Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 39 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Әлеуметтік-экономикалық болжау


ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 3
І ҚАЗАҚСТАН XXI ҒАСЫР ҚАРСАҢЫНДА. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАУ ЖӘНЕ ШАҒЫН БИЗНЕС ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТҰТҚАСЫ 6
1.1 Қазақстандағы экономикасы, әлеуметтік, саясат және интеграция 6
1.2 Қазақстандағы шағын бизнес, кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі 13
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ, ҰСЫНЫСТАР МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 21
2.1 Өндірістік инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттің реттеушілік ролі 21
2.2 Қазақстанның аймақтарын дамыту және мемлекеттік реттеу 29
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 39

КІРІСПЕ
Соңғы жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен және дағдарыстармен ұласатынын және қоғам тарапынан көп күш-жігер жұмсауды қажет ететінін көрсетті. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс, жеткілікті дәрежеде негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс зардаптарға сөзсіз әкеліп соғады, мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің тәжірибесі айқын дәлелдейді.

І ҚАЗАҚСТАН XXI ҒАСЫР ҚАРСАҢЫНДА. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАУ ЖӘНЕ ШАҒЫН БИЗНЕС ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТҰТҚАСЫ
1.1 Қазақстандағы экономикасы, әлеуметтік, саясат және интеграция
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында (Астана, 2005 жылғы 18 ақпан) – былай дейді: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Біз жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтып, бірлесіп тағы да бір Қазақстан орнататындай межеге жақындадық. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық.
Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз жеті жүз доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз долларға жетті, ендеше биылғы жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.

1.2 Қазақстандағы шағын бизнес, кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі
Экономиканы құрылымдық жағынан қайта құрудың жолы — негізінен мемлекеттік емес меншік нысандарын пайдаланатын шағын және орташа кәсіпорындардың үлес салмағын арттыру. Бұл жағдайда ондай кәсіпорындар саны тек қазіргі кездегі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру есебінен емес, ал жаңа кәсіпкерлік құрылымдар есебінен көбейтілуге тиіс. Сондай кәсіпорындар құру және олардың қуатын арттыру аймақтың саясаттың маңызды құрамдас бөлігіне айналуы керек.
Аймақтың деңгейде шағын кәсіпкерлік жөніндегі саясат аймақтың әлеуметтік-экономикалық саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру кезеңдерінің жалпы жүйесімен ұштасуға тиіс. Бұл жерде:

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ, ҰСЫНЫСТАР МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Өндірістік инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттің реттеушілік ролі
Қоғамдық өндіріс екі үлкен сферадан тұрады. Оның біріншісіне — қоғамның материалдық - заттық қажеттіліктерін қанағаттандыратын салалар жататын болса, екіншісіне — оның материалдық емес (информация, әр түрлі қызметтер т.б.) сұраныстарын қамтамасыз ететін салалар жатады. Дегенмен, бұл сфералардың дұрыс дамуы үшін белгілі бір сыртқы жағдайлар (материалдық өнімнің айналуы, шаруашылық байланыстарды қалыптастыру, информацияны өңдеу және жеткізу т.б.) қажет. Кәсіпорындар жұмысының сыртқы жағдайларын қамтамасыз етумен, экономикалық әдебиеттерде «инфрақұрылым» аталатын, экономиканың өзінше бөлек сферасы айналысады.

2.2 Қазақстанның аймақтарын дамыту және мемлекеттік реттеу
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың аймақтық аспектісі бүгінгі күні ғылыми зерттеулердің ең әлсіз зерттелінген объекті болып табылады. Оның негізгі себептері: а) халық шаруашылығы мәселелерін жоспарлы шешудің қағидалары мен әдістерінен бас тарту; ә) өндіргіш күштерді тиімді орналастыру жөніндегі зерттеулерді азайту және б) шаруашылық пен әлеуметтік үрдістерді басқарудағы орталық және жергілікті басқару органдардың функционалды міндеттемелерді өзара бөлісудегі ретсіздік. Бірақ аталған мәселелерді шешуге әлі де қажетті көңіл бөлінбейді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Нарықты экономика мен оның салаларының дамуын мемлекеттік реттеудің жалпы заңдылықтарын, теориялық - методологиялық және ұйымдастырушылық мәселелерін зерттеу нәтижелері төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Ашимбаев Т.А. Государственное регулирование перехода к рыночным отношением. // Известия HAH РК. Серия «Общественные науки» — Алма-Ата, 1993. №2.
2. Валовой Д. Кремлевский тупик и Назарбаев - М.: Молодая гвардия, 1993.
3. Владимирова Л.П. Прогнозирование и татрование в условиях рынка. - М. Дашков и К, 2000.
4. В. Клаус. Десять заповедей чешасой реформы: // Известия. 1994. 5 апреля.