Ажарлау құралдарының көркем шығармадағы қызметі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 5
1 Көркемдеуіш құралдардың пайдалану орны
1.1 Әдебиет ажары – тілдік көріктеу 8
1.2 Өмір шындығы және көркем шығарма 11
1.3 Көркем шығармадағы суреткерлік - шеберліктің бүр түрі 15
2 Көркемдеуіш құралдар – ақын шеберлігін танытушы құрал
2.1 Балалар әдебиетіндегі ажарлау – бейне жасаудың бір тәсілі 19
2.2 Шығарма тіліне лингвистикалық талдау 28
2.3 Ш. Құдайбердіұлы поэзиясы - көркемдік үлгісі 42
2.4 Образ ашудағы теңеу мен айшықтаулар қызметі 49
2.5 Мұқағали өлеңдеріндегі ажарлау 53
Қорытынды 59
Пайдаланылған әдебиеттер 61
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі ұрпақ ащы шындықтың айғағын түсініп өссе тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді, бейбіт өмірімізді сақтау үшін барын аямай сала ма деген де ой қалыптасады. Дегенмен сөз тапқанға қолқа жоқ. Тілдік перефраздардың көркем құралға айналған қалпы, жазушылардың ой елегінен туған туындылардың мағынасы мен қызметі, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы тақараптық өзектілігіне алынды. Әдебиет кез келген жазушыдан да оқырманнан да нәзіктікті, түсіністілікті, ой шеберлігін талап ететін оқу пәні. Әдебиеттегі көркем құралдардың астарында жатқан тылсым сырды түсіну, таңдау, талғай білудің өзі өнерпаздықты талап етеді. Батырларын арыстандай айбаттыға, жолбарыстай қайраттыға теңеген ауыз әдебиетіндегі көркем өнерге қарасаң да, наданын – айуанға, көрмесін – хайуанға теңеген жазба әдебиет үлгілеріне қарасаң да асқан шеберліктен туылған туындылар екенін оқырман түсіне алады. Бірақ оны мектеп оқушыларына жеткізудің сан қилы әдіс - тәсілдері әлі де болса зерттеуді талап етеді. Себебі әр мемлекеттің болашағы бүгінгі білім жолына байланысты.
1 Көркемдеуіш құралдардың пайдалану орны
1.1 Әдебиет ажары – тілдік көріктеу
Көркем әдебиеттің негізгі құралы – тіл. Ұста металды, суретші бояуды қандай жақсы білсе, жазушы тілді сондай жақсы білуі керек. Онсыз ол өзінің ой-сезімін, өмір тәжірибесін басқаларға суреттеп жеткізе алмайды, өмір картинасын, адам образын жасай алмайды. Тіл, әрине, жалпы ұғым. Тіл – сан сөздердің жиынтығы. Ол сөздердің ішінде терең ой, сұлу сындар, нәзік сезім, асқақ көңіл, өжет ерлік, әдеп-әркен тағы басқа адам мінезіне тән ерекшеліктерді суреттеуге керекті тамаша көркемдері де, құлақ тұндырарлық дөкір, қоқыстары да бар.
1.2 Өмір шындығы және көркем шығарма
«Өмірде болған оқиғаның бәрі кітапқа кіруге сұранып тұрады» деген екен француз ақыны Малларме.
Өмір шындығы және көркем шындық - көркем өнерде, оның ішінде әдебиетте шығарма өмір шындығына сүйеніп жазылады. Нақтылы өмір құбылыстарын, оның сырын, қайшылықтарын тереңдетіп түсінбей, тебіреніп-толғанбай, сезінбей көркем шығарма тумайды. Тарихи және қоғамдық шындық әдеби туындының бастау көздері болып табылады. Әлеуметтік өмір, саясат, халық тұрмысы-бәрі де өмір шындығын танытатын жағдайлар. Ешбір жазушы өмір шындығынан, оның нақты болмысынан алшақ кетпейді.Ал осындай өмір шындығын беруде жазушы тура көшірмелерге, не болмаса жасанды түршілдікке ұрынбай жазуы керек. Шығарма – оқырман үшін тартымды, рухани ләззатқа бөлейтін, тәрбиелік-танымдық қасиеті мол, адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыратын ашатын өнер туындысы болуы қажет. Сонда қаламгердің қоғамдық позициясы, идеалы анықталады.
1.3 Көркем шығармадағы суреткерлік - шеберліктің бүр түрі
Суреткер деген үлкен атақ. Суреткер деп ең биік дәрежедегі сапалы шығарма жасаушыны айтады. Суреткердің еңбегі шығармашылық тұтастығымен, ойын және өзі діттеген шындықты көркем түрде жеткізіп суреттей алуымен, оны жанды бейнеге айналдыру өнерінің жоғарылығымен, талғамының биіктігімен мойындалуға тиіс. Ф.Достоевский "Жазушының суреткер ретінде танылуы оның жақсы жаза алғандығының белгісі" деген. Оның айтуы бойынша, романшының көркемдік биік таланты образдар арқылы бейнеленген ойдың салмақтылығымен өлшенеді. Оны оқырман да дәл сол қалпында түсіне алуға тиісті. Жазушының көркем жазуы деген сөз - оның жақсы жазарлық қабілеті мол деген сөз.
2 Көркемдеуіш құралдар – ақын шеберлігін танытушы құрал
2.1 Балалар әдебиетіндегі ажарлау – бейне жасаудың бір тәсілі
Бейне жасау – оқиғаны суреттеудің негізгі тәсілі. Әңгіме оқиғасы мен кейіпкерін сипаттайтын дәл, айшықты, бейнелі сөздерді талғай білу керек.
