Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 13 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Саттар Ерубаев (1914-1973)


Жоспар
1 Саттар Ерубаев (1914-1973) 3
1.1 Жарқ еткен сәуле ғұмыр 3
1.2 Құйрықты жұлдыздай ағып өткен 5
1.3 «Арманының ақ желкені асқақтап» 8

1 Саттар Ерубаев (1914-1973)
Қысқаша өмірбаяны: Саттар Ерубаев 1914 жылы Түркістан ауданыныда дүниеге келді. Балалар үйінде тәрбиеленген.
1927 жылы Түркістан ауданы, «Комсомол» колхозында қызмет істейді. ҚазКСР Оқу халық комиссариатының жоғары оқу орнында даярлау курсын,Ленинградтағы философия және тарих институтын бітіреді. «Лениншіл жас» және «Ленинская смена» газетінің әдебиет бөлімдерін басқарды. «Лениншіл жас» газеті редакторының орынбасары әрі Алматы жоғары ауылшаруашылық мектебі философия кафедрасының ассистенті болды.

1.1 Жарқ еткен сәуле ғұмыр
Құйрықты жұлдыздай ғана қысқа ғұмырында соңыны мол мұра қалдырып кеткен қаламгер Саттар Ерубаев 1914 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданыңның «Арыс» совхозының Ұзын құдық жайлауында туған. 1923 жылы Түркістан жеті жылдық мектебінде оқыды. Осы мектепті үш жыл оқығаннан кейін, комсомол қатарына өттіп, аудандық комсомол біраз қызмет істеді.

1.2 Құйрықты жұлдыздай ағып өткен
Саттар Асқарұлы Ерубаев Қазақ әдебиетінің аспанына жарқ етіп көтеріліп, бірақ лезде жалт етіп ағып түскен жұлдыздарының бірі, өмір дегенде өксігін баса алмай, өнерінің барлық гүлін аша алмай арманда кеткен жас талант Саттар Асқарұлы Ерубаев қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданында 1914 жылы дүниеге келген. Ауыл балалары сияқты молданың солқылдаған көк шыбығына көнбестен Саттар Түркістандағы бастауыш мектепке ашып кетеді. Мұны бітіргеннен соң жетіжылдық орыс мектебінде оқып, оны үздік аяқтап шығады.
1930-шы жылы Саттардың белсенді комсомол мүшесі және зейінді жас екені ескеріліп, жоғары оқу орындарына даярланатын Алматыдағы дайындық курсына жіберіледі. Сол жылы ол Қазақстан оқу Комиссариатының арнайы жолдамасымен Ленинград тарих, философия және лингвистика институтына түседі.