Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әдебиет

Тип: Реферат

Объем: 9 стр.

Полный просмотр работы

Шортанбай Қанаұлы (1818-1881)

Шоратанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың семьясында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қассиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған.

Қиялына қанат бітіріп, өнер-білім биігіне талпынтқан алғашқы тәлім-тәрбие ұясындай ізгі әсер еткен, парасатты ақыл иелеріне жкқын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Көзі ашық, сауатты, білімге құштар жасқа үлгі-өнер боларлық ойлы орта,тәлімге-ұстаздар да кезіксе керек-ті.
Көкірегі ояу, көркемдікке әуес сезімтал жас естіген есті сөздерін құлағына құйып, көрген ғажайыптарың ойына орнықтырып, шама-шарқынша ақылға салып, санамен салмақтайды.

Нағыз ақын өзінің ішкі жан сезім дүниесін нәзік те, нәрлі сөздермен суреттейді. Ішкі сезімге құрылған тамаша лирикалар жасайды. Бұл – жеке адамдар өміріне, сезіміне байланысты лирикалық туындылар. Сол адамдар сезімін әсем табиғат құбылыстарымен де көмкеріп, жыр төгеді. Табиғат лирикасын дүниеге әкеледі. Тылсым табиғатты қыз-бозбала ғашықтығымен ұштастырса, тамаша сурет туындайды. Осылайша лирикалық нәзік те әсерлі тағы бір саласы дамиды.

Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны, ақылғой шешен жырауы. Өзі өмір кешкен замана шындығын барлық көрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай творчествосы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің айнасы, әсіресе, кедей – кеншік, момын шаруаларының тұрмыс тіршілігінің шынайы куәгері. Жан-жақты талан-таражға душар боп жатқан туған елінің ауыр тағдырын тайға таңба басқандай бейнелей білген білгір жазушы.

ХІХ ғасырдың көптеген ақындары қазақтың тәуелділікке душар боп, қоныс қысымына ұшырағанын күйіне жырлады. Қолынан шығып кеткен мекендеріне іштері қазандай қайнап, жоқтау айтып, зар жылады. Патшалықтың ең ілкі тырнағына ілінген Сарыарқа, Еділ, Жайық, Есіл, Ертіс жер суларының шұрайлы бойларынан айрылу шымбайына қатты батты.
Шортанбай туралы пікір айтқан кейбір зерттеушілер оны өмірден түңілген жігерсіз, қайғы мен зардың ақыны деп келді. Жоғарыда келтірілген өлең жолдары ақынның бойындағы басым күш – түңілу емес, жігерлілік, үмітсіздік емес, батыл күреске үндеу, оптимистік, патриоттық сезім екенін көрсетеді.

Олардың алғашқы зерттеу еңбектері 1940 -1942 жылдары баспа бетін көрді. Шортанбайдың өз туындылары "ХҮІІІ - ХІХ ғ. ақындары шығармалары" (1962) мен "Бес ғасыр жырлайды" (1989) жинақтарында, "Жұлдыз" журналында (1991) басылды.