Қазақ тілінде көркем әдебиет тілі мен қаламгердің сөз қолданысын, шеберлігін талдау маңызды мәселелердің бірі. Себебі, көркем шығармаға қойылатын талаптардың қатарында тіл шеберлігі де үлкен рөл атқарады. Балалар әдебиеті – адам психологиясының, дүниетанымы мен қабылдау ерекшелігінің ең нәзік тұсын бейнелейтін сала.
Жазушы адам мінезінің толып жатқан қыр-сырын, оның сыртқы бейнесін, ішкі жан дүниесін әртүрлі тілдік тәсілдерді қолдану арқылы бейнелейді. Кейіпкер бейнесін, оның түр-тұлғасын, ішкі сезім иірімдерін әсерлі етіп жеткізуде әсіресе, фразеологизмдердің қызметі ерекше. Фразеологизмдер – тіл деп аталатын қасиетті дүниенің аса бай қазынасы. Ол тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі болып табылады. Фразеологизмдер жеке сөздермен салыстырғанда көріктеуіш құрал ретінде жұмсалатын бейнелі, экспрессивті, эмоционалды мәнге ие.
2.2 Шығарма тіліне лингвистикалық талдау
Көркем шығармадағы кейіпкер тілінің жасалуы туралы академик Р.Сыздық: «Көркем шығарма тілін талдағанда жазушының суреткерлік шеберлігі мен эстетикалық мүмкіндігін тануға болады. Жазушының өз шығармасының поэтикалық деңгейіне сай етіп тілдік құралдарға жүк арта алады ма, әр сөздің, фразаның құдіретін дұрыс танып, олардың барша потенциалды қабілетін жарата білді ме деген жайттар осы әңгімеден туындайды. Шығарма тілі автордың айтпақ идеясына сай келе ме деп алып, жазушы өрнегін, қолтаңбасын айқындау – көркем дүние тілін талдаудың басты міндеті» деген пікір білдіреді. Қазақ прозасында диалог арқылы кейіпкер образы мен тілін, сөйлеу мәдениетін ашып көрсететін құбылыс өте жиі кездеседі. Мысалы:
2.3 Ш. Құдайбердіұлы поэзиясы - көркемдік үлгісі
Өз заманының суретшісі, табиғат, қоғам, адам туралы көп толғаныс тебіреністер,философиялық тұжырымдар жасаған -Шәкәрім Құдайбердіұлының ақындық әлемі түрлі бейнелі образдарға, тілдік көркемдегіш сөздерге толы. Шәкәрім Абайдан кейінгі қазақ ақындарының көпшілігі секілді қазақтың өз әдебиетінің шеңберінде қалып қоймай Шығыс, Батыс, орыс әдебиеті үлгілеріне зер сала отырып, сөз өрнектерін әр түрлі бояумен әрлеп, көркемдеп отырады. [38.272.].
2.4 Образ ашудағы теңеу мен айшықтаулар қызметі
Батырлар жырындағы сөз қолданыстардың бірі – түйдектеу. Жеті-сегіз буынды жыр ағынымен кесек ойларды үстелей, түйдек-түйдегімен шешендік үлгімен бейнелеп төгеді.
Халық өзінің арманын Алпамыс образы арқылы берген. Ол образ- халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің көрінісі. [52.6.]. Алпамыс тек өз басының қамын ғана ойламайды, елдің амандығын, бүтіндігін, соның намысын қорғайды. Жырда сол өзекті ой былай берілген:
Ақ сұңқар ұшар жем үшін,
Туады ерлер ел үшін...
Тоқтай алмай барамын,
Ағайын-иуған ел үшін... [52.16.].
2.5 Мұқағали өлеңдеріндегі ажарлау
Мұқағали құбылтулар мен айшықтауларды әбден орынды қолдана білген. Ақын өзінше ізденіп, бейнелі сөздерді жаңарта, жаңғырта қолданады. Ақынның қиыннан қиыс тараған объектіні өмір құбылыстарын ықшамды, бейнені әрі нақты затты көрсетеді.
Қай өлеңін алып қарайық, олардың әрқайсысында троп атаулының құбылып, құлпырып, олардың жылы лебімен, терең әсері өзара өріліп, өзгеше өнеге алған, үйлесім тапқан Абай айтқандай «Сылдырап өңкей келісім, тас бұлақ тың суындай» айрықша гармонияға көшіп отырады. М.Мақатаев туған халқының ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгілерінен мол сусындаған, өзгеше өнеге алған, оның өлеңдері халықтық ұлттық сипаты да айқын, дәстүрге өз жаңалығын қосып, сөз өнерін біршама байыта білген.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тілдің көріктеу құралдары шешендіктану мен стилистиканың негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Көріктеу құралдары аясында айшықтау (фигура) және құбылту (троп), олардың түрлері мен мағыналары, қызметі және жасалу жолдары қарастырылады. Алайда қазіргі лингвистикалық зерттеулерде фигура мен троп ұғымдарының ара жігі және түрлері, айырым белгілері туралы әр түрлі пікірлер бар. Қазақ тіліндегі зерттеулерде көріктеу құралдарын жасалу жолына қарай анықтау қалыптасқан. Қазіргі зерттеулерде «троп» және «фигура» (сөз айшықтары мағынасында) ұғымдарының ара қатынасы туралы пікірлер әр түрлі беріліп жүр.