Қазақ тіліндегі дыбыстардың зерттелуі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 ФОНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАЗУДЫ ЗЕРТТЕУ 8
1.1 ДЫБЫСТАРДЫҢ ҚҰРАМЫ 8
1.2 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ФОНЕТИКАСЫНЫҢ НЫСАНЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 13
1.3 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВҚА ДЕЙІН ЗЕРТТЕЛУІ 18
2 ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ 23
2.1 ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ҮНДЕСІМ ТҮРЛЕНІМІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ 23
2.2 ТҮРКІ ТАРИХИ ФОНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 28
2.3 ДЫБЫСТАРҒА АНЫҚТАМА 41
2.4 САТЫЛАЙ КОМПЛЕКСТІ ТАЛДАУ (А.Байтұрсынов еңбектері бойынша) 57
2.5 ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫС ЗАҢДАРЫНЫҢ АНЫҚТАЛУ, ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ 62
2.6 ДЫБЫС ТІРКЕСІМДЕРІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІК 67
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 79
КІРІСПЕ
Қазақ тілі — осы уаққа шейін жүйелі түрде тексеріліп, ғылым тезіне түспеген тіл. Қазақ тілін алғаш зерттегендер патша үкіметін отаршыл саясатын іске асыру мақсатымен отар елдердің әдет-ғүрып, тіл-әдебиетін тексерген миссионерлер, одан қалды күншығышыл оқымыстылар болды. Бұл топтан шыққандардың басты-бастылары: Н. И. Ильминский, проф. П. М. Мелиоранский, М. Терентьев, И. Лаптев, В. В. Катаринский, академик В. В.Радлов, проф. Е. Д. Поливанов тағы басқалар еді. Бұлардан бұрын қазақ ауыз әдебиетін, тарих, этнографиясын тексерген Уәлиханұлы Шокан да қазақ тілін тексеруге қатысқандардан санауға болады. [1,58]
Беріде қазақтың өз ішінен шығып, қазақ тілін зерттегендер қазақтың ескі оқығандары болды. Олар — Байтұрсынұлы Ахмет, Кемеңгерұлы Қошке, Омарұлы Елдес, Шонанұлы Телжан, Досмұхамбетұлы Халел. Әліппені, термин мәселесін жағалата, қаз тіліне ұшынан-ұшынан қолын тигізген Төрекұлұлы Нәзір болды. Бұл өзінің «Жат сөздер туралы» жазған кішкене кітапшасымен бұл майдан жағасына әжептәуір ғана бір тексеріну салындысын шығарып тастаса да, тұтынған методологиясымен өзінен бұрынғылардан ұзап кете алмады.
1 ФОНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАЗУДЫ ЗЕРТТЕУ
1.1 ДЫБЫСТАРДЫҢ ҚҰРАМЫ
Лингвист артикуляцияға түсетін дыбыстарды бейнелеу үшін, ең алдымен, қандай да бір екі ұдайылылықты жойып отыратын құралды талап етеді. Бұл үшін, көптеген графикалық жүйелер де ұсынылған болатын.
Шынайы фонологиялық жазу қандай ұстанымдарға негізделуі тиіс? Ол бір таңбамен сөйлеу тізбегінің әрбір элементін бейнелеуге талпынуы қажет. Бұл талап назар тыс қалып отырады: айталық, талдаудан гөрі, жіктелімге көбірек мән беретін ағылшын фонологтары, кейбір дыбыстар үшін, екі не үш әріптен тұратын таңбаларды қолданады.
Сондай-ақ, эксплозивті (шұғыл) және имплозивті (лепсіз) дыбыстардың ара-жігін қатаң белгілесе жөн болар еді.
1.2 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ФОНЕТИКАСЫНЫҢ НЫСАНЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
1.3 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВҚА ДЕЙІН ЗЕРТТЕЛУІ
Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза практикалық мақсатта болды. Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі шолуымыздан байқауға толық болады.
Демек, нағыз ғылыми зерттеу А.Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз.
2 ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
2.1 ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ҮНДЕСІМ ТҮРЛЕНІМІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Н.И. Ильминский «үндесім (үндестік) заңы» деген атпен оған арнайы тоқталған және үндесім заңдылығын бүкіл түркі тілдеріне тән құбылыс ретінде атайды: «Закон созвучия по которому и известном слове, сколько бы оно длинно ни были, все гласные и согласные должны быть либо толстые, либо тонкие, - закон общий всем языкам тюркского семейства, существует и в киргизском наречий» [2, 14]. Бұл жерде сингармонизмнің түркі тілдерін топтаудың белгісі ретінде қабылданғанын көреміз. Үндесім құбылысын тілдік белгі ретінде алған ғалым қазақ тілін осы белгісіне сүйеніп түркі тілдерінің қатарына жатқызып отыр.
