Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Саясаттану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 11 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Саяси партия саяси жүйенің институты ретінде


Жоспар

1 Саяси партия саяси жүйенің институты ретінде 3
1.1 Партия ұғымы, мәні 3
1.2 Партияның белгілері мен қызметтері 5
1.3 Партиялардың пайда болуы, қалыптасу эволюциясы 8
Әдебиеттер 11

1 Саяси партия саяси жүйенің институты ретінде

1.1 Партия ұғымы, мәні

Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. «Партия» деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу,бөлшек деген мағынаны білдіреді.
Саяси партия қоғамның саяси өміріндегі ең күрделі және сан қырлы құбылыс болғандықтан саяси партияның мәнін дәлірек анықтаған жөн. Қазіргі саясаттануда саясатты дәріптеушілердің арасында саяси партияның мәні мен мазмұны туралы әр түрлі пікірлер бар. Партияға анықтама да көп. Партия деген не дейтін болсақ, ол туралы түсінікті бірнеше бағытқа бөлуге болады.
Бірінші бағыттағылар: партия-адамдардың идеологиялық байланыстарына негізделген тобы деп анықтама береді. Бұл бағыттың пікірінше, партия-өзара идеологиялық байланыста болатын топтар. Б. Констан былай деп жазады: «Партия-бір ғана саяси доктринаны мойындайтын адамдар тобы».

1.2 Партияның белгілері мен қызметтері

Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Ла Паломбараның ойынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады:
1) партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі;
2) партия – адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың әр түрлі деңгейінде әжептәуір ұзақ біріктіретін ұйым;
3) партияның басты мақсаты – билікті қолға алып, жүзеге асыру (көбінесе ол коалициялық жолмен жасалады);
4) әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.

1.3 Партиялардың пайда болуы, қалыптасу эволюциясы

Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болады. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.

Әдебиеттер

1 Балгимбаев А. С. Проблемы формирования партийной системы в РК / Демократическая модернизация Казахстана: стратегия развития в 21 веке. – Алматы, 1999. – С. 37–39.
2 Бабакумаров Е. Ж. Казахстан: политическое измерение социальной стратификации общества. – Алматы, 1999. – С. 97–99.
3 Антонова И. М. Общественные движения и проблемы власти // Социально политические науки. – М., 1999. – № 4. – С. 7–19.
4 Булуктаев Ю. А. Дьяченко С. А., Карамзина Л. И. Политические партии Казахстана: справочник. – Алматы, 1998. – С. 57–59.