Мағжан Жұмабаев - ұлт ақыны
Мазмұны
Кіріспе 5
1 Мағжан Жұмабаев шығармалары 7
1.1 Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық ғұмырнамасы 7
1.2 Мағжан Жұмабаев шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері 11
1.3 Мағжан шығармаларындағы ұлттық идея 25
1.4 Мағжан шығармашылығының зерттелуі 34
2 Мағжан өлеңдеріндегі түркілік сарын мен ұлттық идея 42
2.1 М. Жұмабаев шығармаларындағы түркі тарихына қатысты деректер 42
2.2 Мағжан Жұмабаевтың кестелі өлең өрнегі 47
2.3 Мағжан өлеңдеріндегі түркілік сарын 58
2.4 Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңіндегі тілдік ерекшеліктер 65
Қорытынды 73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 75
Кіріспе
Қазақ халқы өз мемлекетін құрып, тәуелсіз ел болам деп талпынған ХХ ғасырдың басындағы кезеңде қазақ зиялылары ұлттық идеяны насихаттауда бағасыз еңбек сіңірді. Солардың ішінде Мағжан Жұмабаевтың алатын орны ерекше. Мағжан шын ақын, шығармашылық талғамы жоғары жазушы, өз халқының адал ұлы ретінде ұлттық идеяны өз шығармалары арқылы тарқатып отырды. Мәселен, оның Ақан сері тағдырын, Базар жырау өмірін зерделеген мақалаларында «қарашекпенділер», «гәуірлер» деген сөздер жиі кездесіп, олардың, яғни патшалық Ресей орыстарының қазақ жерін еш шайқассыз-ақ иемденіп кеткені, нәтижесінде жайлауы тарылған қазақ өз жерінде өгей баланың кебін кешіп отырғанын білдіретін ойлар айтылады. Өйткені ол кездегі жартылай көшпенді қазақтың жаны да, бары да мал еді.
1 Мағжан Жұмабаев шығармалары
1.1 Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық ғұмырнамасы
Қазақтың қара өлеңіне Абайдан кейін мазмұндық жағынан болсын, түр, сипат жағынан болсын мол жаңалық енгізіп, поэзияның эстетикалық сыршылдығы мен ішкі сезім әлемін барынша кеңейте түскен талантты ақын Мағжан Жұмабаевтың әдебиетімізде алатын орны ерекше.
М.Жұмабаев сол кездегі ұлттық шеңберден шығып жалпы түрік тұқымдас халықтардың сөз қасиетіне жаңаша бояу қосқан қайталанбас тұлға. Оның сыршылдық әлемі- Европалық озық үлгі мен шығыс поэзиясының мөлдір бұлағынан мейірін қандырып, мәуелі жеміс берген, өзгеше өрнек, өзінше үн. Мағжан «мені» шығыс пен батыс поэзиясының әдемі байланысы, ерекше түр алып, айшықты көрініс тапқан таңғажайып үндестігі. Келешек зерттеушілер сол әдемі үндестіктің сан құбылған сазын, сырын, кемпірқосақ бояуындай түр-түсін тереңдетіп зерттей беретіні кәміл. Мағжан әлемінің көкжиегі тым алыс. Оны қазіргі қолда бар өлеңдерін, прозасын оқып қана «білдім, таныдым, көз жеткіздім» деп жылы жауап қоя алмайсыз. Мағжан әлеміне қайта-қайта айналып соғып, таңғажайып сұлу, ішкі ырғағы мол, қасиеті ұйқасында емес, ой иіріміне сіңген әдемі жырларын рухани азық ете беретініміз ғасырдан ғасырға, Қазақ қауымы өлмесе – Мағжан әлемі тарылмайды. Мағжан көкжиегі бояуын кемітпейді [1.12].
1.2 Мағжан Жұмабаев шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері
Біз өзімізбен тұстас уақыттың оқиғаларын да, адамдарын да толық жетік біле бермейміз. Кейде жақында тұрған биік төбемен оған жалғаса тұрған таудың қарлы басы да бірдей сияқты. Қатар жүрген адамдардың да ұлы, кішісі жоқ. Ұлылық алыстаған сайын айқын көрінеді. Осы тұрғыдан қарағанда біз бүгінгі қайта құрылыс дәуіріндегі революциялық ұрандар мен істерді әлі толық танып болғанымыз жоқ. Ол ұрандар мен істерге әлі қуанып та үлгірген жоқпыз. Біз «Интернационал» гимнін айтқанда:
1.3 Мағжан шығармаларындағы ұлттық идея
Бұл тараушаны бастамас бұрын, алдымен Мағжан ақынның тергеу кезінде жауап берген сөздеріне көңіл бөлсек.
Онда тергеуші ақынның ұлтқа деген, ұлтшылдық көзкарасы туралы ойын ашып айтуды сұрайды. Көлденең қиын сауал қояды.
1.4 Мағжан шығармашылығының зерттелуі
Ташкентте 1923 жылы шыққан өлеңдер жинағына алғы сөз жазған Сұлтанбек Қожановтың басына пәле бұлтын төндіреді. 1924 жыл 24 қарашада Москвада оқитын қазақ жастары жиналып, іштерінде аты белгілі жазушылар да бар, Мағжанның бір жыл бұрын Ташкентте шыққан жинағын талқылайды, жаңа өлеңдерін оқиды. Сол жиынның қорытындысына қараңыз: алғысөз жазған Сұлтанбек Қожанұлы әйтеуір көңілжықпастықпен жаза салған, көп мақтаған, өлеңнің зиянды тұстарын көрмеген. Ал, Жұмабаев өлеңдерінен байшыл, ұлтшыл сарындарды байқамай өту мүмкін емес, ол ескі өмірді зар қағып аңсаумен болады. Бұл сөздер сол жиналыстың есебін басқан «Еңбекші қазақ» газетінен алынған.
