Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Курстық жұмыс

Тип: Курсовая работа

Объем: 25 стр.

Год: 2014

Предварительный просмотр

Қылмыстық құқық ұғымы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Қылмыстық заң: жүйесі, құрылымы 5
1.1 Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні 5
1.2 Қылмыстық заңның құрылымы 11
1.3 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші 13
2. Қылмыстық заң бойынша қолданатын шаралар 17
2.1 Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру 17
2.2 Қылмыстық заңның мезгілдегі күші 18
3. Қылмыстық заңды түсіндіру 21
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жалпы ғылымы жоқ ел тұл, ғылымы дамымаған елдің болашағы күмәнді, қазір қарап отырсақ, жер жаһандағы ізгі жетістіктердің барлығы дерлік ғылымның адамзатқа тартқан сыйы, тартуы іспеттес. Тәуелсіздік туын желбіреткен он жылдан бері Қазақстан ғылымы да дамып, әлемге әйгілі бола бастады, кез-келген ғылым саласында ілгері дамушылық көрінісі айқын.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің мемлекетіміз демоқратиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет болып табылады. Еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына құқық нормаларын, құқық саласы ғылымын жетілдірудің маңызы ерекше. Құқық нормалары барлық қоғамдық қатынастардың реттеуші тетігі, кез-келген қоғамдық қатынастар жалпыға бірдей, әділ заң нормалары арқылы жүзеге асырылуы қажет.
Заң талаптарың құқық нормаларын құрметтеу және оны бұлжытпай жүзеге асыру әрбір азаматтың қасиетті борышы.

1. Қылмыстық заң: жүйесі, құрылымы
1.1 Қылмыстық заңның түсінігі және оның мәні

Қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдерінің бірі — қылмыстық заң туралы ілім болып табылады.
Қылмыстық заң дегеніміз — Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың қағидаттары мен жалпы ережелерін, қандай әрекеттін қылмыс екендігін айқындайды және олар үшін жаза тағайындауды белгілейді. Қылмыстық заңның міндеттері — бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдык тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.

1.2 Қылмыстық заңның құрылымы
Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген заң шығарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Қылмыстық кодекстің Жалпы уәне Ерекше бөлімдері баптарға бөлінген. Әр бап тиісті санмен нөмірленген бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады және бөліктер мазмұны мен сипатына және жазалау түріне қарай әр түрлі болып келеді. Сондықтан, іс жүргізу құжаттарында тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар оның бөліктерін де ескеру қажет.
Құқықтық норманың құрылымы мынадай үш түрлі элементтен тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция.
Гипотеза қылмыстық заңда негізінен жалпы бөлі мге қатысты. Яғни, құқық нормалары қолданатын гипотезаны, қылмыстық заңда жалпы бөлім баптары іске асырады. Мысалы, белгілі бір адам занда көрсетілген жасқа толып, қылмысты қасақана немесе абайсыздықпен жасаса және қылмыс жасаған сәтінде жауаптылыққа қабілетті болып танылса, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. [6]

1.3 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші
Қылмыстық заңның күші белгілі бір аумақ бойынша шектелген. Осыған байланысты оның күші тарайтын белгілі бір кеңістіктің анықталуы қатаң мақсатты сипатқа ие. Бұның мәні біріншіден, Қылмыстық кодекстің қылмыстан қорғау және сактандыру сияқты негізгі міндеттерінің орындалуымен байланысты; екіншіден, қылмыстық заңның кеңістіктегі күші мәселесінің заңдылық, азаматтардын, заң мен сот алдындағы теңдігі немесе қылмыстық жауаптылықпен жазадан құтылмайтындық сияқты қылмыстық құқық қағидаттарынын іске асырылу міндеттерімен анықталатындығында; үшіншіден, бұл мәселелерді шешуге әсер ететін халықаралық құқық нормаларының және тиісті конвенциялардың болғандығында. Мұнда мемлекеттік шекара, сол сияқты азаматтықтың түсінігін беретін конституциялық құқықтың нормалары да елеулі роль атқарады. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші жөніндегі нормаларда жүйелі түрде мынадай екі қағидат: аумақтық және азаматтық қағидаттар жүзеге асырылады.

