Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Алюминий тотығының өндірісі

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 10 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстандағы бокситтың және алюминий тотығын өндіретін басқа шикізатардың қорлары


Жоспар

1 Қазақстандағы бокситтың және алюминий тотығын өндіретін басқа шикізатардың қорлары 3
1.1 Нефелиндер 7
1.2 Саздар және ақсаздар 8
1.2.1 Таскөмірдің қалдық күлдері 8
1.2.2 Домна қождары және серициттік концентраттар 9
Әдебиеттер 10

1 Қазақстандағы бокситтың және алюминий тотығын өндіретін басқа шикізатардың қорлары

Павлодар алюминий зауытының негізгі шикізат алатын орындары Қазақстанның батыс Торғай және Амангелді аудандары. Батыс Торғайдағы бокситті Краснооктябрь боксит кенөндіру басқармасы, ал Амангелдідегі бокситті Торғай боксит кенөндіру басқармалары өндіреді.
Торғай боксит кенорыны басқармасы 1963 жылдан бастап жұмыс істейді. Сол жылдардан бері ПАЗ-ға 70 миллион тоннадан астам боксит өндіріліп жіберілді. Аталмыш кенорын құрамына сегіз бокситті кенорындры кіреді. Ең ірілері Жоғарғы және төменгі Ашут кенорындары.
Қазіргі таңда кенорында жылына 700 мың тонна боксит өндіріледі, сонымен қатар Торғай боксит кенорыны Ресей зауыттарына оттөзімді саз жібереді.
Краснооктябрь боксит кенорыны басқармасы 1950 жылдан бері жұмыс істейді және оның құрамына онекі бокситті кенорын кіреді. Солардың ішінде Қазақстандағы ең ірі кенорындардың бірі болып саналатын Красногор кенорыны.

1.1 Нефелиндер

Нефелиндер – жер қыртысындағы алюминий тотығының және сілтінің құрамы жоғары, салыстырмалы түрде кремний, темір-магнилі компоненттері аз өнім.
Құрамында алюминий оксиді 32-35% құрайтын нефелиннен алюминий тотығы жеңіл алынады.

1.2.1 Таскөмірдің қалдық күлдері

Болашақта алюминий өндірісінде Екібастұз көмір әуітіндегі қалдық күлді қолдану әбден мүмкін және бүгінде бұл сұрақ өзекті мәселелердің бірі.
Екібастұз көмір әуітінің төңірегінде бірнеше жылу электр станциялары жұмыс істейді және олар 80 миллион тоннаға жуық көмірді тұтынады.
Көмірді жаққанда шамамен орташа 54% күлге айналады.
Күлдің құрамындағы алюминий тотығы шикізатты дайындауда ешбір шығынсыз қолданыла алады.
Күлдің пайызға шаққандағы химиялық құрамы:

1.2.2 Домна қождары және серициттік концентраттар

Алюминий шикізатының көзі ретінде домна қожылары мен серициттық концентраттарды да қарастыруға болады.
Кесектелген магнитік лисаков концентратарының қорытылған алюмосиликат қожының химиялық құрамы:

Әдебиеттер

1 Абжаппаров А. «Комплексное использование низкокачественного глиноземсодержащего сырья Казахстана». – Алматы: «Ғылым», 1998. – 120 с.
2 Беляев А. И. «Металлургия легких металлов». – М. : Металлургия», 1970. – 185 с.
3 ISSN 0372-2929 «Цветные металлы», 1999. – № 6.
4 ISSN 0372-2929 «Цветные металлы», 1997. – № 4
5 Қазақша – орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздік. «Кен ісі және металлургия». – Алматы: «Рауан», 2000. – 136 с.
6 Лайнер А.И., Еремин Н.И., Лайнер Ю.А., Певзнер И.З. Производство глинозема». – М. : «Металлургия», 1978. – 226 с.
7 Light Metals 1993, Bayer Liquor Polishing.
8 Light Metals Новый процесс удаления органики из раствора Байера. С. Стао, Й. Ямада и другие, 1982. – 82 с.