Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 65 стр.

Год: 2009

Предварительный просмотр

Қазақ - жонғар қарым - қатынастарының тарихнамада бейнеленуі


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Қазақ – жоңғар хандықтарының қалыптасуы тарихының тарихнамасы 11
1.1 Қазақ -жоңғар мемлекетерінің құрылуы тарихы мен алғашқы кезендегі сыртқы саясатарының тарихи аспектілері 11
1.2 Жоңғар әскерлерінің қазақ мемлекетінің территориясына шабуылдарының стратегиялық мақсаты 29
1.3 Қазақ хандығындағы жонғарларға қарсы Отан соғысы 32
2 XVIII ғ. қазақ мемлекетінің сыртқы саясатындағы қазақ - жонғар қарым-қатынастары 52
2.1 XVIII ғ. қазақ хандығының саяси жағдайы 52
2.2 Қазақ әскерлерінің азаттық шабуылдары және жоңғар хандығының күйреуі 54
2.3 Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіндегі жеңісінің тарихи маңызы 57
Қорытынды 63
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 65

Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Диплом жұмысы қазақ мемлекетінің жоңғар басқыншыларына қарсы күресіне арналған. Еліміз егемендік алып, рухани-мәдени өміріміздің айнасы болатын айғақтарды халқымыздың күш – қуатынан іздеуміз заңдылық. Санамызға «тарихтағы ақтандақтар» деген ұғым сіңді. Тарихты шала білген шалағайлықтан емес. Сондықтан да еліміздің тәуелсіздік алуы енді жалақтамай, жасырмай, өткен тарихымыздағы ақтандақтар туралы әрі айқын, әрі тура түсініктер беру қажеттігін туғызып отыр.
Қазіргі тарихшылардың қассиетті борышы өткендегі кемшіліктерімізді бүге-шүгесіне дейін білу, бүгінгі күрделі жағдайымызды айқын түсіну ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі күні туындайтын әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешіп, ондай қателіктерді қайталамас үшін керек.

1 Қазақ – жоңғар хандықтарының қалыптасуы тарихының тарихнамасы
1.1 Қазақ -жоңғар мемлекетерінің құрылуы тарихы мен алғашқы кезендегі сыртқы саясатарының тарихи аспектілері
XV ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығының құрылуына мұрындык болған маңызды тарихи оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде, олардың арасындағы өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілқайыр хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын ода-Ежен ұрпағы билеген Ақ Ордаға қарасты Шығыс Дешті Қыпшаққа 40жыл (1428-1468ж.) үстемдік етті. XV ғасырдың ортасында Әбілқайыр хандығында толассыз болып отырған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар барған сайын үдей түсті. Дешті Қыпшақ даласында қалыптасқан мал жайылымын пайдаланудың дағдысы-көшіп-қону тәртіптер бұзылды. Көшпенді тайпалар өз мезгілінде жайлау, қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпелі мал шаруашылығына ауыр тиді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілқайырдың үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді армандады. Ол туралы Махмұд бен Әмір Уәли жинаған мәліметтерде Әбілхайыр хан Дешті Қыпшақ уәлияттарында өз ағаларының балаларын жеңіп шыққан кезде, жошы ханның ұлы Тоқа-темір хан ұрпақтарының кейбіреулері,мысалы, Керей хан мен Жәнібек хан... бағыну мен мойынсұну шегінен шығып, Отанынан кетіп қалуды жөн көрді [5, б.16].