2 Мағжан өлеңдеріндегі түркілік сарын мен ұлттық идея
2.1 М. Жұмабаев шығармаларындағы түркі тарихына қатысты деректер
Түрік – атты алып теректің тамырынан тараған қандас халықтардың қалыптасу – даму жолының өзіндік үлкен тарихы бар екендігі белгілі. Еліміз тәуелсіздігін жариялаған күні бірінші болып тәуелсіздігімізді тану арқылы Түрік мемлекеті өзінің қазақ халқымен түбі терең туысқандығын танытты деп қабылдадық. Осы терең тарихтың қойнауына енді ғана бойлап жатқан жайымыз бар. Ал отызыншы жылдардағы қазақ зиялылары бұл тақырыпқа сол кезде-ақ барған. Мәселен, араға көптеген жылдар салып халқымен қайтадан қауышқан Мағжанның отты жырлары осы ұмытылған тарихымызбен қайтадан қауыштырды. Мағжан қазақ тарихын былай бастайды:
2.2 Мағжан Жұмабаевтың кестелі өлең өрнегі
Профессор Шериаздан Елеукеновтің: «Әдебиет идеясы өмірден туындайды. Идеяны жеткізетін тіл. Ол суреткердің дүниетанымына сәйкес құйылады, саяси, философиялық, эстетикалық тұрғысына қарай өріледі. Тілі ғана пайдалы, басқасының мәні жоқ деуге келмейді. Әдебиеттің бір ғана таптың меншіктеуіне көне бермейтіні көркем идеяның тек саяси көзқарастан туындамайтындығында болса керек»,[31.5.]. -деген ойы поэзия әлемінде айрықша із қалдырған өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат еткен Мағжан Жұмабаев шығармаларын талдауға мұрындық болғандай.
2.3 Мағжан өлеңдеріндегі түркілік сарын
Мағжан Жұмабай – ұзаққа созылған бодандық кезенде келімсек отаршылдардың халық жадынан өшіруге тырысқан қазақ-түрік болмысы мен рухын сақтап қалуға бүкіл ғұмыры мен әдеби күш-жігерін арнаған ұлы тұлғалардың бірі.
Ұлы Ататүріктің атап көрсеткеніндей: «Түрік баласы ата-бабасын танып-білген сайын ұлы істер жасау жолында тек өз бойынан ғана күш-қуат табады».Бұл тұрғыда Мағжан Жұмабай түрік халқының танып-білуі тиіс ұлы перзенттерінің бірі болып табылады.
2.4 Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңіндегі тілдік ерекшеліктер
Мағжанға дейінгі, шамамен екі ғасырлық кезең патшалық Ресейдің Түркістан аймағын басып алу мақсатында жүргізген саясатында туған әрекетімен және Түркістан халқының оған қарсылық көрсетуімен өткен. Ғасырлар бойы кең жазира қала қанға бөгіп, ел қажып күйзеліп, халық жаны мен жүрегіне жара түскен. Ал Мағжан туған жылдары Түркістан аймағы түгелімен патшалық Ресейдің езгісінде болатын. Бірақ соған қарамастан Түркістанда қалыпты бір жүйе құрылмаған еді. Түркістан халқының патшалық Ресейдің жаулап алу саясатына қарсы жүргізген күресі енді саяси үстемдікке наразылық білдірген бітпес бас көтеруге айналды. Ал, бұл көтерілістерді патша әскерлері аяусыз басып-жаншып отырды. Мағжан Ресейдің Түркістан аймағында отаршылдық саясатын күшейту мен славян тектес көшпенділерді жаппай Түркістан территориясына қоныстандыруына қарсы Түркістан аймағының 1916 жылғы көтерілісіне де куә болды.
Қорытынды
Ұлттық идея Мағжан шығармаларына тән құбылыс екенін осы дипломдық жұмыс барысында зерделеп шықтым. Мағжан Жұмабаев – Кеңес үкіметі күшіне мінген, «ұлт» атаулыны жойып «кеңес» деген жалпы ұлттық идеяны енгізу кезеңінде қазақтың ғана емес, жалпы түркі тектес халықтың мұңын жырлаған ақиық ақын. Заман атты өзеннің ағысымен жүзіп, сол кездің саясатын жыр қылып, қазақи қасиетін ұмытқан ақын, жазушыларға ұқсамаған бірегей тұлға десе де болады. Мұндай пікірдің қалыптасуына, еліміз егемендік тұғырына мықтап мінген тұста Мағжан Жұмабаевтың өмір мен өнер жолын зерттеген ғалымдардың ақын туралы ой-пікірлері түрткі болып отыр. Осы дипломдық жұмыс барысында да, Мағжан Жұмабаевтың «Сталлиндік өлім машинасы» деген зұлмат атпен есте қаларлық жылдардағы ұлттық жоғын жоқтаған ақын болғандығына көз жеткізуге болады. Сонымен қатар, менің дипломдық жұмысымда ақынның қазақ қана емес, жалпы, түркі тілдес мұсылман бауырларымыздың арашалаушысы болғаны туралы айтылған.