Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиет

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Қазақ ақын-жазушыларының шығармаларындағы тәрбиелік мәні


Мазмұны
Кіріспе 4
1 Бабадан қалған - асыл сөз 6
1.1 Шешендік өсиеттегі тәлім- тәрбие 6
1.2 Қазағымның салт- дәстүрлері-ай! 11
1.3 Абай – дана, Абай – дара тұлға 15
2 Ыбырай салған сара жол 20
2.1 Ыбырайдың тәлім-тәрбиесі 20
2.1 Міржақып Дулатұлы – кемеңгер ақын 23
2.2 Мұхтар Шаханов – заңғар ақын 24
Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 26

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Курстық жұмыстың өзектілігі ұрпақ тәрбиесін дамытып, қадағалау және жастарға үлгі - өнеге боларлық сабақ беру. Ұрпақ тәрбиесі, бүгінгі қоғамға лайықты азаматтар тәрбиелеу – күрделі мәселелердің бірінен саналатын үлкен жауапкершілікті, жан – жақтылықты талап ететін үрдіс. Өзгерістер мен жаңалықтарға толы мерзімде болашақ азаматтарға білім мен тәрбие беру мекемелерінің алдында жауапты міндеттер тұр.

1 Бабадан қалған - асыл сөз
1.1 Шешендік өсиеттегі тәлім- тәрбие
Сайын дала төсінде мал- жан, тіршілік қамымен көбінесе аттың жалы, түйенің қомында көшіп – қонып жүрген дарынды халқымыз көршілес батыс – шығыс елдеріне қарағанда жазу – сызу мәдениеті кенжелеу дамығанымен, мазмұны мен сапасы, көлемі жағынан алғанда қай халықтікінен болса да кем түспейтін, олқы соқпайтын орасан бай ауыз әдебиетін жасады. Тумысынан ойшыл, дана халқымыз өзі өмір сүріп отырған орта, саялы табиғат, тұрмыс – тіршілік болмысын, ел – жұрт арасындағы қарым – қатынас, ел басынан өткен қилы – қилы кезеңдерді,жақсы – жаман жағдаяттарды ой – сана елегінен өткізіп, оған деген өзінің көзқарасын білдірді. Халықтың өмірі, тарихы, елдің тұрмыс – тіршілігі қазақ көкірегінен жыр – дастан, өлең - ән, ертегі – аңыз, күмбірлеген күй болып төгіледі. Табиғатынан көзі ашық, көкірегі ояу, өзінің кең – жазира туған даласындай дарқан дарынды ойын- сауықшыл халқымыз осы баға жетпес қазынаны киелі дүниедей қастерлеп, ұрпақ санасына сіңістіріп, болашаққа мәңгі өлмейтін мұра қалдырды. Барша қазақ тәрбиесінің түп қазығы саналатын осы теңдесі жоқ қазына бүгін халқымыздың рухани сусындайтын шалқыған шалқар дариясына айналып отыр. Сондай – ақ тәрбие діңгегі шешен – билер жазып қалдырған осынау шешендік шиырлары жинағында қамтылған. Көнеден қалған тәрбиені бүгін біз қандай дәрежеде сақтап келеміз немесе бүгінгі қоғам көнені керек етпей ме? Қоғамның дамып, өркендеуінде әрине тәрбиенің алатын орны зор. Сондықтан да шешен – билердің еңбектеріндегі тәрбие жайлы өсиеттерін талдап өтсек.

