Коммерциялық банктің депозиттік саясаты
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері 5
1.1 Депозит коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі ретінде 5
1.2 Банктік депозиттердің классификациясы 8
1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының негіздері 12
2 «АТФ БАНК» АҚ-ның депозиттік саясаты 17
2.1 АТФ Банк қызметінің жалпы сипаттамасы 17
2.2 АТФ Банкі депозиттік саясатының негізгі қаржылық көрсеткіштері мен қызметін талдау 19
3 «АТФ Банк» АҚ-ның депозиттік саясатын жетілдіру құралдары 23
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30
КІРІСПЕ
Коммерциялық кәсіпорын түрлерінің бірі ретінде банктік мекеменің өзіндік ерекшелігі оның ресурстардың басым бөлігі меншікті құралдардан емес, тартылған құралдардан құрылуында. Қаражаттарды тартуда банктердің мүмкіндіктері шектеулі және кез келген елде Орталық Банк тарапынан реттемеленеді. Банк капиталының мөлшері мен тартылған қаражаттар көлемі арасындағы ара қатынасты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі міндетті экокнкомикалық нормативтер арқылы реттейді.
Барлық банктік саясаттың маңызды құрамдас саясаты – бұл ресурстық базаның қалыптасу саясаты. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді ойнайды. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі бәрімізге белгілі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлуетін өсіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.
1 Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері
1.1 Депозит коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі ретінде
Банктік депозит (латынан depositum- сақталуға берілген зат) – бұл банкке клиеттердің уақытша бос ақшаларын беру жөніндегі экономикалық қатынас. Алайда депозит терминін түсіндіретін анықтамалар көп. Әлемдік тәжірибеде депозит - бұл заңды және жеке тұлғалардың құралдарды салу мерзіміне тәуелсіз қаржылық институтқа салу. Ал Казахстанда заңды тұлғалардың салымдары депозит, ал жеке тұлғалардың– салымдар деп аталады. Есеп-айырысу және ағымдағы шоттардағы қалдықтар депозит болып саналмайды .
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталымен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі: біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражат сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл слымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материялдық объектілерінде орналастырылған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктарге меншікті капиталдың тартылған өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. [1]
1.2 Банктік депозиттердің классификациясы
Банктік депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: ақшаны алу нысыны бойынша, салымшылар категориясы бойынша, мақсаттық арналуы және табыстылық дәрежесі бойынша.
1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының негіздері
Банк жүйесінде аса жоғары бәсекелестік шарттарында коммерциялық банктер халықтың жинақтарын тарту бойынша белсеңді қарекетті жургізуде. Қарекетті тиімді әрі ойдағыдай жүргізу үшін банктер бәсекелестік шарттарындағы даму жолдарын дайындау керек.
Кез келген жағдайға бейімделу, банк құралдарын тиімді басқару және нарықтық ағымдарды айқын көру – бұл қазіргі уақытқа сай экономиканың даму шарттарындағы коммерциялық банктерге талаптарының кейбіреулері болып табылады. Тұрақты банк жүйесін құру республика халқының сенімділігін арттыруға және халықаралық қаржылық нарықтарға аса қарқынды интеграциялануға мүмкіндік береді.
Осылайша, депозиттерді тарту бойынша коммерциялық банк қаректіндегі анализ бар мәселелерді жақсы танып білуге және одан әрі стратегиялық даму бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.
Депозиттік нарықтың даму мәселелерін анықтау мақсатында SWOT-талдау жүзеге асырылды. SWOT-талдау - бұл депозиттік операцияларды жүргізуде әлсіз және күшті жақтар, мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау.
2 «АТФ БАНК» АҚ-ның депозиттік саясаты
2.1 АТФ Банк қызметінің жалпы сипаттамасы
Экономиканың кез келген субъектісініңқызметінің нақты бағытын талдаудан бұрын, оған қысқаша сипаттама беру қажет.
«АТФ Банк» АҚ 1995 жылдың маусым айында құрылды. АТФ Банк құрылғанынан бастап-ақ әмбебап банк ретінде дамыды. Осындай саясат арқасында банк қазіргі уақытта банктік секторда орнықты жайғасымдарды иеленеді. Қазақстандық банктер ішінде АТФ Банк қызмет көрсетудің жоғары сапасын иеленетін дегдарлы сақтанымпаз несиегер болып саналады.
