Қаржылық есеп берудің, экономикалық мазмұны
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе 3
1- Бөлім. Қаржылық есеп берудің экономикалық мазмұны жасау және ұсыну 6
1.2. Бухгалтерлік балансты жетілдіру мақсатында ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріне шолу 8
1.3. Қаржылық есеп берудің алдындағы міндеттері 11
2 бөлім. «Индергаз» ЖШС - ң қаржы – ұйымдастырушылық жағдайына сипаттама 14
2.1 Кәсіпорынның қаржы - экономикалық жағдайын талдау 14
2.2. Кәсіпорынның есеп - ұйымдастырушылық жағдайы 20
ІІІ бөлім. «Индергаз» ЖШС – ғы қаржылық есеп берудің жағдайы, аудиті 24
ІІІ бөлім. «Индергаз» ЖШС – ғы қаржылық есеп берудің жағдайы, аудиті және жасалу тәртібі 24
3.1. ХҚЕС – ға көшудегі қаржылық есеп берудің құрастырудың ерекшеліктері 24
3.2. №1 форма бухгалтерлік баланс түсінігі,экономикалық мазмұны 44
3.3. Қаржылық есеп берудің №2 формасы «Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру» 53
3.4. Қаржылық есеп берудегі қателіктерді тұзету 63
3.3. Қаржылық есеп берудің компьютеризациясы 72
3.4. Бухгалтерлік баланс аудиті 74
Қорытынды 79
Қолданылған әдебиеттер 82
Кіріспе
Қаржылық есептің негізгі атқаратын қызметінің функцияларының бірі пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру.Осындай ақпараттық мәліметтердің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. «Баланс» сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті және қандай да бір қызметінің тараптары арасындағы қатынастардың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы- шаруашылық қызметті талдауда басқару ұйымдарының нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.
Қаржылық есеп беру мәні – оның атауына негізделеді. Бір жағынан ол бухгалтерлік есеп әдістерінің бір бөлігі болып саналса, екінші жағынан Қаржылық есеп беру –жылдық және кезеңдік есеп берулердің бір формасы болып табылады.
Сонымен, Қаржылық есеп беру кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен, белгілі бір сәтке екі топпен: орналасу мен пайдаланылуы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.
Жұмысымның мақсаты – нақты кәсіпорынның материалдары бойынша Қаржылық есеп берудің мәні мен маңызын, оның басқару шешімдерін бақылаудағы ролін анықтау болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес жұмысымда келесідей міндеттер айқындалады:
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында бухгалтерлік баланстың мәнін анықтау;
- Қаржылық есеп берудің экономикалық маңызын талдап, ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріне шолу;
- дипломдық жұмысымның объектісіне алынып отырған «Индергаз» ЖШС-ң экономикалық-ұйымдастырушылық жағдайына сипаттама беру ( 2004-2006 жылдардағы бухгалтерлік балансын салыстырмалы түрде талдау, қаржы-шаруашылық жағдайына есеп беру және т.б.)
- қазіргі кездегі балансты есептеудегі ақпарат жүйелеріне сипаттама беру;
- ХҚЕС – на көшудегі Қаржылық есеп беруді қайта құрастырудағы ерекшеліктерін анықтап, талдау.
Дипломдық жұмысым кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды мен ұсыныстан, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады және ҚР-ң Заңы, нормативтік актілерге, теориялық және әдістемелік жағынан көптеген ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріне сүйеніп, кәсіпорынның бухгалтерлік балансына негізделіп жазылған.Сондай –ақ, бұл жұмысымда салыстыру, материалдарды теориялық және нақты талдау,синтетикалық топтастыру, корреляциялық әдістер қолданылады.
1- Бөлім. Қаржылық есеп берудің экономикалық мазмұны жасау және ұсыну
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды.
Бухгалтерлік есеп - субъектілердің активтері, меншікті капиталы, міндеттемелері, табыстары және шығыстары жөніндегі ақпаратты жинақтау, тіркеу және қорытындылау жүйесі.
Қаржылық есеп берудің элементтері:
Активтер субъектінің құнмен бағаланатын мүлкі, мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтары.
Активтер пайдалану мерзіміне байланысты екі топқа бөлінеді: ұзақ мерзімді активтер, ағымдағы активтер.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің активтері белгілі бір көздерден құралады. Субект активтерінің құралу
Меншікті капитал- субъект қызметінің бүкіл кезеңіне арналып бекітіледі, оның негізгі және айналым қаржысының құралу көздері болып табылады.