2.2 ТҮРКІ ТАРИХИ ФОНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі таңда Еуразияны мекендеуші түркі халықтарының тарихын, рухани және материалдық мәдениетін, әдебиетін, тілін, ділін жан-жақты, тереңдетіп зерттеу айырықша жаңданып отырғаны байқалады. Тәуелсіздікке қол жеткен қазақ халқы ұлттық мәдениет құндылықтарын жаңғыртып, ұлттық тілінің тарихын, қайнар-көздерін іздестіруде. Әлемдегі жаһандану процесіне сәйкес түркі елдері де өздерінің ұлттық тарихын елегінен өткізіп, олардың бірігу үрдісі де күшейе түсуде. Түркі халықтарын тұрмыс салты мен әдет-ғұрыптар, салт-сана ортақтығы, мәдени, ділдік ұқсастықтар да біріктіріп отырғаны күмән тудырмайды. Халықаралық мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар әлемдік қоғамдастықтың гүлденуіне әкелетіні сөзсіз. Сондай-ақ түркі әлемінің жалпы адамзат әлемінінен ерекшеліктері, ұлттық құндылықтар өзгешеліктердің табиғаты, әлемдік өркениетіне қосқан үлесі ғылыми шешімдерін күтуде. Ұлттың тілін, тарихын, мәдениетін, рухани қазынасын, дүниетанымын тығыз қарым-қатынаста, бірлікте алып қарыстырылған жағдайда ғана түркі әлемін шынайы танып білуге жол ашылады, сонымен қатар ұлттық тілінің қазіргі өркениетіміздің, ұлтымыздың қалыптасуына ұйытқы болғандығы белгілі.
2.3 ДЫБЫСТАРҒА АНЫҚТАМА
XIX ғасыр басында (1816 жыл) немістің Франц Бопп деген адамы Европа тілі мен үнді тілінің дыбыстарын салыстырып барып, екеуін бір тіл деп білген. Бүл — үнді-европа тіл іліміне негіз салушы адам. Бірак ол аталған тілдердің морфология, синтаксис жағын ашпаған, дыбыстарын тексеруден алыстап кете алмаған. Сөйтіп, үнді-европа тіл ілімі жүз жыл бойы дыбыстарды ғана тексерді, онда да дүрыс қорытынды шығара алмады.
2.4 САТЫЛАЙ КОМПЛЕКСТІ ТАЛДАУ (А.Байтұрсынов еңбектері бойынша)
Тіл дыбыстарының ана тілімізде зерттелуі XX ғасырдың басында басталады. Зерттелудің алғашқы қадамы қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы Ахмет Байтұрсынұлы есімімен байланысты.
Қазақ халқының ұлы перзенті Ахмет Байтұрсынов ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы аса көрнекті педогог, ғалым-лингвист, әдебиет зерттеуші тюрколог, дарынды ақын-аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының қоғамдық-саяси, мәдениет және әдебиет өнеріне белсене қатысқан жазушы, қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен, сөйтіп халық игілігі үшін жан аямай еңбек етудің үлгісін көрсеткен Ахмет Байтұрсынов, Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алады.
2.5 ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫС ЗАҢДАРЫНЫҢ АНЫҚТАЛУ, ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Тіліміз қашан да «мемлекеттік» мәртебесіне сай болып, кең мағынадағы тіл ретіндегі болашағы баянды болуының бір көзі оның дыбыстық, сөздік (лексикалық), грамматикалық жүйелерінің анықтық, толықтық, негізділік сипаттары болып табылады. Осы ретте түркі тілдерінің бір ерекшелігі деп танылатын және заң ретінде де, тілдің сипаты, қасиеті ретінде де әсіресе қазақ тілінде мейлінше сақталып қалған үндестік, ықпал заңдары, олардың басты тұжырым-түсініктері, түрлері қашан және қалай анықталып, пайда болды деген сұрақтар туады. А.Байтұрсынұлының «Тіл-құралдарында» тек ереже түрінде көрініс берген бұл заңдылықтардың алғашқы нобайын орыстекті түркітанушылар еңбектерінен көруге болады.
2.6 ДЫБЫС ТІРКЕСІМДЕРІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІК
Бұл тақырып тіл білімінде тек соңғы уақытта терең зерттеле бастады. Фонетикалық бірліктер бір уақытта бірнеше жүйенің басын біріктіріп тұратын табиғаты күрделі таңба болып табылады. Дыбыстық таңба (дыбыс, фонема) – әрі ментальды, әрі психикалық, физиологиялық, физикалық, лингвистикалық, әлеуметтік, психологиялық, мәтіндік, эстетикалық және мәдени мәнге ие құбылыс. А.С.Селях тіл дыбыстарының экспрессивтік қызметін оның фоносемантикалық табиғатымен байланыста қарастыра келіп, адамның санасында «жалпыланған дыбыс типін» – ономофонеманың тілдік жүйедегі номинативтік қызметіне және оның сөйлеуде синтагмофонемаға, морфонемаға трансформациялану ерекшелігіне талдау жасайды [22, 215 б.].
ҚОРЫТЫНДЫ
Фонетика сөзінің түбірі — алдыңғы үш дыбыс — «фон» сөзін біз басқа жерлерде де ұшыратамыз, мәселен, граммофон, телефон, фонограф сөздерінде. Мұның бәрінде де «фон» дыбыс деген мағына беріп тұрғанын білеміз. Енді фонетика сәзінің аяққы екі буыны болған -тика жалғауын грамматика, косметика сөздерінде де кездесеміз. Мұның бәрінде де -тика жалғауы «жүйе», «ғылым» мағынасында екенін аңғарамыз. Фонетика сөзінің әлгі айтылған екі жұрнағының екі арасына біткен е дыбысы екі жағындағы екі сөзді қосып, ұстап тұрған байлам, дәнекер екенін ескерсек, фонетика дыбыс ғылымы немесе дыбыс жайындағы ғылым деген болып шығады.