Алғашқы уақытта «АТФ Банк» жабық акционерлік қоғам ретінде Ұлттық Банкте тіркелген. 1995 жылы қараша айында банктік заңнамада ескерілген операцияларды жүзеге асыру үшін №59 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің генералды лицензиясын алды. 2001 жылдың сәуір айында «АТФ Банк» өзінің ұйымдық-құқықтық нысанын өзгертіп, ашық акционерлік қоғамы ретінде қайта тіркелді.
2.2 АТФ Банкі депозиттік саясатының негізгі қаржылық көрсеткіштері мен қызметін талдау
АТФ Банктің депозиттік саясат облысында маңызды бағыт болып халықтың уақытша бос ақша қаражаттарын депозитке тарту табылады. Банк 6,9 айға қысқа мерзімдік депозиттерді тартуға тырысады, өйткені бұл мерзімдер клиентураны несиелендіру бойынша мерзімдермен жақсы байланыстырылады. осындай депозиттердің басымдылығының басқа факторы мынада: банктік операциялар табыстылығына қатысты қысқа мерзімдік болжауларды жасау оңай және cәйкесінше қаржылық нарық конъюктурасына тез бейімделу жеңілге түседі. Депозиттік қызмет көрсету жүйесінде салымдардың қосалқы жүйесі өте икемді және кез келген салымдарға келтірілуге қабілетті. Банк депозиттердің жаңа түрлерін жасау жұмысын жүргізуде.
3 «АТФ Банк» АҚ-ның депозиттік саясатын жетілдіру құралдары
Ақша қаражаттарды тартуда таңдау құқығы қашанда клиенттерде болады. Сондықтан банктер салымшылар үшін өте қатаң бәсеклестік жүргізеді. Банк үшін оларды жоғалту өте қиын жағдай. Өйткені банктің қаржылық қажеттілігінің 75-90%-ын тартылған қаражаттар құрайды.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер алдында пайда болатын мәселелердің бірі – ресурстық базаның қалыптасуы болып табылады.
Ресурстық база микроэкономикалық фактор ретінде коммерциялық банктердің өтімділігі мен төлемқабілеттілігіне тікелей әсер етеді. Коммерциялық банк қызметінің масштабтары мен табыстың мөлшері банк әртүрлі ресурстар нарығында, әсіресе депозиттік нарықтарда алатын ресурстар көлеміне қатал тәуелді. Осыдан банктер арасында ресурстарды тартуда бәсекелі күрес пайда болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Коммерциялық банктерде активті операцияларға қатысты пассивті операциялар бастапқы рөлді иеленеді. Дәл солардың арқасында банктің келешектегі инвестициялық қызметі үшін қаражатты тарту жүзеге асырылады.
Банктер үшін депозиттік базаны нығайту өте қажетті. Жалпы салымдар көлемінің ұлғаюы мен заңды және жеке тұлғалар салымшылардың ауқымының кеңейуі арқылы депозиттік операцияларды ұйымдастыру мен салымдарды тартуды ынталандыру жүйесін жақсартуға болады. Бұған талап етуге дейінгі заңды және жеке тұлғалардың депозиттік шоттарын ұлғайту арқылы, клиенттердің талабын толық қанағаттандыратындай қызметті жақсарту және банкке қаражаттарды салуға ынта тудыру арқылы жетуге болады.
Депозит негізінен банкке белгілі уақытқа сақтауға, қолдануға берілген ақша қаражат. Банк депозиттік опреацияларды атқара отырып, өзінің экономикадағы ролін, қызметін және табысын жақсарта алады. Сондықтан банктер депозиттік операцияларды жүргізуде әртүлі әдістер мен жаңа операйиялар енгізе отырып, ақшаны салымға тартуда келесі салым түрлерін ұсынады; талап етуге дейінгі, мерізімдік және жинақтық депозиттер. Осыларды жетілдіре отырып өз көздеген мақсаттарына жетуге тырысады.