Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Реферат

Объем: 10 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Спортшылар


Жоспар

1 Спортшылар 3
1.1 Бақтияр Артаев 3
1.2 Вал Баркер кубогі 3
1.3 Александр Винокуров 3
1.4 Галиб Жафаров 4
1.5 Илья Ильин 4
1.6 Дмитрий Карпов 5
1.7 Мәулен Мамыров 5
1.8 Юрий Мельниченко 5
1.9 Александр Парыгин 6
1.10 Серік Сапиев 6
1.11 Бақыт Сәрсекбаев 6
1.12 Владимир Смирнов 7
1.13 Дәулет Тұрлыханов 7
1.14 Жақсылық Үшкемпіров 8
1.15 Анатолий Храпатый (1963 - 2008 жж.) 8
1.16 Ольга Шишигина 9
1.17 Бейбіт Шүмен 9
Әдебиеттер 10

1 Спортшылар

1.1 Бақтияр Артаев

Бақтияр Артаев (1983 жыл, 14-наурыз, Жамбыл облысы) – қазақ боксшысы. 2004 жылғы Олимпиада чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл, қараша, Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы. Бақтияр Артаев Грекияда өткен 28-ші Олимпияда Ойындардың Баркер кубогі иегері атанды.

1.2 Вал Баркер кубогі

Вал Баркер кубогі (Val Barker Trophy) 1936 жыл... бері әр Олимпиадалық Ойындардың ең мықты әрі әдемi стильді боксшы...на берілетін сенім марапаты. Марапат 1920 жылғы АИБАның алғашқы Сыйлы Хатшысы болған Вал Баркер естелігі... арналып құрылған.

1.3 Александр Винокуров

Александр Николаевич Винокуров (1973 қыркүйектің 16 Бескөл, Солтүстік Қазақстан облысы) – Қазақстанның атақты велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы.
2003 жылы отандасы әрі досы Кивилев қайтыс болғаннан кейін Винокуров Париж-Ницца жарысында алғашқы орын алады, бұл жарысын ол марқұм досына арнайды.

1.4 Галиб Жафаров

Галиб Жафаров (09 мамыр, 1978 жыл, Ақтөбе облысының Қандыағаш ауданы) – қазақ әуесқой боксшысы. Галиб... әкесі – әзірбайжан ұлтынан, шешесі – қазақ... қызы. Өзі 1978 жылы Ақтөбе облысының Қандыағаш ауданында туып-өсті. Оны бокс... үйреткен де, қазір баптап жүрген де Әлімбек Балмағамбетов.

1.5 Илья Ильин

Илья Ильин (1988 жыл, 24 мамыр, Қызылорда) – атақты жас қазақ штангашысы.
Ауыр атлетпен айналысып жүрген ағасы Алексейдiң жанынан бiр елi қалмайтын кiшкентай Ильяның дарынын байқаған Вилори Викторович Пак оны бiрден өзiне тартқан көрiнедi. Сөйтiп, тоғыз жасында Қазақстан чемпионы атанған Ильин осы уақытқа дейiн сегiз рет шет елге шығып, ешқайсысында жеңiлiстiң кермек дәмiн татып көрмептi.

1.6 Дмитрий Карпов

Дмитрий Карпов – Қазақ жеңіл атлетикасының серкесі, қарағандылық онсайысшы. Осыған дейін құлаштап диск, найза лақтырудан және биіктікке секіруден әлсізді, бірақ бұл жағынан өзін-өзі дамытып жүрген Карпов Қазақстанның 2008-дегі Пекин олимпиaдасындағы негізгі үміттерінің бірі болды.

1.7 Мәулен Мамыров

Мәулен Мамыров – талдықорғандық еркін күрестен шебері, салмақ дәрежесі – 52 кг. 1970 жылы 14 желтоқсанда бұрынғы Талдықорған облысы Қаратал ауданы Ағиық ауылында дүниеге келген.

1.8 Юрий Мельниченко

Юрий Мельниченко – 1972 жылы Қырғызстанда дүниеге келген, балуан. Грек-рим күресінен Атланта Олимпиадасының чемпионы, Әлем және Азия чемпионаттарының сондай-ақ, Азия ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері, әрі жаттықтырушы даңқты балуан. 1996 жылы Атлантада жалауын жаққан 26-жазғы олимпиада ойындарына Қазақстан Ұлттық Құрамасы тұңғыш рет Тәуелсіз ел ретінде қатысты. 24 жасар Юрий Мельниченко үшінде аталған Олимпиада оның бұған дейінгі сынға түскен боз кілем бәсекелерінің ішіндегі ең шоқтығы биігі болатын. Дәл Атланта боз кілемінде қапы қалдырып, есесін қайырған Юрий Мельниченко тарихи жеңіске жетеді.

