Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 24 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қаржы рыногы


Жоспар
1 Қаржы рыногы 3
1.1 Қаржы рыногы туралы ұғым 3
1.2 Бағалы қағаздар рыногы және оның түрлері 7
1.3 Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы 14
1.4 Қор биржасы 20
Әдебиеттер 24

1 Қаржы рыногы
1.1 Қаржы рыногы туралы ұғым
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттар мен бірге қаржы рыногының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы рыногы бұрын соңды болған емес.
Қаржы рыногы – бұл ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөнідегі операцияларда жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа рыноктармен етене байланысты.

1.2 Бағалы қағаздар рыногы және оның түрлері
Жоғарыда баяндалғандардан туындағандай, бағалы қағаздар рыногы – шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлігі. Бұл рыноктың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе, инвестициялық процесстерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді.
Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процесстердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау процессіне қатысты.

1.3 Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы
Бағалы қағаздардың эмиссиясы - бұл жарғылық капиталды калыптастыру немесе қарыз қаражатын тарту мақсатымен бағалы қағаздар шығару және орналастыру. Бағалы қағаздарды жекешелердің және мемлекеттің шығаруы мүмкін.
Бағалы қағаздарды айналысқа шығару – эмиссия – бұл бағалы қағаздарды олардың бастапқы иелеріне - инвесторларға, яғни заңи тұлғаларға және азаматтарға сату.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы:

1.4 Қор биржасы
Бағалы қағаздармен сауда – саттықты қор биржасы, заңдарға сәйкес өзге де ұйымдар ұйымдастырады.
Қор биржасы – акционерлік қоғамның ұйымдық – құқықтық нысанында құрылған, осы сауда – саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда – саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға және акционерлік қоғам нысанындағы өзін-өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін-өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық – техникалық дамытуға пайдаланады.
Қор биржасы: