Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі

Тип: Реферат

Объем: 9 стр.

Полный просмотр работы

Алфавит – рухани бірлік негізі

Қазір қазақ халқының рухани дамуы бір жолайрықта тұрған сияқты. Руханиятымызға батыс мәдениетін үлгі етеміз бе? Жоқ дәстүрлі ұлттық мәдениетімізді негіз етіп алып, соны одан ары дамытамыз ба? Ғаламдасу бағытына бүтіндей бейімделіп, оның ауыр да, рахымсыз талаптарына шартсыз тізе бүгеміз бе? Жоқ ұлттық болмысызды сақтай отырып, әлемдік қауымдастықтың құрамында дербес рухани құндылығы бар ұлт ретінде өмір сүреміз бе? Осының бәрі бүгінгі күннің алдындағы аса жауапты міндеттер. Осындай шешімін таппаған мәселелердің қатарында алфавит таңдау проблемасы да тұр. Бұл өзі шешімін тапқан, таңдауы біткен мәселе секілді. Басқа түркі текті халықтармен бірге латын алфавитіне көшеміз деген пікір жұрт арасында орнығып үлгерген. Түркия бұрыннан латын алфавитін қолданып келеді, басқа туысқан жұрттар да ептеп көшіп жатыр. Көптен бөлінбеу, көштен қалмаудың қамын ойлағанда бұл да дұрыс таңдау болып тұрғандай. «Барар жерді мақтай бер, қалар жерді таптай бер» дегендей латын алфавитінің ерекшелігін айтқанда таңдайымыз таңдайымызға жұқпайтын шешен болып алдық. Жұрттың көбі латын графикасын алу тиімді дегенге шынымен сенеді, оның артықшылығын дәл бір өзі зерттеп біліп отырғандай тамсана отырып айтады. Олардың тұжырымдары бойынша түркі халықтарының біразы латын графикасына көшіп жатыр.

Екінші алфавит болашақ үшін де тарих үшін де қызмет ететін болу керек. Латын алфавитіне көшу түркі халықтары ортақ тұжырымға келіп барып қабылданған шешім деп көңілімізді алдарқатамыз. Солай бола тұрса да біздің ойымызша латын графикасын қабылдауда алфавит таңдаудың алғы шарттары мен себебі толық ғылыми негізде қарастырылып отырған жоқ.
Алфавит таңдауда үш түрлі басты шарт болуы керек: бірінші – тарихи шарт, екінші – ғылыми шарт, үшінші – саяси шарт.

Екінші дербес жазудың болуы – мемлекеттік құпияларды сақтаудың техникалық кепілі. Бұл өз кезегінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің де бір кепілі. Қазір біз компьютерде Американың программаларын қолданамыз. Сондықтан біздің компьютерлеріміздегі құпия деректеріміз сол программаларды жасаушылар мен оны жақсы білетіндер үшін «дайын аспен» тең. Жапондықтар өздерінің компютерлік жүйесін әлемге ашпай құпия ұстауда. Ол құпиялықтың басты кепілі жапон графикасының даралығы. Бүгінгі күні хаккэрлер емін-еркін кіре алмайтын дүниедегі бірден бір жүйе осы жапондықтарға ғана тән.

Олар «мың» деген сан есімді «мын» деп, «мең» деген зат есімді «мен» деп дыбыстайды. «Ң» деген дыбысты жеке айтсаң құйрығы бар «н» ба, құйрығы жоқ «н» ба деп сұрайды. Көптеген адамдар «і» дыбысының орнына «и» дыбысын, «ө» дыбысының орнына «у» дыбысын қолданады. Мысалы, Өмірбек деудің орнына «Умирбек» дейді. Темірді «Тимур»-ға алмастырады. «Ә» дыбысы адам аттарында қолданыстан шыққан. Оның орнына түгел «А» дыбысын қолданамыз. Мысалы, Әбдібекті «Абдыбек» дейміз.