Сақтандыру шартының субъектілері, құқықтары мен міндеттері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Сақтандырудың жалпы сипаты 8
1.1 Сақтандырудың түсінігі 8
1.2 Сақтандырудың даму тарихы 12
2 Сақтандыру құқығындығы субъектілер және олардың түрлері 23
2.1 Сақтандыру құқығы бойынша суъектілер түсінігі мен негізгі түрлері 23
2.2 Уәкілетті аудиторлық ұйым –құқық субектісі ретінде 35
2.3 Сақтандыру шарты бойынша субъектілердің құқықтары мен міндеттері 45
3 Сақтандыру субъектілерінің жауапкершілігінің кейбір мәселелері 54
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62
КІРІСПЕ
Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқықтық негізін қайта құру қажеттігі туды. Осы уақытта қыруар жұмыстар істелінді. Мемлекетті басқару, экономика, әлеуметтік-саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат салаларын реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып, жүзеге асырылуда. Осындай өміршең заңдардың бірі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 806-бабына сәйкес (ерекше бөлім) заң актілері талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының заң актілері міндетті және ерікті сақтандыру шарт түрінде жүзеге асырылуын белгілейді. Сақтандыру жүйесі сонау ерте кезден бастап пайда болған. Сақтандырудың заңды негіздерін бір жүйеге келтіріп, осыдан 3,5 мың жыл бұрын тасқа қашап жазған Вавилон патшасы Хамурапи еді. Хамурапи заңы 282-баптан тұрды. Соның 55-бабы сақтандыру жүйесіне арналған [1, 7б].
1 Сақтандырудың жалпы сипаты
1.1 Сақтандырудың түсінігі
Сақтандыру белгілі бір мүдделерге келген шығынның орнын толықтыруда маңызды орын алады. Сақтандыру бұл сыртқы немесе ішкі факторлар әсерінен адамға немесе мекемеге келетін залалдардан қорғау болып табылады. Сақтандыру экономикалық категория ретінде белгілі бір шаруашылық іс қималдарының нәтижесінде, арнайы мекеменің басқаруындағы, қаржының жинақталуы мен оның жұмсалуын қамтамасыз ету, сол мекеменің құрылуына мүдделі мекемелер мен азаматтардың өзгеше бір жағдайлар туындағанда мүлікті және басқада шығындардың орнын толтырылуын реттеп отыру. Мұндай мекемелерді құру мен оған қаржы аудару адам өмір сүру процессінде табиғатқа және қоршаған ортаға келетін қауіп қатерлерден, яғни су тасқыны, қуаңшылық жер сілкінуі тағы басқалай апаттардан келетін зияндардың орнын толтыру үшін қажет болып отырған. Сақтандыру қандай да бір мүліктік шығындардың орнын толықтай және тез қайтарудың тиімді тәсілі болып табылады. Сақтандыру аясында кенеттен келетін оқиғалардың зардабы мен күресу, одан келген шығындарды толықтай қайтару және оны есептеу заңда белгіленген мөлшерде жүргізіледі. Сақтандыру әртүрлі негіздерге байланысты белгілі бір түрлерге жіктеледі. Қазақстан Республикасының заң актілері мынадай түрлерге:
1.2 Сақтандырудың даму тарихы
Сақтандыру негізінен адам баласы пайда бола бастағаннан бастап жүргізіліп келген Яғни алғашқы қауымда-ақ адамдар өздерінен ауысқан тағамдарын жерге көміп отырған, себебі ол ертеңгі күні бұғыны немесе мамонтты атып алуына көзі жетпегендіктен, аштан өліп қалмау үшін өзін-өзі сақтандырып отырған. Осыдан келе өзін-өзі сақтандырудың негізі пайда бола бастаған. Мысалы: шаруашылықтар төтенше бір жағдайлардың әсерінен жұмыстың тоқтауына алып келетін шығындардың орнын толтыру үшін өзін-өзі сақтандырып қаржылай немесе материалдай қорлар сақтап отырған. Сақтандырудың заңды негіздері б.э.д. 3,5 мың жыл бұрын өткен Вавилон патшасы Хамурапидің заңдарында көрініс тапқан, өз елінің керуен басыларын, саяхатшыларын тонаушылардан немесе басқа да кездесетін шығындардан өзара сақтандырып отырған [4, 2б].
2 Сақтандыру құқығындығы субъектілер және олардың түрлері
2.1 Сақтандыру құқығы бойынша суъектілер түсінігі мен негізгі түрлері
Кез келген құқық салалары сияқты сақтандыру құқығы саласында да құқықтық қатынастар тудыратын заңдық фактілер орын алары сөзсіз. Осы жерде заңды фактілерге тоқтала кетсек, заңды фактілер– нақты өмірлік мән жайлар. Ол ішінен оқиға және әрекеттен тұрады. Оқиға адманың еркінен тыс табиғи күштердің салдарынан пайда болады, ал әрекет –адамның саналы құқыққа сай іс- әрекеті. Сақтандыру қатынасы пайда болғанда қатысушылар сақтандыру құқықтық қатынасының субъектісі болып табылады. Сонымен құқықтық қатынастың субъектісі — жеке адам және занды тұлғалар. Қазақстан Республикасының және басқа елдердің азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 12 бабы) [2].
2.2 Уәкілетті аудиторлық ұйым –құқық субектісі ретінде
Уәкілетті аудиторлық ұйым - уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының аудиты бойынша қызметін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары мен акционерлерi
Жеке және заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерi заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген талаптарды ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алады.
2.3 Сақтандыру шарты бойынша субъектілердің құқықтары мен міндеттері
Сақтандыру қатынасының субъектісі болып сақтандырушы және сақтанушы танылады. Сақтанушы - қандай да бір мүддесін сақтандырғаны үшін сақтанушыға сақтандыру сыйақысын төлейтін тұлға. Басқаша айтқанда сақтанушы сақтандырушы көрсететін қызмет түрлеріне тапсырыс беруші болып табылады. Сақтанушы барлық жағдайда сақтандыру құқық қатынасының субъектісі болып табылады. Егерде сақтандыру келісім шарт түрінде жасалса, онда сақтанушы сақтандыру шартының бір тарабы болып есептеледі. Сақтандыру міндеттемесі екі жақты міндеттеме болғандықтан сақтанушы сақтандыру төлемін төлеу кезінде борышкер болып есептеледі де, ал сақтандыру төлемі кезінде кредитор болып есептеледі. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады. Сақтанушы сақтандырудың ерікті де, міндетті де нысандары бойынша сақтандырушыны таңдап алуға ерікті.
3 Сақтандыру субъектілерінің жауапкершілігінің кейбір мәселелері
Міндетті сақтандырудың түрлері,тәртібі мен талаптары заң актілерімен белгіленеді. Өз өмірін немесе денсаулығынсақтандыру міндетін азаматқа заң актілермен де,шартпен де жүктеуге болмайды. Сонымен,өмірді және денсаулықты сақтандыру қатынастарында сақтанушының (сақтандырылған тұлғадан бөлек қатысуын)міндетті қатысуын талап етеді. Жиі-жиі шартта сақтанушы болып онымен азамат еңбек-қызметтік қатынаста тұратын мемлекеттік орган қатысады. Мұндай жағдайларда сақтандыру сақтанушы қаражаттарын есебімен жүргізіледі. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырудың рсы түрін реттейтін заң актілерінде жазылған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға міндетті. Міндеттілік негізінен сақтандыру обьектілеріне сақтандыру жағдайларының тізіміне бір немесе басқа жағдайларда тиесілі сақтандыру төлемінің көлеміне қатысты болып келеді. Сақтандыру төлемінің мөлшері өз кезінде сақтанушының сақтандыру сыйақыларын төлеу міндетіне әсер етеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі жағдайда сақтандыру-бұл өмірдің әртүрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерін қорғай әдістетінің бірі. Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны,сел және осылар сияқты т.б жағдайлар нәтижесинде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкелді, олар іскерлікті әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар (құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне, шарт бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болды.