Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Халық ауыз әдебиетіндегі А.Байтұрсынов еңбектерінің маңызы


Мазмұны
Кіріспе 6
1 Ахмет Байтұрсыновтың әдебиеттану ғылымындағы еңбектері 9
1.1 А.Байтұрсынов - ғалым-теоретик 9
1.2 А. Байтұрсыновтың сөз өнеріне берген бағасы 24
1.3 Ахмет Байтұрсыновтың аудармашылығы мен ақындық позициясы 35
2 Ахмет Байтұрсынов және қазақ фольклоры теориясы 38
2.1 "Әдебиет танытқыш" пен "Тіл -құрал" еңбегіндегі қазақ фольклорының қарастырылуы 38
2.2 А. Байтұрсыновтың фольклорлық зерттеулеріндегі мифтердің ролі 48
2.3 Фольклордағы тіл категориясының маңызы 49
2.4 А. Байтұрсынов - фольклортану терминдерін қалыптастырушы 50
Қорытынды 58
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 60

Кіріспе
Әке ұлы емес, халық ұлы болған, тұтас буынның төл басы, кешегі Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин , Шоқан Уәлиханов салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым – тілші, әдебиет зерттеушісі, түрколог, дарынды ақын аудармашы Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы Сартүбек деген жерде ел арасына беделді, қайратты кісі Шошақ ұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген.

1 Ахмет Байтұрсыновтың әдебиеттану ғылымындағы еңбектері
1.1 А.Байтұрсынов - ғалым-теоретик
Ахмет Байтұрсыновтың ғалым-теоретик, эстетик-сыншы тұлғасын айқындап беретін күрделі, толымды, жаңашыл туындысы Ташкентте 1926 жылы "Әдебиет танытқыш" (Теория словестности) деген атпен басылған. Араға екі-үш жыл салып, авторы ұсталып кеткен соң, бұл еңбек көпшілік арасына мол тарап үлгірмеді. Бірақ қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған.

1.2 А. Байтұрсыновтың сөз өнеріне берген бағасы
Әуезділік деп нені айтамыз? Әуезділік деп сөз турасында айтсақ, сөздің ішіндегі дыбыстардың үндері құлаққа жағымды болып естілуін айтамыз; сөйлеудің үні құлаққа жағымды болуы сөйлемдердің дыбыстарының түзілу түрінен. Сондықтан сөз әуезділігі де, сөйлеу әуезділігі де болады. Бірақ сөздің де, сөйлеудің де әуезді болуының негізгі мәнісі бар. Екеуі де дауыс ағымына қарайды. Дауыс ағымы сөз ішіндегі дыбыстардың тіркесуіне қарайды да, сөйлеу ішінде сөйлемдердің тіркесуіне қарайды. Сөз ішінде дауысты, дауыссыз. Жарты дауысты дыбыстар араласып тіркесе келеді. Бір сөзде дауысты көп келеді, бір сөзде дауыссыз дыбыстар көп келеді.

1.3 Ахмет Байтұрсыновтың аудармашылығы мен ақындық позициясы
Ахмет Байтұрсынов талантты ақын, орыс ақындары мен жазушылары шығармаларының көрнекті аудармашысы болды. Ол И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды. Ұлы мысалшының аударылған мысалдары дені осы сарында. Ахмет Байтұрсыновтың өзі жасаған шығармаларының негізгі бөлігі "Қырық мысал", "Маса" және басқа да танымал жинақтарға енді, өзінің еңбектері мен ақындық шығармаларын әзірлей отырып, Ахмет Байтұрсынов халықтың ауыз әдебиетінің материалдарын ұдайы жинап, өңдеп отырады.

