Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Реферат

Объем: 4 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Іскер маманның шаршы топ алды сөз сөйлеуге даярлануының әдістемелік шарттары

«Небір өнер не даналық шыңына оларды оқып-үйренбей жету әсте мүмкін емес», - деп түйіндеген ғұлама Демокрит. Бұл орайда ұйымдастыра білгеннің қашан да ұтары даусыз. Кәсіби маман іс-әрекетінің алдын-ала ұйымдастырылуы - түсінікті де нақты, логикалық тұрғыда ойлануға және тиімді қалыпта хабарлама жасауға бастар жол.
Сөз сөйлеудің қандай формасын (сөйленер сөздің сұлбасы, тірек сөздер не толық конспект) қолдансақ та, бүл орайдағы алғашқы әрбір қадамымыз бастапқы жоспар ретінде қабылданады. Бұлар әрқилы. Олар сан алуан жаңа дағдыларды талап етеді. Олар өте-мөте нәзік қимылды қажет етеді. Десек те, біз олардың түпкілікті мақсатқа қызмет етерін білеміз.

Қашан да аудитория шешеннен тыңдаушыларды жалықтырмайтын, тақырыпқа сәйкесті ақпарат беретін не сенім ұялатар түйін айтатын және көпшілікке беймәлім сюрприздермен риза қылар мезеттерге толы тұшымды сөз күтеді. Сондай-ақ аудитория кейін дұрыс шешім қабылдау үшін, шешеннен нақтылы ақпарат, соз мазмұнына сәйкес мағыналы тұрғыда бағыт сілтер, алғы істерге орайлас үлкен сенім туғызар тұжырым күтеді. Көбіне-көп мәжіліске сюрприздер не түрлі көңіл көгерер сергіту сәттері тән емес. Бірақ бұл осы реттегі сөйленер сөздің бір сарындас не жалықтырар қалыпта болуы керек дегенді аңғартпайды.

3. Кідірісті орынды қолдана білу. Тиімді қолдана білсек, олардың әсері ерекше әрі олардың көбірек болғаны жон. Кідіріс ойымызды жинақтай алу үшін де қажет. Кідіріс тыңдаушыларға естігендерін ой елегіне сала отырып, екшей түсу үшін, одан әрі тыңдау үшін де қажет. Жалпы көпшілік аудитория ауызша айтылар хабарларға бейім болып келеді. Сәйкесінше, оларға ойлануға уақыт қалдырып отырғанымыз жөн. Әсіресе, бұл күнілгері арнайы жазып әзірленген мәтін бойынша сөз сөйлеуде керек-ақ.