Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 21 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Несиенің формалары және түрлері


Жоспар
Кіріспе 3
І. Коммерциялық несие 5
1.1 Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы 7
1.2 Тұтыну несиесі 9
1.3 Ипотекалық несие 10
1.4 Мемлекеттік несие 12
ІІ. Банктік несие 14
2.1 Несие түрлері 16
Қорытынды 19
Қолданылған әдебиеттер 21

Кіріспе

Нарықтық экономикада несие банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты капиталдың, яғни қарызға берілген ақша капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және несие берушінің қарыз алушы арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.

І. Коммерциялық несие

Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие, көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген қарызын уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме, яғни вексель қолданылады.

1.2 Тұтыну несиесі

Тұтыну несиесі – бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық және банктік формада берілетін несие.
Тұтыну несиесінің негізгі міндеті – тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан – тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан – тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілетіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе қазіргі уақытта нарықтың тауарлармен толығу жағдайында көрінеді.

1.3 Ипотекалық несие

Ипотекалық несие – жылжымайтын мүліктерді : жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
Ипотекалық несие беру – тұрғын үй саласына инвестициялар тартудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Дәл осы ипотека, халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту, банктердің тиімді және пайдалы жұмыс істеу, құрылыс кешенінің өндірісті ырғақты жұмыспен жүктеу және халыққа ипотекалық несие беруді кең қолдануға жәрдемдесетін экономикалық өсуге ынталы мемлекеттің мүдделерін үйлестіруге мүмкіндік береді.

1.4 Мемлекеттік несие

Мемлекеттік несие – азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе қарыз беруші ретінде мемлекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы.
Мемлекеттік несиенің негізгі формасы – мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер ( вексельдер және де т.б. несиелік міндеттемелер ) ресми түрде бюджеттегі уақытша кассалық үлесті жабу үшін, бірақ іс жүзінде бюджет тапшылығына байланысты шығарылады. Қазақстанда 1994 жылдың сәуір айынан бастап қазыналық вексельдер аукционы үнемі өткізіледі.
Халықаралық несие – валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар аумағындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы.
Кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.

ІІ. Банктік несие

Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие – қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несие. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез – келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы
Кез – келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсіпорнына қарызға береді.
Банктік несиенің коммерциялық несие аясына қарағанда қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.

2.1 Несие түрлері

Несие түрлері – бұл белгілі – бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде несиеден келіп шығатын белгілі – бір қасиеттерге ие оның бір түрі.
Түрдің формадан айырмашылығы – түр диалектика категориясы болып табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсінуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады.
Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:

Қорытынды

Несиенің нарықтық экономикадағы мәні мен мазмұнын, оның қажеттілігін, формалары мен түрлерін, төлем қабілеттілігін жан – жақты талдау нәтижесінен мынадай түсініктер қалыптасады:
Несиенің қажеттілігі ұдайы өндіріс процесі фазаларының бірлігі мен өзара әсерін қамтамасыз ететін тауар-ақша қатынастарының, құнының тауарлай және ақшалай формаларының бар болуымен түсіндіріледі.
Құнының тауарлай және ақшалай формасына сәйкес несиенің екі негізгі формалары қарастырылады – коммерциялық және банктік. Егер коммерциялық несие тауарлық формада берілетін болса, онда банктік несие ақшалай формада беріледі. Банктік несие әмбебап болып табылады, өйткені банк арқылы қайтарымдылық, төлемділік шарттарымен қайта бөлінетін ақшалай қаражаттар экономиканың барлық салаларында қолданылады.
Несиенің түрлері - бұл белгілі - бір түрдегі экономикалық қатынас ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.
Төлем қабілеттілігін талдау деп қарыздық міндеттемелерді қарыз алушының тұтыну ссуда есебіне күнделікті өтеудің қаржылық мүмкіндіктерін талдау.