Предмет: Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
Тип: Бақылау жұмыс
Объем: 14 стр.
Год: 2011
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
Жоспар
1 Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері 3
1.1 Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу 3
1.2 Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру 4
1.3 Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату 5
1.4 Соғыс қылмыстары 5
1.4.1 Соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану 5
1.4.2 Жалдамалылық 7
1.4.3 Адамзатқа қарсы қылмыстар. Геноцид 8
1.4.4 Экоцид 9
1.5 Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыс 10
1.5.1 Халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау 10
1.5.2 Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру 12
Әдебиеттер 14
1 Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
1.1 Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу
Қылмыстың тікелей объектісі-халықтар арасындағы бейбітшілік. Мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі және достығы. Объективтік жағынан қылмыс басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу немесе тұтандыру арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстың объективтік жағы бірнеше балама әрекеттерден тұрады. Оның біріншісі-басқыншылық соғысты жоспарлау. Жоспарлауға халықаралық құқық нормаларына қайшы түрде бейбіт тұрғындарға қарсы соғыс әрекеттерін жүргізудің арнаулы жоспарларын жасау, соғыс әрекеттерін жүргізуге бағытталған әртүрлі әдістемелік құралдар жасау, соғыстың құрбаны болатын мемлекетті белгілеу, басқыншылық соғыс әрекеттерін жүргізудің мерзімін және көлемін белгілеу әрекеттері жатады.
1.2 Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру
Қылмыстың тікелей объектісі мемлекеттердің өзара бейбіт өмір сүру және өзара тату қарым-қатынаста болу мүддесі болып табылады. Қылмыс объективтік жағынан басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру арқылы жүзеге асырылады. Басқыншылық соғысты тұтандыруға шақырулар ашық немесе көмескі түрде болуы мүмкін.
1.3 Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату
Қылмыстың тікелей объектісі бейбітшілік қауіпсіздігі және бейбіт қатар өмір сүру қауіпсіздігі болып табылады. Қылмыстың затына Қазақстан Республикасында халықаралық шарттар бойынша өндіруге тыйым салынған жаппай қырып-жоятын қарулар немесе олардың басқа түрлері, химиялық, биологиялық заттар жатады. Жаппай қырып-жоятын қаруларға-ядролық қарулар жатады.
1.4 Соғыс қылмыстары
1.4.1 Соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану
Соғыс жүргізуді реттейтін бірсыпыра заңдылық күші бар халықаралық актілер мен конвенциялар бар. Оларға 1856 жылы 16 сәуірде Парижде қабылданған теңіздегі соғыс туралы Декларация; 1868 жылы 11 желтоқсанда Санкт Петербургте қабылданған жарылатын немесе күйдіретін қаруды қолдануды жою жөніндегі Декларация, 1899 және 1907 жылдары Гаагада қабылдаған Декларациялар, 1949 жылы Женева конвенциясы (соғыс құрбандарын қорғау туралы), 1954 жылы 14 мамырдағы Гаага конвенциясы (соғыс жағдайында мәдени құндылықтарды қорғау туралы) және тағы басқалары.
1.4.2 Жалдамалылық
Қазақстан Республикасы халықаралық құқық нормаларын басшылыққа ала отырып, жаңа Қылмыстық кодекске жалдамалылық үшін қылмыстық жауап-тылықты белгілейтін арнаулы бапты енгізеді. Қылмыстың тікелей объектісі халықаралық құқық нормалары белгіленген соғыс жүргізудің құралдары мен әдістерін қолдануды реттейтін қоғамдық қатынастар. Объективтік жағынан қылмыс заң диспозициясында көрсетілген бірнеше тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда:
1.4.3 Адамзатқа қарсы қылмыстар. Геноцид
Геноцид-халықаралық құқық нормасы арқылы белгіленген қылмыс. Оның қоғамға қауіптілігі сол ол бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүзеге асырылатын қоғамға аса қауіпті іс-әрекет. 1948 жылғы Халықаралық конвенция геноцидтен сақтандыру және оған жаза тағайындау шараларын белгіледі. Бұрынғы КСРО осы Конвенцияға 1954 жылы 18 наурызда қол қойылған.
1.4.4 Экоцид
Қылмыстың тікелей объектісі-адамзаттың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар.Қылмыстың заты өсімдіктер немесе жануарлар дүниесі, сондай-ақ атмосфера, жер немесе су ресурстары.
1.5 Халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыс
1.5.1 Халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау
Қылмыстық кодекстің 163-бабында халықаралық қорғау аясына алынған адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасағаны үшін жауаптылық көзделіп отыр. Бұл қылмыстық-құқықтық норманың негізгі мәні халықаралық қорғауға алынған ұйымдар мен адамдарды кез келген экстремистік топтың шабуылынан, қылмысты қол сұғуынан қорғау, сөйтіп соғысқа арандату немесе халықаралық жағдайды шиеленістіруге жол бермеу болып табылады.
1.5.2 Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру
Қазақстан Республикасының Конституциясында «тегіне», әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды».
Қылмыстың тікелей объектісі-әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни бостандықтар мен теңдіктерді қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.