Кәсіпорын капиталын ұлғайту үшін инвестицияларды тарту есебі
Мазмұны
Кіріспе 3
1- Тарау. Инвестициялардың есебін ұйымдастыру 7
1.1 Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі 7
1.2 Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі 15
1.3 Еншілес шаруашылық серіктестіктерінің инвестициясының есебі 21
2- Тарау. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі 25
2.1 Қаржылық инвестициялардың есебі 25
2.2 Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау 41
2.3 Инвестицияның өтеушілік - мерзімін (кезеңін) есептеу 49
Қорытынды 55
Рецензия 58
Кіріспе
Инвестиция - экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқының қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфра құлымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.
Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн.
1- Тарау. Инвестициялардың есебін ұйымдастыру
1.1 Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты - түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жанадан қалыптасқан (құрылған) күн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысынын (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жанартуға арналған инвестиция кезі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінен пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
2- Тарау. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі
2.1 Қаржылық инвестициялардың есебі
Қаржылық инвестициялардың есебі 40 «Қаржылық инвестициялар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған 401 «Акциялар», 402 «Облигациялар» және 403 «Басқа қаржылық инвестициялар» шоттары кіреді.
«401 - 403 шоттары активті, күрделі, негізгі болып табылады. Осы шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық инвестициялардың кему операциялары жазылады. Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілері бойынша жүреді.
Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.
Құнды кағаздар инвестициясының өтелу құны мен оның сатып алынған кұнының арасындағы айырмашылыктары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уакыт ішінде амортизацияланады.
2.2 Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау
Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын анықтау. Әрбір шаруашылықты жүргізуші субъект ағымдағы (нарықтық) құн бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды есепке алуға құқылы. Бұл кезде, есеп саясаты нарық жағдайының өзгерісіне тәуелді етіп, нарық, құнының кезеңдік өзгерісімен бірге қарастырылады. Егер кәсіпорын иеленгендегі алынған қаржылық инвестициялары листингтік биржаның қорына енгізілген болса, онда олардың құнын кез келген кезде анықтау қиынға соқпайды. Керісінше жағдайда, қаржылық инвестициялар қор биржасында түзетіліп жазылмаса, онда нарықтық құнына белгілі бір есептеулерді жүргізе отырып, иеленген қаржылық инвестициялардың табыстылығына байланысты анықтауға болады.
2.3 Инвестицияның өтеушілік - мерзімін (кезеңін) есептеу
Инвестицияның өтеушілік - мерзімін есептеу әдісі негізінен инвестицияның бастапқы салынған сомасын жабу үшін қажет, өтеушілік мерзімін анықтау, демек жобаны іске асырудан түсетін ақшалай түсімдер сомасы, оның бастапқы инвестиция сомасына тең болғанға дейін созылады және де ол инвестицияланған қаражаттың табыстарының есебінен қайтарылады.
Қорытынды
Қазақстанның экономикалық қатынастардың нарық жүйесіне өтуі көп мәселелердің пайда болуына себеп болды. Сол мәселелердің арасында ең негізгісі - инвестиция мәселесі. Потенциал инвесторлардың Отан экономикасына салулардың көлемдерін кеңейтуінде қызығуларды туғызбай жаңа шаруашылық байланыстардың құру, өндірістің дамуы, азаматтардың әл-ауқаттығын жоғарылаулары, дүниежүзілік аршада мемлекеттің беделік қайта тууы мәселелері шешілмейді деп есептесең қателеспейміз.
Рецензия
Бірінші тарауда жалпы инвестициялардың есебін ұйымдастыру,инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі,бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі,сонымен бірге еншілес шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі ұйымдастыру тәртібі қарастырылған..
Ал, екінші тарауды қарастырсақ, мұнда негізінен Қазақстан экономикасындағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялардың есебі,қаржылық инвестициялардың есебі,қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау көрсетілген.
Үшінші тарауды қарастыра келе, инвестициялар есебінің аудиті,ұзақ мерзімді еншілес серіктестіктердегі және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы нақты инвестициялардың есебінің аудиті және қаржылық инвестициялардың есебінің аудиті қарастырылған.
Бұл жұмыс кәсіпорын негізінде алынбаған,бірақта аздаған кемшіліктер болса да, «жақсы» деген бағаға әсерін тигізе алмайды.