Мұқағали Мақатаев – ұлт ақыны
Мазмұны
Кіріспе 4
1 Мұқағали туралы 6
1.1 Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны 6
1.2 Ақынның туындылары жайында 7
2 Мұқағали Мақатаевты өзінің өлеңдері мен поэмалары арқылы сомдау 10
2.1. М. Мақатаевтың азаматтық тұлғасын өзінің өлеңдері мен поэмалары арқылы сомдау 10
2.2 Ақынның имандылыққа шақыратын өлеңдері хақында 12
3 Мақатаев халық ақыны 15
3.1 Мұқағалидың өлеңдеріндегі ұлттық ерекшеліктерінің көрінісі 15
3.2 Мұқағали – мәңгілік жыр 21
Қорытынды 23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мұқағали Мақатаевтың ұлт ақыны екенін дәлелдеп кейігі ұрпаққа жеткізе білу.
Ірі ақындық қуат пен азаматтық кесек тұлғаның көркем келісімі ақынның туындыларының қай-қайсысынан болсын айқын көрініп, ойға қанат, бойға қуат дарытып, поэзия парасатының заңғар шыңдарына жетелейді. Өйткені шығармалардың күретамырындағы, көркемдік бітіміндегі шешуші сипаттарды өз замандасы сыншы – жазушы Ә.Кекілбаев ақынның «Қарлығашым, келдің бе?» жинағы туралы «Жүректен жүрекке» атты мақаласында, сонау 1968 жылы-ақ мейлінше тап басып айтқан:
«Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісім жыршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен қуаныштан, шын сағыныштан туған жырлар». Осынау пікірлердің дәлдігі мен принциптілігіне, салмақтылығы мен қонымдылығына шүбә келтіре алмайсыз.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны мен шығармашылығын жан жақты зерттеу.
1 Мұқағали туралы
1.1 Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны
Мұқағалидың ата-тегі қысқаша былай тарайды: Албан – сары – Сүйреқұл – Алжан – Сырымбет – Қангелді – Қойбас пен Түке. Түкеден Райымбек туады. Ал Қойбастан Менжі – Дәлі – Қамысбай – МАқатай – Сүлеймен – Мұқағали. Демек Мұқағалидың 6-атасы Қойбас- Райымбектің әкесі Түкемен бірге туған ағайыеды кісілер. Мұқағалидың Тоқтарбай Көрпеш деген інілері бар. Мұқағалидан Жұлдыз, Айбар атты екі ұл, Ләззат, Майгүл, Алма, Шолпан деген төрт қыз туған[1, 27]. Немере, жиендері өсіп келеді.
1.2 Ақынның туындылары жайында
Мұқағали Мақатаев жырларын оқып отырғанда, тарихтың маздаған шоғына айналып кеткен уақыт табы кезінде ақын бойын қаншалықты қыздырса, күйдірсе, оқырманын да соншалықты күйге түсіреді. Мысалы:
2 Мұқағали Мақатаевты өзінің өлеңдері мен поэмалары арқылы сомдау
2.1. М. Мақатаевтың азаматтық тұлғасын өзінің өлеңдері мен поэмалары арқылы сомдау
Мұқағали Мақатаев - сыршыл, ойшыл лирик. Оның сезім найзағайлары шарпысып-шамырқанып жататын лирикасындағы оптимистік жарқын мұң, кемел философиялық пайымдаулар үнемі өзек-жарды, ащы шындық арқылы ақтарылып жатады. Мұқағали Мақатаев өз лирикасында жүрек түбіндегі немесе пендешілік – ақындық болмысындағы бүткіл мінез-құлқын, іс-әрекеттерін (лайық не оғаштығын) ешқандай бүкпеген, бүркемелемеген. Жаманымды жасырайын, жақсылығымды жариялайын деген жарапазаншылдық Мұқағали Мақатаев өлеңдеріне, оның бүкіл творчествосына жат. Ақынның жүгінетіні, пірі-тек шындық пен оқырман сезімінің, сенімінің тазалығы, адалдығы. Ол - оқырманын алдамаған, өзін-өзі арнайы жылтыратып дәріптемеген. Мәселен:
2.2 Ақынның имандылыққа шақыратын өлеңдері хақында
Мұқағали Мақатаев ақын ағасы Әбу Сәрсенбаевтан қолқалап сұрап алған Құранды 1970 жылдың жаз айларында оқып шыққанда, одан алған әсерлерін өлең өрнегіне түсірген.
