Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 59 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Біржан салдың шығармашылық әлемі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Біржан сал – қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі ірі тұлға 9
1.1 Біржан әндері - қазақ музыкасының биік белесі 9
1.2 Біржан сал шығармаларының зерттелуі 16
1.3 Біржан шығармаларының тақырыптық ерекшелігі 18
2 Біржан сал – өз заманының заңғар ақыны 29
2.1 «Біржан мен Сара айтысы» - әйел теңсіздігін көтерген саяси
туынды 29
2.2 Біржанның Қарқараға сапары 38
2.3 Біржанның сүйенгені – халқы, құралы – әні 41
2.4 Абай аулына ұлы сапар 45
2.5 Біржан сал туралы шындық негіздері 48
ҚОРЫТЫНДЫ 56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 59

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бұл тақырып біздің қоғамда әсіресе жас әдебиеттанушылар үшін өте қымбат. Қоғамдағы қазіргі жағдайдағы көркем әдебиеттердің жетіспеушілігі де келер ұрпақтың Біржан өмірімен тереңнен тыныстауына кедергі жасайды. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі қызметін атқара жүріп, ұлы адамдардың ұлылығын дәріптейтін шығармаларын оқып үйрену, оны зерттеп келешек ұрпаққа үйрету – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақ халқының ұлыларының артта қалған нәрлі де, мағыналы, тәрбиелік маңыздылығы зор шығармалары ауызша бізге жетіп үлкен қазынаға айналды. Жалпы қай халықта болмасын әншілерін, ақындарын, жазушыларын, ғалымдарын қастерлеп өткен.

1 Біржан сал – қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі ірі тұлға

1.1 Біржан әндері - қазақ музыкасының биік белесі
Қазақ әдебитінде, мәдениетінде аса ірі тұлғаның бірі XIX ғасырдағы қазақ ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі – Біржан сал Қожағұлұлы. Ол 1834 жылы қазіргі Ақмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің жағасында дүниеге келген. Біржанның ескі ата қонысы Обаған болған. Біржанның арғы атасы Бертістен Ақшолақ, Айшуақ, Жаншуақ, Қожамқұл, Қожағұл, Қожағұлдан Тұрлыбай, Нұралы, Ералы туады. Біржан Тұрлыбайдың баласы. Атасы немересін бауырына басып ежелден ерке өсіреді. Ата мен әже тәрбиесін көріп өскен ерке Біржан «Баласы Қожағұлдың Біржан салмын» деп жар салатыны содан. Дәулетті атасының тәрбиесінде өскен Біржан тұрмыс таршылығын көрмей, еркін ер жетеді.

1.2 Біржан сал шығармаларының зерттелуі
Асылы, қазақ топырағындағы озық бұқарашыл идеялардың қарыштай дамуының ең күшті себебі өркениет елдердің мәдени жетістіктерінің арқасы, ХІХ ғасырдың екінші жартысында жасаған революцияшыл-демократтар идеясына сүйенген орыстың бай классикалық әдебиеті, өнері, Шоқан, Ыбырай, Абайларды туғызған әдеби орта қандай десек, Біржан, Ақан т.б. өнерпаздардың жетістіктері де, сол қауымға ұштасады. Ұлы Абай қазақ поэзиясында жаңалық жаршысы болып, оның реалистік бетін ашса, музыка өнерінің қазақ топырағындағы жаңа бағытын Біржан мен Ақан бастап берді. Бұлардың өнерімізді дамытудағы әсерлері, олардың өскен орталары, алған өнегелері, творчестволарының қайнар көзі – бәрі сабақтас.

1.3 Біржан шығармаларының тақырыптық ерекшелігі
Бiржан сал – өз ғасырының, өз заманының ақиық ақын адамы. Бiр басына сан түрлi өнер тоғыстырып, айтар ойына бұғау салмаған, қиял кеңiстiгiне әнмен самғаған, той-думан, ас, базардың көркi болған, әрi айтыс өнерiнiң айтулы тарланы Бiржан ақын ретiнде де кеңінен танымал. Рас, Бiржан Абай тәрiздi өлең сөздiң құдiретiне тереңдей бойлап енген жоқ. Оның өлеңдерiн ұмыттырмаған саз өнерiнiң құдiретi. Сондықтан да оның өлең мәтiндерi бiздiң заманымызға ешбiр өзгерiссiз, өз атымен жеттi.

2 Біржан сал – өз заманының заңғар ақыны

2.1 «Біржан мен Сара айтысы» - әйел теңсіздігін көтерген саяси
туынды
Қазақ ауыз әдебиетiнiң бiр саласы - айтыс өлеңдерi. «Айтыс» деген сөздiң мағынасына назар аударсақ, екi адамның сөз таластыру, сөз жарыстыру, сынасуын, т.б. бiлдiредi. Айтыс қара сөз түрiнде де, өлең түрiнде де болған.
Әдебиетте сөз болатыны- көбiнде өлең түрiндегi айтыстар.
Айтыстың бiрнеше түрлерi бар. «Қыз бен жiгiт» айтысы, «Бәдiк» айтыс, «Жұмбақ» айтыс және «Ақындар айтысы». Осылардың iшiнен қазiрге дейiн жеткенi»- ақындар айтысы». Ақындар айтысы – айтыс өлеңдерiнiң iшiндегi ең көркемi де көлемдiсi.

2.2 Біржанның Қарқараға сапары
Ауызша тарих – жалпы азаматтық тарихымызбен біте қайнасып, берік сіңісіп жатқан мәдени мұраның алтын құймасы. Біржан салға қатысты әңгіме жүйесін, ақын, сазгердің Ыстықкөл, Қарқара жеріне сапарынан көруге болады. Нұрділдә Әлімов деген кісі Біржан сал туралы былай депті:

2.3 Біржанның сүйенгені – халқы, құралы – әні

Қазақ даласын әнiмен тербеген, рухы асқақ, тағдыры мұңлы, артына өлмес мұра қалдырған ХIХ ғасырдың өнер жұлдыздарының бiрi - Бiржан сал Қожағұлұлының қазіргі айтыс өнерінде жүргендерге мол мұра қалдырғаны белгілі.
Бiржан табиғаты көркем, сылдырап аққан бұлағы, айнадай жарқыраған көлдерi, сыңсыған сұлу орманы бар Бурабайдай аңызға толы өлкеде, көк күмбездi Көкшетауда , атасы Қожағұл ауылында, Жөкей көлiнiң маңында жылы дүниеге келген. Бiржан үш ағайынды: ел ағалары Ержан мен Нұржан ата кәсiбi – мал бағумен айналысқан. Ал Бiржан болса, Тәңiрiнiң берген өнерiмен елден ерекше болып өседi. Бала бойындағы талантты тани бiлген атасы Қожағұл Бiржанды өз бауырына басып тәрбиелейдi.

2.4 Абай аулына ұлы сапар
Бiржанның шығармашылық өмiрiндегi маңызды бiр оқиға - ұлы ақын Абай ауылына қонақ болып баруы едi. Осы оқиға, яғни, Бiржанның Абай ауылына арнайы ат басын бұруы сахараның айрықша жаңалығы болды. Қара сөздiң зергерi ұлы Мұхтар Әуезов “Абай жолы” эпопеясында осы бiр эпизодты асқан шабытпен суреттейдi. Сал Бiржанның салтанаты, халықтың ықылас пейiлi, Абайдың Бiржанға көрсеткен пейiлi, құрметi – бәрi-бәрi қайталанбас көркем үндестiкте жырланады. Эпопеяның осы бiр тұсы қара сөзбен емес, өлеңмен жазылғандай әсер қалдырады.

2.5 Біржан сал туралы шындық негіздері
Сарамен айтысқанда, Біржанның өз куәлігі бойынша Қожағұлда мың жарым жылқы болған. Бірақ Біржан oн жеті жасынан салдық құрып, он жылқыны қыздарға тартуға силап, тез арада жойып құртқан. Ол жыл сайын қасына он шақты сері жігіт ертіп, олардың атын, әдемі киімін өзі беріп отырған. Сарамен айтысуға барғанда қасында он бір сері жігіт болды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Біржан – өзі жасаған заманының перзенті, өзі өмір сүрген дәуірдің өнерпазы: ақыны, әншісі, композиторы.
Өнер адамының өрге жүзуі өз бойындағы шығармашылық күшке, өзі өскен ұлттық ортаға, өнер-білім дәмін сепкен жанға рухани азық беріп, ой қиялын дамытқан туысқан халықтардың озық адамдарының ізгі ықпалдарына тығыз байланысты.