1.2. Бухгалтерлік балансты жетілдіру мақсатында ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріне шолу
Бухгалтерлік баланс - еліміздің тәжірибесінде шетелдік тәжірибеге қарағанда, қаржылық есеп берудің басты формасы ретінде ерекшеленеді. Ал,батыс тәжірибелерінде, яғни, американдық, британдық жән жаңа зейландиялық кәсіпорындардың жылдық есеп беруінде ерекше назарды табыс және шығыс туралы есеп беруге аударады, себебі, онда табыс қызметтің маңызды көрсеткіші болып табылады. Сондай – ақ, бухгалтерлік баланс – белгілі бір уақыт мерзіміне экономикалық объектілердің стратегиялық жағдайын бейнелеу. Ол шаруашылық субъектінің құралдар кірісін, шығысын және ішкі қозғалысын бейнелемейді.
1.3. Қаржылық есеп берудің алдындағы міндеттері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы негізгі құралдардың орналасуы мен пайдалануы және олардың пайда болу көздері бойынша сипаталады. Бұл мәліметтер кәсіпорынның бухгалтерлік балансында көрсетіледі, себебі ол қаржылық есеп беру жүйесінің басты көрсеткіші болып табылады. Қаржылық есеп беруде мынадай маңызды міндеттер атқарады:
2 бөлім. «Индергаз» ЖШС - ң қаржы – ұйымдастырушылық жағдайына сипаттама
2.1 Кәсіпорынның қаржы - экономикалық жағдайын талдау
Дипломдық жұмысымның объектісіне алынып отырған «Индергаз»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) Атырау облысы, Индер ауданында орналасқан.
«Индергаз» ЖШС ҚР «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік» заңына және Азаматтық Кодексіне негізделіп, Атырау облыстық Әділет басқармасының қаулысына сәйкес 1998 жылы 22 сәуірде құрылды. 2004 жылдың 14 желтоқсанында акционерлердің кезекті отырысында «Индергаз» ЖШС ретінде қайта құрылды.
Меншік формасы - жеке кәсіпорын.
«Индергаз» ЖШС Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы»заңына және жеке Жарғысына (Устав) сәйкес өзінің қызметін жүзеге асырып келе жатқан заңды тұлға,ол жеке балансын,өз кәсіпорын атымен қазақ және орыс тілдерінде мөр таңбасын және банкте есептік,арнайы және валюталық шоттарын иеленеді.
Жарғылық капиталы - 6 385 200 мың теңге.
2.2. Кәсіпорынның есеп - ұйымдастырушылық жағдайы
“Индергаз” ЖШС - ң Есеп саясаты ҚР - ң Президент тапсырысына сәйкес кәсіпорынның бухгалтерлік және қаржылық есеп жүйесін реттейтін заңды түрдегі құжат болып табылады. Есеп саясатының қалыптасу базасы болып –ҚБЕС саналады. Есеп сасясатында бухгалтерлік және қаржылық есептің олардың принциптері мен негіздеріне сәйкес енгізу әдістері қарастырылады.
Есептік саясат келесі жағлайларда өзгертілуі мүмкін.
- мемлекетік басқару органының қатаң тапсырысы бойынша ;
- ҚР- ң бухгалтерлік есеп заңындағы өзгерістерге сәйкес;
- Егер мұндай өзгерістер қаржылық ақпараттармен сәйкес болса;
ІІІ бөлім. «Индергаз» ЖШС – ғы қаржылық есеп берудің жағдайы, аудиті және жасалу тәртібі
3.1. ХҚЕС – ға көшудегі қаржылық есеп берудің құрастырудың ерекшеліктері
Аяқталмаған құрылысты түгендеу барысында оның бар-жоқтығын (его наличие) және заттай көлемі тексеріледі, сонымен бірге оның құрамына құрал-сайман, құрастырылмай есептен шығарылған монтаж кіретінін немесе кірмейтінін анықтау; құрылыс-монтаж жұмыстарының құрамында - жоспарсыз жұмыстың бар-жоғы анықталуы керек; тоқтатылған және уақытша тоқтатылған құрылыс объектілерінің жағдайын анықтайды.
Аяқталмаған күрделі жөндеулерді түгендеу нақты өндірістің заттай жұмысын, оның көлемін және құнын белгілеуді білдіреді.
Кассадағы ақша қаражатын кассадағы қолда бар ақшаны белгілеу жолымен және қатаң есеп берумен бланктерді полистік (сактандыру куәлігі) қайта есептеумен түгендейді. Түгендеу нәтижесін жеке «Қолда бар ақшаны түгендеу актісімен» рәсімдейді.