Ислам-тек қана дін емес, бұл біздің тарихымыз, ұлттық дүние танымымыз, халықтық болмысымыз, мәдениетіміз. Екіншіден, ұлттың саулығын күшейтетін рухани тазалық көзі халықты отаншылдыққа, тұтастыққа, бірлікке баулитын негізгі берік тәрбие құралы[8, 94]. Бұл туралы Елбасымыз,, Саясат күнде өзгереді, ал-дін мәңгілік,, деген болатын.
3 Мақатаев халық ақыны
3.1 Мұқағалидың өлеңдеріндегі ұлттық ерекшеліктерінің көрінісі
Мұқағали Мақатаев ХХ ғасырдың төл перзенті, ХХ ғасырдағы творчествосы күрделі ұлы ақындардың бірі. Бұл ғасырдың өткен дәуірлерден ерекшеліктері мол. Осы ғасырда тұңғыш рет Октябрь революциясы болды. Тап осы дәуірде алғаш социалистік қоғам орнады[12, 65]. Осы ғасырда фашизм мен расизм бас көтерді. Осы дәуірде ұлт-азаттық көтеріліс, халықаралық жұмысшы қозғалыстары кең қанат жайды. Тап осы дәуірде екінші дүниежүзілік соғыс болды. Осы ХХ ғасырда атом бомбасы сынақтан өтіп қана қоймай, қазір тіпті енді адамзат баласы үшін ядролық опат қаупін төндіріп отыр. Бейбітшілік пен гуманизм қазір қыл үстінде тұр. ХХ ғасырдағы осындай-осындай күрделі әлеуметтік орасан өзгерістер ақын творчествосына ықпалын тигізген, әр қилы әсерін қалдырған, талай туындыларына арқау болған[13, 12].
3.2 Мұқағали – мәңгілік жыр
Мұқағали «дәл қырықтың бесеуінде» «ұйықтап кетсем болғаны төсегімде» деп өлең жазып, «дәл қырықтың бесеуінде» ұйықтап кетті
Тіл мен әдебиеттің «алтын ғасырының» соңын ала келген М.Мақатаев сынды тұлғалардың ұлттық санасында Абайдан Әуезовке дейінгі ұлағаттылық пен сөз өнерінің озық үлгілері тұрды. Ол әдебиет майданында Абай салған дәстүрмен өз қоғамындағы тарихи, мәдени өзгерістерді, жеке адам бойындағы эмоциялық қалып-күйлерді өз таным-түсінігі тұрғысынан қарап, дәуіріне үн қоса білді. М.Мақатаев шығармашылығы қазақ өлеңінің тақырыптық-идеялық жағынан жаңа сатыға көтерілгенінің көрсеткіші. Сол себепті де ақын «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын» дейді.
Қорытынды
Мұқағали Мақатаев – сирек таланттардың бірі. Өйткені ол алтын бесік халық өзегін жарып шығумен бірге, «Өз ғасырын өзі жырлаған» және шын мәнінде өзінің рухани ғұмырының ұзақтығына кәміл сенген кемел ақын
Немістің ұлы ақыны Гете: «Өнер мен кәсіпқойлық» атты мақаласында: «Нағыз суреткердің қолынан шыққан қарапайым нәрсенің өзі мәңгі өшпейтін іштей бір тұтастыққа, құдіретке ие болады», - деген. Мұқағали Мақатаев секілді нағыз суреткердің қолынан шыққан туындыларында қас қағымдық сәтті мәңгілікпен ұштастырып, соның нәтижесінде тапқан саф алмасын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген. Мұқағалидің еліне, жеріне деген азаматтық - ақындық іңкәр сүйіспеншілігі Алатаудай биіктікпен көне Қаратаудау ежелгі даналықпен пара-пар.