2 Ахмет Байтұрсынов және қазақ фольклоры теориясы
2.1 "Әдебиет танытқыш" пен "Тіл -құрал" еңбегіндегі қазақ фольклорының қарастырылуы
Ахмет Байтұрсынұлының фольклор теориясын сөз еткен еңбегі "Әдебиет танытқыштың" "Ауыз әдебиеті" бөлімінде қарастырылған. Бұл еңбек 1926 жылы Ташкент – Қызылорда да басылып шыққан. Ол фольклордың белгілі түйінді мәселелерін арнайы зерттеген еңбек емес, оқу-ағарту ісінің зәру мәселесі - оқулық жазу мақсатынан туындаған зерттеу болып табылады.
Ғылыми құндылығы терең "Әдебиет танытқыш" кітабы Ташкент, Орынбор, Қызылорда секілді Қазақстанның астанасы болған қалаларда ашыла бастаған жоғары оқу орындарына оқулық ретінде жазылған.

2.2 А. Байтұрсыновтың фольклорлық зерттеулеріндегі мифтердің ролі
Фольклорлық сананың төркіні – мифтер. Жер жүзіндегі халықтардың көне мифтерінің бір-бірімен ұқсас болып келуінің себебі олардың қоршаған орта, турасындағы танымының бір деңгейлігінде. "Миф, – деп жазады белгілі фольклортанушы С.Қасқабасов, – фольклордың ең қөне жалпы, тіпті, фольклордың төркіні десе де болады. Ол адамзаттың алғашқы қауым болып өмір сүрген шағында пайда болған. Онда сол кездегі адамның өзін қоршаған табиғаттың, аспан мен жердің, әлемнің қалай пайда болғаны, әр түрлі құбылыстар мен жан-жануарлардың сыры мен алғашқы адамның дүниеге келуі, адамның өмірі, жаны, өлімі т.б. жаратылыстың түсініксіз жәйттері туралы ойлары мен түсініктері көрініс тапқан". Байтұрсыновтың сөзімен айтсақ, адамзат баласы "Күркіреген күннің, дүрілдеген желдің, бұрқыраған дауылдың, зырқыраған құйынның әрқайсысының істеушісі бар, құдайы бар деп ойлаған", соларға табынғандықтан олар "табиғаттың бауырында" өсіп, оның "қабағына қарап өмір кешкен" [18.25].

2.3 Фольклордағы тіл категориясының маңызы
Фольклордың осы бір ерекшелігі туралы әлемге әйгілі ғалым В.Я. Пропп: "Тектік тұрғыдан алғанда фольклор әдебиетпен емес, тілмен туысқан. Сондықтан фольклорлық туындынын дүниеге келуінің және өзгеруінің белгілі бір зандылығы бар. Ол зандылық адам еркінен тыс болады. Фольклор халықтың тарихи дамуында өзіне қолайлы жағдай туғанда пайда болады", – деп жазды.
Тіл адамның қажеттілігіне орай адам санасы мен еркінен тыс, объективті дамитыны бүкіл әлем мойындаган, көзі жеткен ұғым.

2.4 А. Байтұрсынов - фольклортану терминдерін қалыптастырушы
А.Байтұрсынұлы ауыз әдебиетін жұмсалатын орнына қарай сауықтама, сарындама деп екіге бөледі.
Сауықтама және сарындама деп екіге бөлген жіктеу қазіргі фольклористикадағы "көркем фольклор" және "ғұрыптық фольклор"деп фольклорлық шығармаларды екі салаға бөліп жүрген классификацияға қайшы емес. Керісінше, "фольклор жанрларының жалпы типологиялық зандылықтарға бағынатынын нәзік сезініп" қолданған Ахмет Байтұрсынұлының термині фольклорлык шығармалардың үлкен екі тобының табиғатын ашатын жақын атау.

Қорытынды
Әке ұлы емес, халық ұлы болған, тұтас буынның төл басы, кешегі Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин , Шоқан Уәлиханов салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым – тілші, әдебиет зерттеушісі, түрколог, дарынды ақын аудармашы Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы Сартүбек деген жерде ел арасына беделді, қайратты кісі Шошақ ұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген.