Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қылмыстық құқық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 31 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар


Жоспар
1 Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар 3
1.1 Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және белгілері 3
1.2 Қызметтік өкілетті теріс 4
1.3 Билікті немесе қызметтік өкілетті асыра пайдалану 10
1.4 Лауазымды адамның өкілеттігін иемдену 13
1.5 Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу 15
1.6 Пара алу 16
1.7 Парақорлықтың ұғымы 3 қылмыс құрамымен түсіндіріледі 17
1.7.1 Пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу 17
1.7.2 Лауазымды адамның заңсыз әрекет (әрекетсіздігі) үшін пара алуы 20
1.7.3 Пара беру 21
1.7.4 Парақорлыққа делдал болу 24
1.7.5 Қызметтік жалғандық жасау 25
1.7.6 Қызметтегі әрекетсіздік 28
1.7.7 Салақтық 29
Әдебиеттер 31

1 Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар
1.1 Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және белгілері
Қоғамымызда орын алған күрделі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістердің нәтижесінде лауазымды адамдардың қылмыстары мемлекеттік органның аппараты жүйесінде немесе коммерциялық және өзге де ұйымдар жүйесінде істелетіні айқындалды. Осыған орай бұрынғы Кодекстегі лауазымдық қылмыстар деген тарау лауазымды адамдардың қызмет бабын пайдалана отырып істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінің мәніне қарай коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы және мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар болып жеке екі тарауға бөлінеді.

1.2 Қызметтік өкілетті теріс
Қызметтік өкілетті теріс пайдалану қызметтік қылмыстардың неғұрлым кең тараған түрі. Ол көптеген жағдайларда лауазымды адамның қылмыстық әрекетінің бастамасы, басқа ауыр қылмыстар жасаудың тәсілі де болып табылады. Бұл қылмыстың мәні мынада, лауазымды тұлға өзіне берілген қызметтік өкілетті пайдалана отырып, мемлекеттік аппарат жүйесіндегі құқық пен өкілетті зұлымдық жолына қолданады. Оның қауіптілігі сол, лауазымды тұлға өзінің қызметтік өкілетін қызметтік мүддеге қарама-қайшы қылмыстық жолмен пайдалана отырып, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтіреді.

1.3 Билікті немесе қызметтік өкілетті асыра пайдалану
Билікті немесе мемлекеттік өкілетті асыра пайдалану қызметтік өкілетті теріс пайдаланудың айрықша түрлерінің бірі болып табылады. Қылмыстың бұл түрінің қызметті теріс пайдалану құрамынан (ҚК-тің 307-бап) айырмашылығы мынанда: қызметті теріс пайдалану кезінде заңсыз әрекет лауазымды тұлғаның әдеттегі қызмет шеңберінде жасалады, ал асыра пайдалануда, керісінше, әрекет құқық пен өкілеттің осы шеңберінен ашықтан-ашық асып кетеді.

1.4 Лауазымды адамның өкілеттігін иемдену
Мемлекет мемлекеттік аппараттың өздерінің қызметтік өкілетін теріс пайдаланылатын лауазымды тұлғаларымен қалай күрессе, лауазымды тұлғаның атағын өз бетінше иемденуге тырысатын өзге қызметкерлермен де солай күреседі. Шындығында осындай әрекеттер мемлекеттік аппараттың қалыпты дұрыс жұмысын бұзады және сонымен азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің мүддесіне елеулі түрде зиян келтіреді. Мемлекеттік аппараттың жекелеген буындарының қалыпты дұрыс қызметі түсіндіріліп отырған құрамның объектісі болып табылады.

1.5 Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу
Кәсіпкерлік қызметтің саласында, егер оған заңмен тыйым салынбаған болса, шектеу қойылмайды. Түсіндіріліп отырған қылмыстың объективті жағы-субъектінің әрекеті осы ұйымға жеңілдік және артықшылық берумен немесе оған басқа нысанда қамқоршы болумен байланысты жағдайда, не лауазымды тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйым құруымен, не соған қатысты тыйым салынғандығына қарамастан осындай ұйымды басқаруға қатысуымен түйінделеді.