1.9 Александр Парыгин

Қазақстанның еңбек сіңген спорт шебері, 1994 жылғы Азия мен Азиялық ойындар... жеңімпазы, 1996 жылғы Атланта...ғы Олимпиада жеңімпазы.
Қазіргі бессайыс түрлерінің (ату, қылыштасу, жүзу, атқа салт міну, жүгіру) өзіндік қиындық...ы бар.

1.10 Серік Сапиев

Серік Сапиев — бокстың 64 кг-дық тұғырында 2005, 2007 жж. Әлем чемпионы.
1983 ж. қарашаның 16 күні туған. 2005 ж. – Дилшод Махмұдовты, 2007 ж. – Геннадий Ковалёвті жеңіп, әлем чемпионы атанған.

1.11 Бақыт Сәрсекбаев

Бақыт Сәрсекбаев (1981 ж., Солтүстік Қазақстан обл., қарашаның 29-ы күні туған) – 69 килограмм салмақтағы бокстан 29-шы жазғы Олимпиада ойындардың чемпионы. 2004 жылғы Олимпиада ойын...ынан кейiн Өзбекстан атақонысы.... көшiп келген Бақыт Қазақстанда 69 килограмм салмақта өзi... тең келер боксшы жоқ екенiн дәлелдеп бердi.

1.12 Владимир Смирнов

Владимир Смирнов – 1964 жылы 7 наурызда, Көкшетау облысы Щучинск қаласында туған. Қазақстанның еңбек сіңген спорт шебері, Қазақстанның биатлон федерациясының президенті (2002-2010 жж.), шаңғы спортынан 1994 жылғы Олимпиада чемпионы, төрт дүркін Әлем чемпионы, төрт дүркін Олимпиада күміс жүлдегері, екі дүркін қола медаль иегері.

1.13 Дәулет Тұрлыханов

Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО- ның жеті дүркін, 1987 жылғы Европа, 1987 және 1989 жылғы әлем кубоктарының жеңімпазы, 1988 жылғы XXIV Олимпиаданың күміс жүлдегері, 1992 жылғы XXV Олимпиаданың қола жүлдегері.

1.14 Жақсылық Үшкемпіров

Жақсылық Үшкемпіров 1951 ж. Байзақ ауданының, Тегістік ауылында туған. Бірінші қазақ спортшысы, олимпиада чемпионы. 1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бірнеше рет греко-рим күресінен КСРО біріншілігінің жеңімпазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы, 1981 Дүниежүзі чемпионы, 1982 жылы Дүниежүзі кубығының күміс жеңімпазы.

1.15 Анатолий Храпатый (1963 - 2008 жж.)

Храпатый Анатолий Михайлович – қазақстандық ауыр атлетші, 1963 жылдың 20 қазанында Целиноград облысының Атбасар қаласында туылған. Қазақтың дене шынықтыру институтын бітірген, жаттықтырушы. «Спорт» клубының директоры.

1.16 Ольга Шишигина

Ольга Васильевна Шишигина 1968 жылдың 23 желтоқсан...нда Алматы қаласында туылды. 2002 жылы Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясын бітірген. Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясының жеңіл атлетика кафедрасының меңгеруші....

1.17 Бейбіт Шүмен

Бейбіт Шүмен (19 тамыз, 1983 жыл) – кәсіпқой боксшы, ІВА тұжырымы бойынша Дүниежүзі чемпионы, WBO Asіa Pacіfіc, WBC Asіan және PABA-ның алтын белбеуі иесі. Қазақстан Олимпиада құрамасының мүшесі.

Әдебиеттер

1 Тарихи тұлғалар – Танымдық-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушылар : Тоғысбаев Б., Сушикова А. – Алматы : «Алматы кітап» ЖШС, 2006. – 376 б.
2 «Қазақтар». Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. Тарихи тұлғалар. – 2-ші басылым. – Алматы: «Білік» баспа үй, 2003. – 2. Т. – 373 б.
3. Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: «Зият»,2004
4 http://kk.wikipedia.org/wiki/