Кассалық операциялардың есебін кассир кассалық кітапта жүргізеді, ол беттері нөмірленген, тігілген және мөрмен бекітілген болуы керек. Кассалық кітаптағы беттер саны кәсіпорынның бас бухгалтерінің қолымен сендірілуі керек. Кассалық кітаптағы жазулар екі данада жазылады. Екінші данасы жыртылмалы болады және кәсіпорынның кассирі есеп беруінде қолданылады, кассалық кітапқа түзетулер енгізуге болмайды. Жіберілген қателар кассир мен бас бухгалтердің қолымен сендіріледі.
3.2. №1 форма бухгалтерлік баланс түсінігі,экономикалық мазмұны
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады. Баланс- есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъект нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді.
Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған капитал деп екіге бөледі. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз- кәсіпорынның міндеттемелері, яғни, кредитордың бережақ борыштары болып табылады. Ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады.Сондықтан бұл бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз:
Актив=Меншікті капитал + Міндеттеме
3.3. Қаржылық есеп берудің №2 формасы «Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру»
Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің № 3 стандартында ашылып көрсетіледі. Бұл- стандарт бағалау әдісі. Есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі қателіктер анықталғанда және түзетілгенде қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру мен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың сыныптамасын белгілейді.
3.4. Қаржылық есеп берудегі қателіктерді тұзету
Түгендеумен қатар қаржылық есеп беруді жасау үшін шындыққа жанасымды ақпаратты алу мақсатында таңдап алынған есептік саясатқа сәйкес барлық мүлік түрлері мен міндеттемелерге баға беруде субъект қолданатын бағалау тәртібінің шындыққа жанасымдылығын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Есептік кезең үшін қаржылық есеп беруді жасау өткен кезеңдегі қаржылық есеп беруде кеткен барлық қателерді ескеру қажет.
Қаржылық есеп беруді жасау кезіндегі барлық қателерді елеулі және елеусіз қателер деп бөлуте болады.
Егер қате пайдаланушының экономикалық шешіміне әсерін тигізсе, онда ол елеулі қате деп саналады.
3.3. Қаржылық есеп берудің компьютеризациясы
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынасқа көшуі шындығында технологиялық ақпараттық нарықты қалыптастыруды қажет етеді. Көптеген дамыған елдерде материалдық өндіріс пен қызмет көрсету салаларын ақпараттық нарық ойдағыдай қамтамасыз етуде. Қазіргі кезде ақпарат айрықша тауар түрін құрайтын жалпы ұлттық өнімнің ажырамас бөлігі ретінде ақпараттық нарықта өзінің ұсынысы мен сұранысы бар ұлттық стратегиялық қордың негізгі түріне айналуда.
Кез келген кәсіпорында бухгалтерлік (балансты) есепті автоматтандыру онда бухгалтерлік ақпараттар жүйесін жасау деген сөз. Қазіргі уақытта сондай ақпарат жүйелерін құру кәсіпорының өз күшімен программалық кешендер жасау емес, автоматтандыру мәселелерін тиімді шешетін, дайын программалық өнімдерді сатып алуды білдіреді.
3.4. Бухгалтерлік баланс аудиті
Бухгалтерлік баланс элементерінің дұрыстығына аудит жүргізу келесі кезектілік бойынша жүзеге асады: Бухгалтерлік баланс - Бас кітап - журнал -ордерлер және басқа да есеп регистрлары - алғашқы құжаттар. К.Д. Биримкулова «Аудит: Проблемы и решения» атты еңбегінде былай жазады: « Баланстан бастап алғашқы құжаттарға жеткеннен кейін аудитор соңынан бастап қайта тексереді. Алғашқы құжаттардың түпнұсқалылығына және дұрыс толтырылуына көз жеткізгеннен кейін аудитор бухгалтерлік баланс пен Бас кітапты толтыру үшін негіз болып табылатын жинақтаушы және топтастырылған ведомостілер, есеп регистрларының дұрыс толтырылғанын тексереді».
Қорытынды
Жоғарыда келтірілген барлық материалдар негізінде келесідей қорытындыға келуге болады, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін және дұрыс қаржылық шешімдер қабылдау үшін ең маңызды мәліметтерді бухгалтерлік баланстан алады. Яғни, бухгалтерлік баланс – жинақталған күйде кәсіпорын құралдарының айналымын және кәсіпорын осы айналым барысында түсетін қаржылық байланыстарды бейнелейтін жүйелік модель болып табылады.Қаржылық есеп беруде бухгалтерлік баланс ең маңызды ақпаратты форма ретінде бағаланады.Бухгалтерлік баланстың маңыздылығы сол кейбір жағдайларда қаржылық талдауларды «баланстық талдау» деп атайды.