1.2 Қазағымның салт- дәстүрлері-ай!
Қазақ халқының салт- дәстүрлері ежелден келе жатқан ұлттық
мәдениеттің бір бөлігі екендігі. Ғасырлар сыннан ерекшеліп, ұрпақтан- ұрпаққа ұласып келе жатқан салт- дәстүрлердің озық үлгілері жеке тұлғаның жан- жақты дамуына септігін тигізеді. Бүгінгі таңда қазақтың халықтық салт- дәстүрлерін жинақтап зерттеудің, оның айналасындағы тәлім- тәрбиесі, мол тәжірибесі негізінде жасөспірімдерді тәрбиелеудің қажеттігі өсе түсуде.Сондай қажеттіліктердің бірі – қазақ халқы дәстүрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесінде шығармашылық пен қолдану жүйесін қалыптастыру болып табылады. Салт- дәстүр тәрбиесінің нәтижелі болуы өмірде күнделікті пайдалана алу іскерлігі мен дағдысынан көрінеді. Қазақтың ұлттық дәстүрлері өзінін бай тарихы, терең мазмұны, сан алуан ерекшеліктерімен тәрбиеші мен тәрбиелеушіге рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интелектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түсетіні сөсіз.
Қазақ халқының ұлттық салт- дәстүрлерін шығармашылықпен қолдану жүйесін қалыптастыру арқылы ұлттық санасы биік, үлкен өркениеттің көшіне ілесер жан- жақты жетілген, заман талабына сай тұлға тәрбиеленуі.

1.3 Абай – дана, Абай – дара тұлға
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма.
«Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шам – шырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апратын жолда өз халқына талмастан көрсетті.

2 Ыбырай салған сара жол

2.1 Ыбырайдың тәлім-тәрбиесі
Халқымыздың рухани өмірі аспанында халықтар достығының қайнар бастауында мәңгілік жарқырап тұрған үш жарық бар. Сол үштің бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол – тұңғыш ағартушы – педагог, тамаша тарихшы, қазақтың алғашқы филологы,тұңғыш қазақ алфавитімен хрестоматиясының авторы.Мұны бүгін біз айтып отырған жоқпыз, оны бізден бұрын орыс оқымыстылары,кемеңгерлері айтып кеткен. «Ибраһим Алтынсарин –қазақ ағарту ісінің әулиесі »,- деп бағалаған да солар.
Алтынсариннің ағартушылық пікірлері негізінен қазақ халқының экономикалық және мәдениеттік мешеулігін жоюға бағытталған.Бұл қазақ халқының өркендеген халықтардың қатарына жеткізуді арман етті.
Еңбекті сүю және қадірлеу- Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет ретінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді.

2.1 Міржақып Дулатұлы – кемеңгер ақын
Міржақып – зор ақын. Жақсы туындылары – халық даналығынан нәрленіп, шабыты шарықтаған кезде туған дүниелер. Міржақып өз заманында талант бұлағы кең ашылып, поэзия кеңістігінде құлашты мол сілтеп, төбе – төбе туындылар берді. Міржақыптың шығармалары қазақ әдебиетінің жаңа дәуірін бастайды. Ақын алғашқы рет лирикаға азаматтық, сын мен әдебиеттану ғылымы саласында да жаңа шығармалар туғызды. Жас ұлттық әдебиетіміздің дәуірін тәрбиелеп өсіруге көп күш жұмсады. Ақынның өлеңдері бүгінгі қоғамға қажет туындылар. Сондықтан ақынның өлеңдеріндегі тәрбиеге қатысты жолдарын талдап өтсек.

2.2 Мұхтар Шаханов – заңғар ақын
«Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы, қиыннан қиыстырар ер данасы» демекші, «өлең»атты патшалықта өзіндік сара жолы бар, заманымыздың заңғар ақыны Мұтар Шаханов.
Мұхтар – ірі тұлға. Ол осы кездегі өмір шындықтарына үңіле қарап, әрқайсысына өзінше баға беріп,көптеген мәселелерді ел тілегімен қабыстырмақ болды. Сол арқылы өз кезегіндегі болып жатқан қоғамдық құбылыстарды көре де, оның ел өміріне тигізер ұлы зардабын сезіне де білді.
Мұхтар – тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан – тәнімен нәзік сезінетін жалынды ақын, драматург, сазгер әрі қоғам қайраткері.
Мұхтардың «Арман» өлеңі[21, 185]: