Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бастуышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 66 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Қазақ тілін оқытуда ойындарды қолданудың ерекшеліктері 8
1.1 Қазақ тілі сабағында ойын арқылы оқыту 8
1.2 Қазақ тілі сабағында дыбыс жүйесін ойын арқылы үйрету 13
1.3 Қазақ тілі сабағында қазақтың ұлттық ойындарының ролі 16
2 Қазақ тілі сабағында оқушылардың дидактикалық дайындық деңгейі туралы 23
2.1 Білім берудің дидактикалық негіздері 23
2.2 Қазақ тілі сабағында дидактикалық түрлі ойындар 30
2.3 Грамматикалық ойындар 33
2.4 Қазақ тілі сабағында ойын түрін қолдану 45
ҚОРЫТЫНДЫ 55
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59
Қосымша А 61
Қосымша Ә 64
Қосымша Б 65
Қосымша В 66

КІРІСПЕ
Білім жүйесін жаңартуға негіз болып отырған бірнеше қоғамдық-әлеуметтік себептерді анықтай отырып, ғалымдар бүгінгі оқыту үрдісіне жаңа бағыттардың керектігін дәлелдеді. Осы уақытқа дейін біржақты болып келген білім мазмұны бұрынғыдай пәндік биік білім жиынтығымен емес, ендігі білім нәтижесі.
Тақырыптың өзектілігі. «Оқытудың мақсаты қазіргі жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай алуға, өзін- өзі іске асыруға, өзін- өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға негізделеді» деп Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында айтылғандай оқу әрекеті негізінде ұлттық санасы жоғары, жан-жақты білімді, терең ойлай алатын, шығармашылық қабілеті қалыптасқан өркениетті қоғамға лайық алдыңғы қатарлы дара тұлға дамытумен ерекшеленіп отыр.

1 Қазақ тілін оқытуда ойындарды қолданудың ерекшеліктері
1.1 Қазақ тілі сабағында ойын арқылы оқыту
Жас ұрпаққа жан-жақты білім беру-әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та, алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру.
Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан қазақ тілі сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшелігіне қарай және білім деңгейіне сай сабақтың түрлерін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек.

1.2 Қазақ тілі сабағында дыбыс жүйесін ойын арқылы үйрету
Ізденімдік ойындар – оқушыларды ізденімпаздыққа, белгісізді табуға, құштарлыққа үйрететін дидактикалық ойындардың бір түрі. Сабақ барысында фонетиканы өткен кезде ізденім ойындарды кірістіре оқыту оқушылардың сабаққа белсенділігін арттырады [13.107]. Оқушыларға дыбыс жүйесінің өзіндік белгілерін саралап танытуда, олардың фонетикалық біліктері мен білімдерін тәжірибеде қолдануда, ізденімдік ойындардың қызметі ерекше, мысалы «Дауыссыз дыбыстар» тақырыбын өткенде, төмендегідей ойын өткізу оң нәтижеге қол жеткізеді.

1.3 Қазақ тілі сабағында қазақтың ұлттық ойындарының ролі
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.
Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер [16.179].

2 Қазақ тілі сабағында оқушылардың дидактикалық дайындық деңгейі туралы
2.1 Білім берудің дидактикалық негіздері
Дидактикалық дайындық жалпы кәсіби-педагогикалық даярлықтың негізгі және маңызды саласы екені белгілі. Мұғалімнің дидактикалық дағдыларына жататындар:
Олардың оқыту процесінің теориясы мен практикасының мүмкіндіктері. Нақты айтқанда, оқытудың мақсаттары мен мазмұнын, оны ұйымдастырудағы қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерін жете біліп, іске асырудың жолдарын меңгеруді – дидактикалық даярлықты анықтайтын белгілер деуге болады. Осыған орай, педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында мынадай дидактикалық қабілеттер болуы керек: оқыту процесін жоспарлай білу, оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы, жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыру.

2.2 Қазақ тілі сабағында дидактикалық түрлі ойындар
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. [30.58.].Оқушылардың мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.

2.3 Грамматикалық ойындар
Орыс данасы Лев Толстой әдістер турасында былай деген екен: «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі – түрлі әдісті болу, керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзінше сүйеніш қолқабыс нәрсе есебінде қолдану керек». Ал, Ахмет Байтұрсынұлы әдістерге байланысты басқалардың да пікірін қорытып, «Әр әдіс өз орнында жақсы» деген ойға келеді [31.48.]. Мұны оның келесі сөздері дәлелдейді: «Әдіс керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай».

2.4 Қазақ тілі сабағында ойын түрін қолдану
Оқушыларға оқу материалын меңгерту үшін қолданылатын ойындар сабатың әсерлілігін, тартымдылығын арттырып, оқушының танымдық белсенділігін, ынтасын күшейтеді. Сондай-ақ ойын үстінде оқушының түрлі қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын көрнекті педагог А.С.Макаренко кезінде атап көрсеткен болатын. [32.19.]. Сондықтан қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану — мұғалімдердің сабақ түрлеңдіру әрекеттерінің басты мақсаты болып қаралады. Сол себептен мен осы жұмыстың барысында ойын элементтерінің сабақ түріне байланысты қолданылу ерекшелігі, тиімділігі, маңызы зор екеніне көзім жетті. Дәләл ретінде ойын сабағының жоспарын ұсынамын.

ҚОРЫТЫНДЫ
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі, ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі.
«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек, бұл адамның мінез-құлқын, өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі.
Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.