Қолданылған әдебиеттер
1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы Қазақстан Республикасының заңы, 26.12.1995, 2002ж «өзгертулер мен толықтырулар»,№ 2732
2. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы Қазақстан Республикасының заңы, 28.02.2007 № 234-III
3. Бухгалтерлік есеп стандарттары - Алматы : ЛЕМ, 2004
4. Қазақстан Республикасының Салықтық Кодексі – Алматы: LEM, 2005
5. Қазақстан Республикасының Салықтық Кодексі ( өзгертулер мен толықтырулар) – Алматы: Центральный дом бухгалтера, 2007
6. Артеменко В.Г. Беллендир М.В. «Финансовый анализ». –М.,1997г.
7. Астахов В.П. «Теория бухгалтерского учета». –М., 1997г.
8. Баймұханова С.Б «Бухгалтерлік есеп», Алматы.Издательство/ Маркет,2005
9. Богатая И.Н,Хахонова Н.Н «Бухгалтерский учет», Ростов на Дону: Феникс,2003
10. Дүйсенбаев К.Ш. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Оқу құралы, Алматы: Экономика, 2001
11. Жарылғасов Б.Т «Анализ бухгалтерской финансовой отчетности» Москва:Экономист,2004
12. Каморджанова Н.А,Картамов И.В «Бухгалтерский и финансовый учет» СПб:Питер,2003
13. Камышев П.И,Камышанов А.П «Бухгалтерская (финансовая) отчетность:составление и анализ» , Москва:Омега,2003
14. Кеулімжаев К. «Бухгалтерлік есеп принциптері» Алматы:Экономист,2003
15. Казюбинский А.О,Грашев С.В «Ехсеl для бухгалтера в примерах Москва:Главбух,2003
16. Қасымтаева Ж «Қаржы есебі», Журнал “Бухгалтер”,Астана:Әлем,2.99, 60 бет/
17. Ларионов «Бухгалтерский учет». Москва, 1999г.
18. Миржакыпова С.Т «Бухгалтерский учет в РК» Алматы:Экономика,2002
19. Назарова В.В «Шаруашылық жүргізуші субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп» Алматы:Экономика,2005
20. Сакмурзаев «Бухгалтерский учет на современном предприятии»
21. Төлегенов С.Т «Бухгалтерлік ақпарат жүйелері» Алматы: Экономика, 2001
22. Хахонова Н.Н «Основы бухгалтерского учета и аудита» Ростов на Дону:Феникс,2003
23. Абдиманапов А. « Терминология и признание элементов финансовой отчетности» Бух.учет и аудит, 2005, №2, 3 бет
24. Айрих Н. «Формирование бухгалтерского баланса на дату перехода МСФО» ,Бюллетень бухгалтера,2006, № 11, 10 бет
25. Айрих Н. « О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» Бюллетень бухгалтера, 2007,№ 12, 13 бет
26. Ахметова Б. « Бухгалтерский баланс» Бух.учет на практике, 2006,№2 (27), 85 бет
27. Витулева Т. « Бухгалтерский баланс. Форма 100.38» Бух.учет на практике, 2007, № 2 (39), 104 бет
28. Капасов Р. «Финансовая отчетность как база для проведения финансового анализа» Бух.учет на практике, 2006, № 12 (37), 33 бет
29. Нургазина Ж.К «Составление баланса», Бухгалтер, Астана: Әлем, №3, 2000,48 бет
30. Нурсеитов Ә. « МСФО: принципы перехода и преминения», Бух.учет на практике, 2006,№5 (30) 12 бет
31. ТарасоваЛ.И «Как организовать бухгалтерский учеттна компьютере?», Бухгалтер, Астана:Әлем,4.99,59 бет
32. Шеверницкая Т. « Приложение № 38 и № 38/1 Бухгалтерский баланс», Бюллетень бухгалтера, 2006,№ 4-5, 99 бет
33. Шеверницкая Т. « Приложение № 38 Бухгалтерский баланс», Бюллетень бухгалтера, 2007,№ 4-5, 118 бет
34. Шербинина Е. « Переходим на 1С: Бухгалтерия 8. для Казахстана» Бюллетень бухгалтера, 2007,№ 17, 7 бет