Банк қызметіне баға берудегі өтімділік пен қабілеттілік
Мазмұны
Кіріспе 6
1 Банк өтімділігінің методологиялық негіздері 8
1.1 Коммерциялық банктің өтімділігі қаржылық-экономикалық категория ретінде 8
1.2 Өтімділік жағынан банктің қаржылық жағдайын бағалау 11
1.3 Банктің активін және пассивін талдау 16
1.4 Банктің өтімділік және төлемқабілеттілік коэффициенттерінің есебі және бағалауы 22
2 «БанкЦентрКредит» АҚ-ның өтімділігіне және төлемқабілеттілігіне баға беру 28
2.1 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның қаржылық қызметіне сипаттама 28
2.2 «Банк Центр Кредит» АҚ-ның өтімділігін талдау 35
2.3 Өтімділік коэффициенттерін бағалау және есептеу 40
3 Коммерциялық банктің өтімділігін басқару 44
3.1 Екінші деңгейлі банктердің өтімділігін реттеудегі ҚР-ның Ұлттық банкінің рөлі 44
3.2 Банктің өтімділігін басқару және оны жетілдіру жолдары 48
Қорытынды 58
Қолданылған әдебиеттер тізімі 60
Қосымша 62
Кіріспе
Банктегі өтімділік деңгейінің объективті бағасы және онымен тиімді басқару коммерциялық банк қызметінің маңызды аспектілеріне жатады. Өз уақытында төлемдерді жүргізуді жүзеге асыру, депозиттік шоттардан қаражаттарды қайтарып алу, басқа міндеттемелер бойынша жауап беру үшін банк өтімділікті қолдауға үлкен назар аударуы қажет. Бұл мәселе банктік менеджментте басты орын алады.
Өтімділік банк қызметінің негізгі сапалық сипаттамалардың бірі. Ол оның сенімділігі мен тұрақтылығын куәләндырады. Жалпы түсінікте өтімділік банктің уақытында, толық көлемде және шығынсыз барлық контрагенттердің алдында өзінің қарыздық және қаржылық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуге, сонымен қатар өз бойына алған міндеттемелер шегінде оларға қаражаттарды беруге мүмкіндігін білдіреді.
Банктің өтімділігі мен төлемқабілеттілігі оның тұрақтылығы мен қызмет етуге қабілеттілігі болып саналады, өйткені олардың деңгейлері жоғары болған кезде банк аз шығынмен келесі қызметтерді атқаруға күші бар:
1 Банк өтімділігінің методологиялық негіздері
1.1 Коммерциялық банктің өтімділігі қаржылық-экономикалық категория ретінде
Өндіріс дағдарысы, төлем дағдарысы, инфляция кезінде айқындалатын макроэкономикалық деңгейіндегі ірі мәселелеріне байланысты коммерциялық банктердің өтімділігін қалпында ұстау қиындатылады. Әрдайым өзгертілетін жағдайларда тиімді және тұрақты қызмет ету үшін коммерциялық банктің басқарушылары банктің қызметтік көрсеткіштерін талдауға және жүргізілетін операцияларға көп көңіл бөлу керек.
Банкте қаржылық талдауды жүргізуге үлкен мән беріледі, өйткені оның нәтижелері негізінде банктің басқармасы банкпен өткізілетін және өндірілетін болашақ саясатты бағалайды, операциялардың бөлек түрлерінің тиімділігін бағалайды және оның жаңа түрлерінің дамуын жобалайды. Сонымен, банктің басқармасы қаржылық талдаудың нәтижелеріне қарап банктің қаржылық жағдайының тұрақтандыру үшін шараларды қолданады.
Өтімділікке баға беру банк балансының өтімділігінің нашарлауын көрсететін нақты және қарымды тенденцияларды анықтауға, жағымсыз тенденциялардың дамуын шақырған факторлардың талдауын жүргізуге және жағдайды түзету үшін сәйкес шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Банктік өтімділікті бағалаудың келесі негізгі мақсаттарды бөлуге болады:
1.2 Өтімділік жағынан банктің қаржылық жағдайын бағалау
Өндіріс дағдырысы, төлем дағдырысы, инфляция кезінде айқындалатын макроэкономикалық деңгейдегі ірі мәселелеріне байланысты коммерциялық банктердің өтімділігін қалпында ұстау қиындатылады. Әрдайым өзгертілетін жағдайларда тиімді және тұрақты қызмет ету үшін коммерциялық банктің басқармасы банктік қызметтік көрсеткіштеріне талдауға және жүргізілетін операцияларға көп көңіл бөлу керек.
