Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Туризм

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 23 стр.

Полный просмотр работы

Туризмнің даму тарихының кезеңдері


Жоспар
І. ТУРИЗМ ТАРИХЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ 3
1.1 Туризм тарихының нысаны мен пәні 3
1.2 Туризм тарихының мақсаттары мен міндеттері 4
1.3 Туризм тарихын зерттеудің тәсілдері 5
1.4 Туризм тарихы курсын кезеңдестіру және құру 7
ІІ. ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ 9
2.1 ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм. Ежелгі туризм 9
2.2 Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм 13
2.3 XVII және XVIII ғасырлардағы туризм 15
2.4 ХІХ – ХХ ғасырлардағы – Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм 16
2.5 Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм. Қазіргі замандағы туризм 21
Қолданылған әдебиеттер 24

І. ТУРИЗМ ТАРИХЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Туризм тарихының нысаны мен пәні
Туризм тарихы деп жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік топтардың өз еркімен әртүрлі жерлерге баруымен және олардың өмір сүру ырғағы мен қоршаған ортаның өзгеруімен байланысты болып келетін кеңістіктегі қозғалыс үрдістерінің жиынтығын айтуға болады.
Туризм тарихын қарастыру үшін оның оқып зерттеу нысаны мен пәніне, мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беру қажет.

1.2 Туризм тарихының мақсаттары мен міндеттері
Біріншіден, бұл оқу курсының басты мақсаттары мен міндеттерін анықтау қажет.
Ең алдымен – бұл жекелеген тұлғалар мен әлеуметтік топтардың өз еркімен уақытша баратын орындарын ауыстыруының әлеуметтік, психологиялық және мәдени функцияларының дамуының жалпы суреттемесін қайта қалпына келтіру үшін туризм дамуының негізгі кезеңдерін зерттеу. Сонымен қатар, туризм тарихының қайнар көзін зерттеу болып табылады. Бұл мақсаттарға келесідей міндеттер бағындырылған:

1.3 Туризм тарихын зерттеудің тәсілдері
Туризм тарихын зерттеуде тарихи ғылымда қолданылатын дәстүрлік тәсілдер қолданылды. Олардың арасында тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы, тарихи-ретроспективті, тарихи-типологиялық және басқа да тәсілдерді айтуға болады.

1.4 Туризм тарихы курсын кезеңдестіру және құру
Туризм тарихы үрдісін ойластыруға және оны ғылыми жалпылаудың ішкі заңдылықтары мен мүмкіндіктерін анықтауды жеңілдетуге кезеңдестіру көмектеседі. Кезеңдестіру деп үрдістердің сапалы дамуына сәйкес тарихи уақытты бөлу айтылады. Бұл жалпы адамзаттың, қандай да бір аймақтың, елдің туризмінің қалыптасу және даму кезеңдерінің негізгі мазмұнының анықтамасы. Туризм тарихын кезеңдестіру үшін оның негізіне нелерді қарастыру қажет екенін шешіп алу қажет. Яғни, тарихи үрдісті жекелеген кезеңдерге бөлудің критерийін құру қажет.

ІІ. ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
2.1 ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі туризм. Ежелгі туризм
Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңістіктік құбылыс ретінде ежелгі замандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристтік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады. Әсіресе, В.Унцикер мен Дж.Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде.
Бұл еңбекте К.Пшеславскийдің (1973 ж.) бөлген кезеңдері келтірілген, оның келесідей кезеңдері бар:

2.2 Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі туризм
Ортағасырларда туристік қозғалыс бәсендей түсті. Ішкі жағдайлары тұрақсыз көптеген жаңа мемлекеттердің құрылуы бұрын-сонды болмаған саяси кедергілерге әкеп соқты.
Туристтік саяхаттардың ұзақ уақыт тоқырауды болуына көптеген себептер әсер етті, олардың ішінде:

2.3 XVII және XVIII ғасырлардағы туризм
ХVІІ ғасырда Еуропада «таза туризм» формасы пайда болды. Бұл, К.Либеренің айтуынша, танымдық, емдік немесе демалыс мақсаттарында саяхаттаушы тұлғаларды қамтиды. Оған қоса Еуропада діни сенімге байланысты миграциялар мен көпестердің саяхаттары белгіленіп отырды.
Бұл кезеңде адамдар үшін көлік түрі экипаждар болып, саяхатшыларға жағдай жасау мақсатымен әрдайым дамытылып, жақсартылып отырды.
Қысқа мерзім ішінде көліктік қызметтің көптеген түрлері пайда болып, жолдардың техникалық жағдайы жақсартыла берді.

2.4 ХІХ – ХХ ғасырлардағы – Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм
ХІХ ғасырдың жартысына дейін Еуропалық туризм тек қана элитарлық келбетке ие болады, ал оған қатысушылар ауқатты жоғарғы сынып өкілдері болып, сол кезгі кейбір авторлар туризмді «аристократтық туризм» деп те атады. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана әсіресе, ХХ ғасырдың 20-ші жылдарында туристтік қозғалыс өзгерістерге ұшырап демократиялана бастайды.

2.5 Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі туризм. Қазіргі замандағы туризм
Ұлы Отан соғысы жылдарында туристтік-экскурсиялық іс-әрекет түгелімен тоқтатылды. Соғыс аяқталғаннан кейін күйреген халық шаруашылығымен қатар, туристтік-экскурсиялық мекемелер жүйесі де қалпына келтіріле бастады.

Қолданылған әдебиеттер
1. Вуколов В.Н. История и теория международного туризма. – Алматы, 2002.-221 с.
2. Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России и СССР. – Ростов-на-Дону, 1988.
3. Ердавлетов С.Р. История туризма. Развитие и научное изучения. – Алматы, 2003. – 215 с.
4. Накатков Ю.С. История туризма Казахстана. – Алматы, 2001. – 196 с.
5. Шаповал Г.Ф. История туризма. – Минск, 1999. – 303 с.
6. Биржаков М.Б. Введение в туризм. М., СПб., 1999. 192 с.
7. Воронкова Л.П. История туризма и гостеприимства. Уч.пособие. – М.: ФАИР-ПРЕСС, 2004. – 304 с.
8. Дворниченко В.В. Развитие туризма в СССР (1917-1983 гг.). – М., 1985.
9. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. – Алматы, 2000. – 336 с.
10. Усыскин Г.С. Очерки истории российского туризма. СПб., 2000. – 224 с.
11. Соколова М.В. История туризма. – М, 2002. – 352 с.