталып жатыр. Сұрай арнаудың мұндай түрлерін шешендік яки риторикалық айшық деп атайды», -деп оның нақты анықтамасын берген[3, 238].
Қорытынды
Әдебиет – ар – иман, инабат құралы. Ол тозса, осы сертiнен шықпауынан тозады. Уақыт сынын көтере алмай, жаңа заман талабынан шықпай жататын шығармалар да болады. Ал Әбiш Кекілбаев қаламынан туған шығармалар қазiр де өзектiлiгiн жоймай, бүгiнгi күн мәселелерiне жауап бере алады. Өйткенi оның шығармаларының тамыры тереңде, халық тағдырымен бiте қайнасып жатыр. Қаламгер қандай мәселенi көтерсе де арқауында шындық жатыр.
Әр жазушының жазу машығы, мақсаты мен мұраты, қаламына құт мәңгiлiк тақырыбы болады. Кекiлбаевты жиі толғандыратын тақырыптар: қоғам, мемлекет, мораль, философия, этика, адамгершiлiк мәселелерi. Олар мол бiлiм, жеткiлiктi тәжiрибе, тынымсыз iзденiс қажетсiнедi. «Қай-қайсысы да бай материалсыз адымыңды аттатпайды».