Банкте қаржылық талдауды жүргізуге үлкен мән беріледі, өйткені оның нәтижелері негізінде банктің басқармасы банкпен өткізілетін және өндірілетін болашақ саясатты бағалайды, операциялардың бөлек түрлерінің тиімділігін бағалайды және оның жаңа түрлерінің дамуын жобалайды. Сонымен, банктің басқармасы қаржылық талдаудың нәтижелерінен қарап банктің қаржылық жағдайын тұрақтандыру үшін шараларды қолданады.
1.3 Банктің активін және пассивін талдау
Анықтама бойынша коммерциялық банктің өтімділігі бұл пассив бойынша міндеттемелерді ақшалай формада уақытында орындауды қамтамасыз ету қабілеттілігі, сондықтан ол баланс активі мен пассивінің баланстануын анықтайды, яғни орналастырылған активтердің және банкпен тартылған активтерінің мерзімі мен соммалары бойынша сәйкес келуін көрсететеді. Өтімділікті қамтамасыз ету үшін банкке пассивтерді талап ету кезінде өз құнын жоғалтпай активтерді тез ақшалай қаражатқа айналу мүмкіндігін беретін баланс құрылымын құрастырыру қажет.[8] Сонымен банк активтері мен пассивтерінің құрылымдық талдауы оның өтімділігін талдаудың ажырамас бөлігі болып табылады.
1.4 Банктің өтімділік және төлемқабілеттілік коэффициенттерінің есебі және бағалауы
Қоғамның банктік жүйеге сенім білдіруінің негізгі талабы – салымшылардың кез – келген уақытта өз салымдарын қайтарып алу мүмкіндігінің болуы және ақшасын осы банкіге сала отырып, ешбір тәуекелге бармау жайлы сенімінің болуы. Осылайша, салымшыларда бақылау органдары, банк басқарушылары және тәуелсіз аналитиктер сияқты, банк капиталының өтімділігі жайлы заңды мүдделері бар.[6]
Банк қысқа мерзімді салымдар қабылдап, қысқа мерзімді займдар беріп, капиталы банктер арасында баяу немесе мүлдем қозғалмаған жағдайдағы қарапайым банктік жүйеде өтімділікті төменде берілген ара – қатынастар көмегімен оңай өлшеуге болады.
Коэффициенттік талдау банк қызметін сандық талдаудың бір түрі болып табылады және тәжірибеде өтімділікті талдау кезінде оны пайдалану өте маңызды.
2 «БанкЦентрКредит» АҚ-ның өтімділігіне және төлемқабілеттілігіне баға беру
2.1 «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның қаржылық қызметіне сипаттама
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 1988 жылдың 19 қыркүйегінде құрылды және Қазақстандағы коммерциялық банктердің алғашқысының бірі болып табылады.
1991 жылыдың тамыз айында Банк Алматы Орталық кооперативті банктен Қазақ Акционерлік ЦентрБанк жаңа атауымен қайта тіркелді.
1993 жылы Банк Қазақстандық Қор биржасының мүшесі болды.
1994 жылдан бастап Банк Қазақстанда шағын және орта бизнестің дамуына қолдау көрсету бағытын алды.
1996 жылдың қараша айында Банк «Банк ЦентрКредит» ашық акционерлік қоғамы ретінде қайта тіркеуден өтті.
Банктiң корреспонденттiк жүйесi 40-қа жуық шетел банктерді қамтиды. Мысалы: Австрия, Германия, Франция, АҚШ, Түркия, Ресей, Украина, Қырғызстан елдерінің банктерi және т.б.
«Банк ЦентрКредит» АҚ-ы Орта Азия және Қазақстан аймақтары бойынша Western Union ақшалай аудару жүйесін тарату өкілінің бірі болып саналады. Сонымен қатар ЕБРР несиелік бағытын ұйымдастыру бойынша агенті болды, оның алғашқы несиелік қоржының көлемі 54 млн. доллар құрады.[31]
2.2 «Банк Центр Кредит» АҚ-ның өтімділігін талдау
«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның бухгалтерлік балансына, яғни активтерге және пассивтерге талдау жасайық. Өйткені банктік қызметті талдау үшін ақпаратты алуда негізгі қайнар көзі банк балансы болып табылады. Өтімділік көрсеткіштерін талдау банк балансын талдау кезінде алынатын ақпаратқа негізделеді.