1.2 Жоңғар әскерлерінің қазақ мемлекетінің территориясына шабуылдарының стратегиялық мақсаты
Соғыстың бірінші кезеңі 1711 жылы ойраттың қалын қолы Шу, Талас аңғарынан Алатау қырқаларынан қаптай басып кіруінен басталады. Бірақ бұл жолғы шабуыл қанша қаһарлы болғанымен, тегеурінді қарсылыққа тап болды [32, б.80]. Қазақ ханы Тәуке басшылық еткен қазақ жасақтар Іле басында отырған Цебан-Рабтан ордасына дейін жоңғар әскерлерін қуып барды. Бұл жеңіске Тәуке қандай дандайсымаса, Цебан-Рабтан хан да еңсесін түсірген жоқ. Өйткені қазақ ханы мұны ойратпен арадағы соғыстың басталуы деп есептесе, хонтайшы бұл шабуылды қарсы жақтың дайындығына жасалған барлау деп санады [32, б.81]. Ең бастысы, жоңғарлар орыс, қытай мамандарының көмегімен болашақ соғысқа деген тактикалық - стратегиялық жоспар жасады. Бұл стратегиялық жоспардың басты мақсаты; қазақтарға қарсы соғысты стратегиялық инициативаны өз қолдарына ұстау және қарқынды шабуылмен алға жылжуы болды. Алға жылжудың негізгі мақсаты қазақ әскери күшін қазақтардың қыстауда Сәмен, Жаныс қолын - Өтеген, Шымыр қолын - Қойкелді батырлар басқарған [32, б.82]. Соғыстың бірінші кезеңінде қазақтар Қойкелді батырдың басшылығымен Жиделі Байсан, Қарақалпақстан жерінде біраз уақыт күш жинаған соң, Қойкелді Ташкетті жаудан босатуға кіріседі. Бозсу өзенін басынан байлап тастап, он екі қақланның ең әлсізін қиратып, қаланы жаудан азат етеді [33, б.110]. Қазақтар Ташкент үшін болған соғыста қалмақтың Ташкенттегі қамалын қоршап алып, іштегісін сыртқа, сырттағысын ішкі кіргізбейді. Екі аптадай су жолын бөгеп, жауды тізе бүктіреді [33, б.113].

1.3 Қазақ хандығындағы жонғарларға қарсы Отан соғысы
1723 жылға қарай қазақ-жоңғар қатынастарындағы жағдай күрт өзгерді. Қытай императоры Канси өліп, жоңғар-қытай шарты жасалды, Ертіс бекініс шебінің құрылуына байланысты Ресей үкіметі қандай да болсын нақты талаптар қоймады. Оқиғалардың күтілмеген бетбұрысын жоңғар қонтайшылары мен тайшылары қазақ жеріне шабуыл жасау үшін пайдаланбақшы болып ұйғарды. Қазақ хандарының бытыраңқылығын пайдаланып және алдағы соғысқа дайындалып алған жоңғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін Қазақстан шегіне аттандырд [37, б.90]. ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегіндегі жоңғар басқыншылығына қарсы күрес қазақ мемлекеттілігін сақтап қалу жөніндегі маңызды саяси шешімдерге ықпал жасаған негізгі факторға ғана емес, қазақ халқыны өмір сүруінің өзі туралы мәселе кезде өмірлік қажеті факторға айналды [37, б.91]. Жоңғарлардың 1723 жылға шапқыншылығы елеулі оқиға болып қойған жоқ, ол қазақ халқы өмірінің барлық салаларына және бірінші кезекте саяси ахуалына қатысты болды. Жоңғарлардың бұл теңдесі жоқ әрекетке өздерінің әрбір қадамын әр түрлі жеті бағыт бойынша күтпеген жерден берілетін және қуатты соққының барлық салдарын өлшестіре отырып, мұқият дайындағанын мойындау керек. 1723 жылғы шапқыншылыққа дайындалу барысында жоңғар ханы Цеван – Рабтанның елеулі атқарғаны да көрінді [38, б.306].

2 XVIII ғ. қазақ мемлекетінің сыртқы саясатындағы қазақ - жонғар қарым-қатынастары
2.1 XVIII ғ. қазақ хандығының саяси жағдайы
Аңырақай шайқасынан кейін қазақтардың және Кіші жүздің орыс шекарасына кеткенін мұқият қадағалаған Қалдан Церен бастаған жоңғар қолы 1731 – 1733 жылдары Қара Ертістің бойы мен Зайсан көлі маңына қайтадан тоқтап, Аягөзге жетіп, Қарқаралы, Баянауыл тауларынан асып, тіпті күзетші бөлімдері Ерейменге жетеді [22, б.29].
Жоңғар хандарының мақсаты жайылымдылық жерлерін кеңейтіп, сауда жолдарына өз үстемдіктерін жүргізу болды. 1731 жылы Ұлытауда Ұлы және Орта Ордалардың жасақшылары мен ойрат қалмақтарының арасында зор шайқас болды.Осы шайқас басталар алдында жекпе – жекке ұрысқа шыққан Әбілмансұр (Абылай) ойрат әскерінің қол басшысы, қалмақ ханы Қалдан Цереннің туысқаны Шаршы батырды мерт қылды. Ойраттар ойсырай жеңіліске ұшырады. Осы шайқаста ата – анасының атын атап, ұран шақырып, «Я, Абылайдың аруағы» деп жауға дүркі – дүркі ат қойған Әбілмансұрды ел Абылай деп атап кеткен [41, б.124]. «Абылай осы шайқас кезінде жеке басының ерлігін де көрсетті. Ол пайдалы кеңеспен стратегиялық ұсыныс жасады – деп жазды Шоқан Уалиханов [3, б. 14].