2. Қылмыстық заң бойынша қолданатын шаралар
2.1 Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру
Қылмыстық кодекстің 8-бабымен қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру мәселелері реттелген. Осы бапқа сәйкес басқа мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтарын, егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, сол мемлекетке ұстап беруге болмайды.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде-қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту немесе жазасын өтеу үшін шет мемлекетке ұстап берілуі мүмкін.
ТМД бойынша қылмыс жасаған адамды ұстап беру немесе қылмыстық құдалауды жүргізу 1993 жылғы 22 қаңтардағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы Минск Конвенциясымен реттеледі. Осы Конвенцияның 56-бабына сәйкес, қылмыстық жауаптылыкқа тарту немесе үкімді орындауды іске асыру үшін Конвенцияға қатысушы мемлекеттер өзара сұрау салулар бойынша бір-біріне өздерінің аумағындағы қылмыс жасаған адамдарды ұстап беруге міндеттеніп, келісімге келді. Ұстап беру сұрау салған және сұрау салынған жақтың заңы бойынша жазалануға жататын және жылдан кем емес мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда неғұрлым ауыр жаза көзделген әрекеттер жасалғанда жүргізіледі.

2.2 Қылмыстық заңның мезгілдегі күші
Қылмыстық заңның мезгілдегі күші Қылмыстық кодекстің 4 және 5-баптарымен реттеледі.
ҚК-тің 4-бабында әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығының сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленетіндігі көрсетілген.
Осы ережелерді басшылыққа ала отырып қылмыстық заңның мезгілдегі күші кезіндегі әрекеттің ғана қылмыстылығын және жазаланатынғын анықтауға болады.
Іске асырылудағы, күшіндегі заң деп өзінің күшіне енген және белгіленген тәртіп бойынша өз күшін жоғалтпаған заң танылады.

3. Қылмыстық заңды түсіндіру
Қылмыстық заңды түсіндіру деп, сол заңды дұрыс қолдану үшін оның мазмұнын заң шығарушының еркіне сәйкес ашып көрсетуді айтамыз.
Түсіндірудің қажеттілігі тек кейбір заң мәтіндерінің анық еместігіне және толық еместігіне байланысты олардың мазмұның ашып көрсетуден ғана емес, сонымен қатар оны пайдалануда басқа заңдардан ажыратып, жігін ашып, бөліп қарастырудан туындайды.
Заңды түсіндіру заңдарды, заңнаманы дұрыс түсінуге, заңдылықты нығайтуға үлкен септігін тигізеді.
Қылмыстық заңды түсіндіру әр түрлі негіздерге байланысты бірнеше түрлерге бәлінеді. Яғни ол:

ҚОРЫТЫНДЫ
«Қылмыстық заң: жүйесі, құрылымы» атты курстық жұмыстың І -тарауында «Қылмыстық заң: жүйесі, құрылымы» деп аталып, онда мынадай мәселелер қаралды: қылмыстық заң жазалау қатерімен тынып салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады.
Қылмыстық заң — қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі. Сот үкімі, ұйғарымы немесе қаулымы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың тек нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.
Қылмыстық заңның ережелері міндетті болып табылады. Оларды орындау немесе сақтау лауазымды адамдардың сондай-ақ барлық азаматтардың міндеті.
Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген заң шығарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Қылмыстық кодекстің Жалпы уәне Ерекше бөлімдері баптарға бөлінген. Әр бап тиісті санмен нөмірленген бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады және бөліктер мазмұны мен сипатына және жазалау түріне қарай әр түрлі болып келеді. Сондықтан, іс жүргізу құжаттарында тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар оның бөліктерін де ескеру қажет.