«Банк ЦентрКредит» АҚ-на өтімділікті қамтамасыз ету үшін пассивтерді талап ету кезінде өз құнын жоғалтпай активтерді тез ақшалай қаражатқа айналу мүмкіндігін беретін баланс құрылымын құрастырыру қажет. Сондықтан банк активтері мен пассивтерінің құрылымдық талдауы оның өтімділігін талдаудың ажырамас бөлігі болып табылады.
2.3 Өтімділік коэффициенттерін бағалау және есептеу
Коэффициенттік талдау банк қызметін сандық талдауының бір түрі болып табылады. Сондықтан тәжірибеде өтімділікті талдау кезінде оны қолданудын мәні өте зор.
Коэффициенттік талдау баланс статьялардың, топтардың арасында сандық байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен белгілі статьяның активтің(пассивтің) жалпы көлемінде алатын үлесін анықтауға болады.
Банктің өтімділігін талдауда келесі коэффициенттер табылады: лездік өтімділік коэффициенті, ағымды өтімділік коэффициенті, ұзақмерзімді өтімділік коэффициенті және жалпы өтімділік коэффициенті. Оларды табы формулалары жұмыстың бірінші бөлімінде көрсетілген.
Өтімділіктің алғашқы үш коэффициенті банк өтімділігін міндеттемелерді өтеу мерзімі есебімен сипаттайды.
Банктің лездік өтімділік коэффициентін (2) формула арқылы анықтайық.
2007 жылы:
3 Коммерциялық банктің өтімділігін басқару
3.1 Екінші деңгейлі банктердің өтімділігін реттеудегі ҚР-ның Ұлттық банкінің рөлі
Жоғарыда айтылғандай, қоғамның банктерге сенімі нәзік, әсірісе банктер апатқа ұшырауға дайын тұрады. Банктердің мұндай «қирауға» әзірлігі келесі белгілермен сипатталады:
• Левередждің жоғары дәрежесі;
• Толыққанды емес ашықтық;
• Міндеттемелер мен қаражат салу мерзімдері арасындағы сәкессіздік;
• Жүйелік банкротқа ұшырау;
• Есептеу тәуекеліне ұшырау.
Депозиттік қорының кеңдігі арқасында коммерциялық банктерге капиталға тартылған қаражаттардың жоғары деңгейі тән. Осылайша тәуекелдерді жаба алатын қолма – қол капиталдың деңгей төмен.
3.2 Банктің өтімділігін басқару және оны жетілдіру жолдары
Банктегі өтімділік деңгейінің объективті бағасы және онымен тиімді басқару коммерциялық банк қызметінің маңызды аспектілеріне жтады. Өз уақытында төлемдерді жүзеге асыру, депозиттік шоттардан қаражаттарды қайтарып алуға, басқа міндеттемелер бойынша жауап беру үшін банк өтімділікті қолдауға үлкен назар аударуы қажет. Бұл мәселе банктік менеджментте басты орынды алады.
Банк-басшылығының алдында мынадй сұрақтар туындайды: оның өкімінде бар қаражаттарды нарықта қандай қаржылай құрал-саймандарға, қандай мерзімге және қандай тәукелмен немесе бір жағынан, салымдардың тиімді табыстылық деңгейімен қамтамасыз ете алатын, ал екінші жағынан – осы кезде және болашақта міндеттемелер бойынша жауап беру үшін өтімді қаржаттардың жетіспеушілігіне ұшырамау үшін қарыздық қаражаттардың қандай ағымы керек екен.
Қорытынды
Қазіргі кезде өтімділік банктік қызметте негізгі түсініктерінің бірі болып табылады. Өтімділік коммерциялық банктердің тұрақтылығы мен сенімділігінің негізінде жатыр, өйткені ол оның төлемқабілеттілігі үшін жағдайларды туғызады.
«Өтімділік» түсінігі жүзеге асыру, сату, материалды құндылықтардың және т.б. активтердің ақшалай қаражаттарға айналу жеңілдігін білдіреді. «Төлемқабілеттілік» түсінігі банктің ақшалай сипатта болатын саудалық, несиелік және т.б. операциялары бойынша міндеттемелерін толық және уақытында орындау қабілеттілігін білдіреді. Сондықтан өтімділік банк сенімділігі мен төлемқабілеттігінің қажетті және міндетті шарты ретінде болады.(сурет 7)
Қосымша
Қосымша 1
«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның бухгалтерлік балансы
Қосымша 2
«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның қызметінің нәтижелері