Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Информатика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 22 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)


Мазмұны
Кіріспе 3
Тарау 1. ЖІӨ туралы түсінік және оның Қазақстандағы жағдайы 5
1.1 Жалпы ішкі өнім түсінігі және оның ұлттық шоттар жүйесіндегі орны 5
1.2 Жалпы ішкі өнімді есептеудің әдістері 6
Тарау 2. Қазақстанның ЖІӨ табиғи ресурстардың әлемдік бағалары көмегімен Statistica программасының көптік регрессия модулі бойынша модельдеу мен болжау 10
2.1 Қазақстан Республикасының ЖІӨ табиғи ресурстардың әлемдік бағалармен модельдеудің мәні мен мақсаты 10
Тарау 3. Алынған модельдерді және Қазақстан ЖІӨ мен әлемдік минералды ресурстар нарығымен байланысына талдау және түсінік беру 17
3.1 Қазақстан Республикасы ЖІӨ мен әлемдік минералды ресурстар бағаларына талдау, түсінік беру және алдағы саясатына пікір қосу 17
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер 22

Кіріспе

Әлемде ХХ ғ-дың 2-жартысынан кейін экономиканы болжаудың ролінің өскеніне тарих дәлел болып отыр. Ол әр түрлі қоғамда әр түрлі мақсатта пайдаланғанымен, оның яғни болжаудың әдістері мен тәсілдері ұқсас болды. Капиталистік елдерде болжау мемлекеттік органдарымен қоса жекелеген кәсіпорындар пайдаланатын болса, ал коммунистік елдерде ол тек арнайы мемлекеттік органдармен есептеліп алдағы қысқа немесе ұзақ мерзімдік жоспарлар құруға пайдаланылатын болған.
Экономикалық және саяси-әлеуметтік жағдайлардың күрделенуіне байланысты оларды алдын-ала болжап қарау да қиындап кетті. Бұл өз кезегінде болжау ғылымының дамуына сұранысты өсірді. Мұнда негізгі ауыртпалық математика ғылымына түсті, және математика оны көтере алды деп дөп айта аламыз. Мұнда математиканың қолданбалы салалары пайда бола басталды. Олар: математикалық статистика, ықтималдықтар теориясы, эконометрика және т.б. ілімдер.
Қазір біздің қоғамдағы болып жатқан процесстерге әр түрлі көзқарастар бар. Бірақ әр түрлі саяси күштер бұл процесстерді қалай қабылдайтынына қарамастан, олардың ешқайсысы өмірдегі экономикалық жағдайдың күрделене түскенін жоққа шығара алмайды. Жекелеген де, қоғамдық көзқарастарға да қатысты шешімдер қабылдау біршама қиындап кетті.

Тарау 1. ЖІӨ туралы түсінік және оның Қазақстандағы жағдайы

1.1 Жалпы ішкі өнім түсінігі және оның ұлттық шоттар жүйесіндегі орны

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің жалпы экономикалық жағдайының көрсеткіші. Ол ұлттың жалпы материалдық әл-ауқатын бейнелейді, себебі, өндіріс деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым елдің әл-ауқаты жоғары болады.
ЖІӨ-нің зерттеу заты экономикалық бірлік – белгілі бір уақыт аралығындағы товарлар мен қызметтерді соңғы тұтынуға жіберетін өндіруші резидент болып табылады.
ЖІӨ көрсеткіші жалпы экономикада өте маңызды мәнге ие. Оны өндіріс нәтижелерінің, экономикалық даму деңгейінің, экономикалық өсу темпінің, экономикада еңбектің өнімділігін талдауының және т.б. мінездемелерге қолданылады.