1.6 Пара алу
Қоғамымызға парақорлық қандай зиян келтіріп отырғаны белгілі. Бұл лауазымды қылмыстардың өте қауіпті түрі болып табылады. Оның қауіптілігі пайдақорлық ниетпен жасалынатын қылмыстармен араласып, қосылып жасалуында (көбіне ұрлықпен). Парақорлық мемлекеттік аппарат қызметінің дұрыс жұмыс істеуіне бөгет жасайды және олардың беделін кетіруге, өкімет және атқару органдарының қызметінде әділдік қағидасын бұзуға әкеліп соқтыралы.

1.7 Парақорлықтың ұғымы 3 қылмыс құрамымен түсіндіріледі
1.7.1 Пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу
Лауазымды адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер мұндай іс-әрекет (әрекетсіздік) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер мұндай іс-әрекет (әрекетсіздік) лауазымды адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сондай-ақ жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол берсе-ол Заңға сәйкес пара алу деп танылады.

1.7.2 Лауазымды адамның заңсыз әрекет (әрекетсіздігі) үшін пара алуы
Мысалы: лауазым адамы пара алып қылмыс болып табылмайтын заңға сыйымсыз іс-әрекеттерді істейді. Кезексіз пәтер беру; жұмысқа мас болып келгендігіне шара қолданбау; ұсақ ұрлығы үшін адамды тәртіпке шақырмау т.б. Мұндай әрекеттер үшін кінәлы адам Қылмыстық Кодекстің 311-бабының 2-тармағы бойынша жауапқа тартылады.

1.7.3 Пара беру
Жаңа Қылмыстық кодексте бұл қылмыстың мазмұны ашып көрсетілмеген. Заңда лауазымды адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру деп қана көрсетілген (312-бап) Объективтік жағынан пара беру:

1.7.4 Парақорлыққа делдал болу
Бұл қылмыс үшін жауапкершілік Қылмыстық Кодекстің 313-бабында көрсетілген. Осы қылмыстың объективті жағы парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушіден немесе алушыдан сыйақы алғанына қарамастан танылады. Делдалдық пара беру мен алуды жалғастыратын ерекше түрі-жеке қылмыс құрамына бөлінген. Бұл пара беру мен алудың келісім немесе нақты әрекеттермен жетістікке жету арқылы, делдал өзінің бастамасымен емес, пара беруші мен алушының сұрауы немесе тапсырмасы арқылы тікелей пара береді.

1.7.5 Қызметтік жалғандық жасау
Бұл қылмыстың мәні-түпнұсқа құжаттың мазмұнын өзгертуге не жалған жасанды ресми құжатты түгелдей жасау немесе беру болып табылады. Жаңа Қылмыстық кодекс бойынша қылмыстың негізіне-ресми құжаттар жатады. Ресми құжаттар деп мемлекеттік өкімет органдары берген және белгілі бір құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын, заңдық мәні бар белгілі бір фактілерді, оқиғаларды, өзге де жағдайларды куәландыратын жазбаша актілер түсініледі.

1.7.6 Қызметтегі әрекетсіздік
Қызметі бойынша қылмыстық әрекетсіздіктің мәні лауазымды тұлға пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке мүдделілікпен өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауы, соның нәтижесінде заңда көрсетілген зардаптар туындауымен түсіндіріледі. Қызмет бойынша әрекетсіздіктің белгілері мыналар болып табылады:

1.7.7 Салақтық
Талданып отырған қылмыс лауазымды тұлғаның қызметке адалдық тұрғысынан қарамауы немесе қалай болса солай қарауының нәтижесінде өзінің қызметтік міндеттерін атқармауы немесе тиісті дәрежеде атқармауынан болады. Қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде атқармау деген-лауазымды тұлғаның тиісті, қызметтік талаптарға сәйкес қызметтік міндеттерді кешіктіріп,белгіленген мерзімдерді бұзып орындау әрекеті.