Әл – Фараби және оның шығармаларындағы әлеуметтік – құқықтық ойлар
Әбу –Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Излағ ибн Тархан Әл – Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңiрдегi Фараб қаласында дүниеге келді. Туған жері қазақтың қаласы Отрарды арабтар Барба – Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу – Насыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр аталып кеткен. Бұл қаланың орны қазiргi Отрар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында.
Сол тұста өмір сүрген зерттеушілердің қалдырған нұсқаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Отырарға орта ғасыр ғалымдарының көп назар аударғанын біз тарихтан жақсы білеміз.
Қайырымды қаланың қайырымды билеушісі туралы айта келіп, Әл-Фараби қала тұрғындарының игілікті өмір сүруі билік өнеріне тікелей қатысты деп ой түйеді. Ол өзінің қарамағындағы халыққа философияның ақиқат анық қағидаларын ұғындыра білетін философ басқаратын ежелгі грек ойшылдарының “қайырымды қала туралы” ілімін одан әрі дамытты. Аристотельдің этикалық ұстанымдарын басшылыққа алған отырарлық ойшыл Платонның салған iзiмен жүрді. Қалаларды әртүрлі категорияларға жіктеген Әл-Фараби оның негізгі екі түрін қайырымды және қайырымсыз қалаларды бөліп көрсетеді.
Бүкіл араб саяси философиясында саясатқа көзқарас оның адамгершілік мазмұнымен сипатталады. Осы жағынан алып қарағанда саясат “саяси адамгершілік философиясы” ретінде көрінеді. Сондықтан Әл-Фараби саясаттың басты мақсаты адамдарды бақытқа жеткізу, игілікпен жеткізу деп санайды.
Қайырымды қаланың орнығуында Әл-Фараби мұсылман құқығының принциптерін талап етпейді, оны ақыл-парасаттың дамуы мен қайырымдылықтың нығаюымен байланыстырады. Ол тұжырымдаған жағдайдың бәрінде мұндай қала билеушілер моралъдық-этикалық қалыпқа сай болып келеді, олардың ешқайсысының исламға тікелей қатысы жоқ. Бірақ Араб халифаты заманында өмір сүрген Әл-Фараби өзінің зерттеулерінің тақырыптық шеңберінде саясатты мұсылман құқығы доктринасымен, діни догматик асымен бір қатарға қояды. Дегенмен, грек философиясының ықпалын терең сезінген ол бұл бағытта түбірлі бетбұрыс жасамайды.