1.2 Жалпы ішкі өнімді есептеудің әдістері

ЖІӨ келесі үш әдіс бойынша есептеле алады:
 Жалпы қосымша құн жиынтығы ретінде (өндірістік әдіс);
 Шеткі пайдалану компоненттерінің жиынтығы ретінде (шеткі пайдалану әдісі);
 Алғашқы табыстар жиынтығы ретінде (таратылым әдісі).
Өндірістік әдіспен есептеу кезінде ЖІӨ барлық өндірістік бірліктердің – салалар немесе секторлар бойынша топталған резиденттердің жалпы қосымша құндарының жинақтау жолымен есептелінеді.
ҰШЖ-де қосымша құн көрсеткіші өнімге деген субсидиді қосатын, өнімге деген салықты алып тастайтын (мысалға: сату салығы, ҚҚС және с.с.) негізгі бағалармен бағаланады. Мұндай әдіс ЖІӨ-ді құрастырудағы әр саланың үлесін дәл өлшеуге мүмкіндік береді. Жалпы қосымша құн мен ЖІӨ арасындағы өзара байланыс келесі түрде анықталатын айтып кеткен жөн:

Тарау 2. Қазақстанның ЖІӨ табиғи ресурстардың әлемдік бағалары көмегімен Statistica программасының көптік регрессия модулі бойынша модельдеу мен болжау

2.1 Қазақстан Республикасының ЖІӨ табиғи ресурстардың әлемдік бағалармен модельдеудің мәні мен мақсаты

Қазақстанның экономикасы шикізат өндіру саласына бағытталғаны анық. Осыдан елдің дүниежүзілік шикізат нарқына тәуелді екенін айтпасақ та түсінікті. Ал дүниежүзілік нарық сол шикізаттардың бағаларының өзгеруіне тәуелді өзгеріп отыруы мүмкін. Ол экономикалық заңдылық. Бұдан туындайтын бірінші ой, егерде дүниежүзілік нарық оның бағасына, ал Қазақстан экономикасы сол дүниежүзілік нарыққа тәуелді болса, неге Қазақстан экономикасы дүниежүзілік шикізат бағаларына тәуелді болмауы керек. Әрине бұны былайша айта салу оңай, бірақ оны заңдылықтар мен дәлелдеу әрқашан мүмкін бола бермейді. Бұл кезде ең оптималды жол ол экономика-математикалық модельдерге жүгіну. Әрине Қазақстан экономикасы жекелеген минералды ресурстарға тәуелді болуы мүмкін емес. Ол тек бірнеше көрсеткіштерден тәуелділіктер мен байланысты анықтауға болады. Сондықтан да біз бірнеше отын, тау, түсті және қара металдар шикізаттарына дүниежүзілік бағалары көрсеткіштерін таңдадық.

Тарау 3. Алынған модельдерді және Қазақстан ЖІӨ мен әлемдік минералды ресурстар нарығымен байланысына талдау және түсінік беру

3.1 Қазақстан Республикасы ЖІӨ мен әлемдік минералды ресурстар бағаларына талдау, түсінік беру және алдағы саясатына пікір қосу

Мұнда негізгі мақсат көптік регрессия әдісі бойынша алынған Қазақстан Республикасының ЖІӨ мен әлемдік минералды ресурстары бағалары арасындағы байланыс моделін және сол арқылы тұрғызылған болжамды басқа салыстыру үшін құрастырылған модельмен салыстыру. Бізде ол салыстырушы модель ол АРИАО моделі бойынша салынған ЖІӨ моделі мен болжам.

Қорытынды

Жоғарыдағы айтылғандарды қорытындылай келе математикалық әдістердің үлкен әмбебаптылығын айта кету қажет. Егер әр түрлі мамандық зерттеушілері бір мәселені әр түрлі тілде, әр қалай суреттеп бір тілге келтіре алмаса, онда оны математикалық тіл оны бір жалпы заңдылыққа айналдырады, оған қоса оларға ортақ бір шешім қабылдауы да мүмкін.
Біз алдыңғы бөлімдерде еліміздің экономикасын математикалық модельдеуі қажет екенін көріп байқадық. Ол біріншіден экономиканы бақылауға, бақаруға, алдын-алуға және талдауға үлкен үлесін қосатынын байқатты. Математикалық модельдеудің көмегімен экономиканы жалпы түсіну, заңдастыру және болжау оңайға түседі. Ал бұл қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында өте маңызды мәселелердің бірі. Ол шынайы проблемаларды шешуге үлкен үлесін қосады. Ол экономикалық ақпарат жүйесін дамытуға үлес қосады. Сол ақпараттарды өңдеуді, түзетуді талдауды мүмкін жолға қояды. Ал біздің бұнда ұстанған көптік регрессия моделінің тиімділігі мол екенін байқатты.