2.2 Қазақ әскерлерінің азаттық шабуылдары және жоңғар хандығының күйреуі
1745 жылы қыркүйекте Қалдан Церен қайтыс болды. Елде билік үшін талас басталды. Жоңғарлардың ішкі қырқысын пайдаланған Абылай бастаған қазақ әскерлері жаппай шабуылға шықты. Орта жүз ханы Сәмеке Бөгенбай қолының тез Ұлытау маңына аттануна әмір беріп, шапқыншыларын хабар жеткізуші жіберіп жатты [27, б.90]. Жалпы Бөгенбай әскері бетін Сарыарқаға бұрды. Оңтүстік Қазақстанда Шінетұлы Рысбек жоңғар Ошақты Санырық, Сарымерген, Қалет батырлар мергендер тобын басқарады [27, б.91]. Қырғын соғыс әсіресе, қазіргі Қаратау қаласының оңтүстік – шығыс жағындағы Қотырбұлақта болды. Осыдан қырылған қалмақтардың молалары әлі күнге дейін үйінді болып жатыр. Осы жердегі «Шолақтау» совхозы қазір Қойгелді атындағы бірлестік аталып отыр. Сондай – ақ мұндағы «Майтөбе» атанған Майдантөбе қырғынының орыны Талас ауданының орталығы Ақкөл манында қырылған қалмақтардың төрткүл обасы әлі күнге дейін тұр [27, б.92]. Бұлар тек Талас ауданының ғана жеріндегі соғыстардан қалған белгілердің біразы ғана болды. Жетісу жерінде Қойгелді мен Қабанбай, Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай батырлар жеңіс туын тігіскен. Қазіргі Көкпекті, Алакөл, Мақаншы, Тарбағатай тауында Шілік деген жерде осы топты басқарғандар арасында мыңдықтарды басқарған Өтеген, Қосы, Оқым, Қортыс, Мәмбет, Шойыбек, Секібай, Сәмен, қаңылы Тілеуке, қарақалпақ Қылышбек сияқты батырлар болған [34, б.70].

2.3 Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіндегі жеңісінің тарихи маңызы
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі қорытындыларына қазақ халқы үшін зор маңызы болды. Жоңғар басқыншылығына қарсы күрестің саяси маңызын қарастыра келіп, бірнеше қырын атап өту қажет. Қазақ халқы өзіне физикалық тұрғыдан орасан зор жойылып кету қаупі төнгеніне қарамастан, өзінің бүкіл дерлік аумағында өз мемлекеттілігін сақтап қала білді, бұл өз кезегінде қазақ иеліктеріне Цин империясына тәуелсіздігін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Жоңғариядағы көтерілісті тұншықтырған соң, Цин 1758 жылы Шығыс Түркістанды біржола жаулап алуға кірісті.
Осы жағдайларды іс жүзінде бүкіл қазақ халқының ханы деп танылған Абылайдың беделі өлшеусіз өсті. Абылай ресми түрде Ресейдің бодандығында болғанымен, сыртқы саяси акцияларды ол егемендігін сақтап қалды. Жекелеген қазақ билеушілерімен және Цин сарайымен арадағы қатынастардың сипаты әдеттегі елшілік байланыстар шеңберінен шықпады. Сондықтан да 1757 жылы Цянь-лун қазақ қоныстары Цин әскерлері жаулап алған аумақтың бөлігі емес, ал билеушілердің өздері және ең алдымен Абылай хан империясының бодандары емес деп мойындады [40, б.171].

Қорытынды
Қазақ хандығының құрылуы қазақ этносының бірігіп нығаюына да, тұтастығын сақтап қалуы үшін де маңызы зор болды. Тарих ғылымында хандықтың іргетасының қалануы туралы айтылып келген екі ағымға және бір үшінші ағымдағыи көзқарастар анықталды. Ол жошылық екі сұлтанның қоныс аударуын ортағасырлық Қазақстанның барлық шаруашылық, әлеуметтік, саяси дамуының маңызды сатыларының бірінен «оқиғалық көрініс» деп санайтындар.Проблемаға осы тұрғыдан келе отырып, хандықтың құрылған мерзімін анықтауға тырысқан зертеушілердің қөзқарас эволюциясына тоқталып, оның құрылған мерзімі туралы тұжырым жасалды.