Мұқағали Мақатаев шығармаларының танымдық негізі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Ғасыр ақыны – М.Мақатаев шығармашылығының ерекшелігі 7
1.1 Мұқағали лирикасының лингвистикалық табиғатын қарастырудың маңызы 7
1.2 М. Мұқатаев поэзиясының көркемдік ерекшелігі 9
1.3 М. Мақатаев шығармаларындағы ұлттық болмыс көрінісі 14
1.4 М.Мақатаев поэзиясы және ұлттық рух 19
1.5 М. Мақатаев – сыншы 26
1.6 М.Мақатаев шығармаларындағы табиғат лирикасының суреттелуі 28
2 М.Мақатаев өлеңдерінің концептілік мәні 37
2.1 Концептілік құрылымдардың санада бейнеленуі 37
2.2 Поэтикалық мәтіндегі метафизикалық концептілердің көрінісі 43
2.3 М. Мақатаев поэзиясындағы «өмір» концептісі 48
2.3.1 Өмір концептісінің когнитивтік моделі 51
2.3.2 Өмір концептісінің когнитивті - пропозициялық құрылымы 53
2.4 Поэтикалық мәтіндегі «өлім» концептісінің көрінісі 56
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 61
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Кез келген халықтың сарқылмас мәдени мұрасын танытатын ұлттық тiлi екенi белгiлi. Өйткенi “Қай халықтың болса да қоғамдық өсу-өркендеу жолында көтерiле алған биiгi мәңгi болып ана тiлiнде сақталып отырады. Қай халықтың болса да ақыл-ой тереңдiгi, сана-сезiм сергектiгi көп салалармен тармақтала-молыға келiп, тағы да сол ана тiлiнiң алтын қорына қосыла бередi. Қай халықтың болса да басынан өткен дәуiрлерi, қилы-қилы кезеңдерi ана тiлiнде iз қалдырмай өте алмайды. Ана тiлi дегенiмiз – сол тiлдi жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгiнгiсiн де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгiлiгiнiң мәңгiлiк мәселесi” [1, 353].
1 Ғасыр ақыны – М.Мақатаев шығармашылығының ерекшелігі
1.1 Мұқағали лирикасының лингвистикалық табиғатын қарастырудың маңызы
Қазақ поэзиясының көгiнен өз орынын тапқан озық ойлы таланттарымыз көп. Олар өлең өлкесiнде өздерiнiң шығармашылық бай лабораториясын жасап, шеберлiктерiн танытып қазақ жыр-қазынасының таусылмас байлығын жасап кеттi.
Жетпiсiншi жылдар поэзиясына зер салатын болсақ, сол таланттарымыздың санаулысының бiрi де бiрегейi, лирикалық асыл сезiмнiң жыршысы болған Мұқағали Мақатаев едi.
“Мен өз дәуiрiмнiң жаңғырығымын” деп Виктор Гюго айтқандай, Мұқағали да 60-70-жылдардағы жыр әлемiнiң жаңалық жаңғырығы болды. Оның бойындағы асқақ азаматтық әуенмен қатар өрбiген биiк рухты әрбiр шығамасын оқыған сайын түйсiнiп, сезiне түсемiз.
1.2 М. Мұқатаев поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Поэзия өнер мүлкі ретінде қыр-сыры мол жан-сезімнен тыс поэзия болмайды. Оның ішінде лирика тікелей сезімдік туынды екені мәлім. Алайда әр ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуіндегі эстетикалық арсеналдары түрліше. Негізгі объект алдымен талант қырларында жатыр. Айту мәнері шабыт көзінде жатыр. Лирика – белгілі бір уақыт пен ортаның жемісі, сол орта мен уақыт перзентінің көңіл-күйі, жан тебірінісі. Оның бойындағы барша қасиет – қадірді нақты мезгіл рухы, дәуір мазмұны айқындамақ. Ендеше біздегі лирика – замандасымыздың рухани өмірінің, сезім әлемінің, ой дүниесінің көрікті сурет екені даусыз. Лирикадағы басты образ – лирикалық қаһарман. Бұл образдың түп негізі - ақынның өзі болғанмен лирикалық кейіпкер – жинақталған, дараланған, яғни толық мағынадағы әдеби бейне санатына көтерілген, ақынның ғана емес, оның замандастары атынан сөйлеу хақына ие болған тұлға, яғни ақын мен оқырман, өлең мен оқырман проблемасына белгілі дәрежеде, сол лирикалық қаһарман мен оқырман арасындағы қарым-қатынас тұрғысынан қараймыз.
1.3 М. Мақатаев шығармаларындағы ұлттық болмыс көрінісі
Ұлттық болмыс - ұлттық қадір-қасиет. Ол – сатылмайтын байлық. Біз үшін сатылмайтын байлық - тіліміз, дініміз, ұлтымыз, Отанымыз. Бұл байлықтар біз үшін бәрінен де жоғары. Осы аталған нәрселер әр адамда бар, бірақ өкінішке орай, бәрі бағалай бермейтіні жүрегімізге батады. Ұлттық болмысты қалыптастыру үшін не қажет?
Осы сұрақ төңірегінде ойланғанда, Франциядағы бала тәрбиесі жайындағы айтылған мынадай ойлар есімізге түседі. Француздар 3-4 жастағы сәбилер үшін елінің тарихы мен атақты адамдары туралы түрлі-түсті, әдемі кітапшаларды көптеп шығарады екен.
1.5 М. Мақатаев – сыншы
Қазақ әдебиеті сынының тарихында сын өнерін өмірлік мұрат тұтқан кәсіби сыншылардың еңбектерімен қатар, ақын-жазушылар сыны да маңызды орын алады. Қазақ әдеби сынында жазушы сынының кәсіби сынмен қапталдаса дамып, әдебиет әлемінде болып жатқан құбылыстар мен әдеби өмірдің күрмеулі мәселелері төңірегінде ой қозғап, көркемдік әлемдегі негізгі жетістіктерді дұрыс танып, даралай білуге белсенді араласып, әдеби сын қазанының бір құлағын ұстасып келе жатқандығын аңғаруға болады. Профессор Д. Ысқақұлы сынды әдеби туынды төңірегіндегі пікір иесінің қатысына қарай оқырман сыны, жазушы сыны, сыншы сыны деп үшке бөледі де, жазушы сынына мынадай түсінік береді: «Жазушы сыны басқа түрлерден тілінің көркемдігімен, ойының бейнелілігімен ерекшеленеді. Өз ойларын ғылыми талдауларға емес, жазушылық тәжірибесіне сүйене отырып, алған әсер ретінде білдіреді. ... Көбіне пікір білдіріп отырған шығармасының сөз қолдану, әсем ойды өрнектеп беру шеберліктеріне құрылады. Ортақол, нашар шығармалардан гөрі сәтті туындыларға көбірек арналып, ұнағанын, несімен ұнағанын айтады» [13, 92].
1.6 М.Мақатаев шығармаларындағы табиғат лирикасының суреттелуі
XX ғасырдағы қазақ поэзиясында өзгеше құбылыс болған Мұқағали Мақатаев поэзиясының орны ерекше. Көркем туынды тарихи жағдайды, әлеуметтік мәселелерді қаншалықты шынайы, тартымды суреттегенімен, оқырман ең алдымен шығармадан адамды іздейді. Яғни, ішкі жан дүниесі айқын, әлеуметтік-қоғамдық жағдайлардың ортасынан табылатын адамды іздейді. Былайша айтқанда, көркем шығармаға арқау болған жағдаяттарға сену үшін, оқырман ең алдымен кейіпкердің шынайылығына илануы керек. Әрі бұл басқа жанрларға қарағанда, лирикада айырықша көрінеді. Себебі, лирикада ақын мен оқырман арасында көзге шалына бермейтін рухани-эстетикалық байланыс орнығады да, осы ішкі байланыс шынайы болса ғана, көркем туынды шын бағаға ие болады. Мұқағали адам баласының мінезі мен болмысын беруде өзінің кең дүниетанымын, ішкі әлемінің әр алуан қырларын жайып салады. Мұқағалидың поэзиясы оның адами және ақындық табиғатындағы ішкі рухани үндестіктің молдығын аңғартады.
2 М.Мақатаев өлеңдерінің концептілік мәні
2.1 Концептілік құрылымдардың санада бейнеленуі
Поэтикалық мәтіндегі мазмұн концептіні танытады. Ал концептідегі мазмұн – автордың дүниені жан-жақты танып, оның қыры мен сырын тереңінен өлшеп, өз пайымдауындағы үйлесімді суреттермен (бейне) өрнектеген бейнесі. Бейне – қабылдау мен сезіну әрекеттері арқылы қалыптасады. Поэзияда бейнелілік басым көрінеді. Себебі поэзияға, оның ішінде лирикаға тән қасиет – өлең өрімінде бейне тудырушы ой мен сезімнің қабысуы. Демек ақынның дүниені танытудағы поэтикалық бейнесінде объективті танымнан гөрі субъективті танымы мен құндылықтар элементі көрінеді және дүниенің кең әмбебаптық мазмұны анықталады. Автордың дүние туралы поэтикалық бейнесін айқындау үшін концептілік жүйеге сүйенеміз.
2.2 Поэтикалық мәтіндегі метафизикалық концептілердің көрінісі
«Кәрілік» концептісі. Автор кәрілік ұғымын жан-жақты танытуда концептінің барлық типіне салынған құрылымдарды түгел дерлік қолданады. Дегенмен фреймдік таным-түсінік, қарапайым түсінік басым екені анықталды. Мысалы:
1. Қарамай сақалыңа, шалдығыңа. Жарасып тұрушы еді қалжыңым да. Қарабайдай қатайып қалыпсың ғой, Ата, сен шынымен алжыдың ба?! Поэтикалық мәтіндегі сақал, шал, ата деген тіл бірліктері санада «кәрілік» конструктісін құрайтын стереотиптік таңбалар арқылы сақталған. Бұл ұғымдық құрылымдар кәрілікті танытатын қарапайым, фреймдік түсініктер болып табылады.
2.3 М. Мақатаев поэзиясындағы «өмір» концептісі
«Өмір» концептісі М. Мақатаевтың поэтикалық әлемінде негізгі тірек-бірлік болып саналады. Өмірдің не екенін түсіндіру тәсілдері арқылы ақынның өзін де феномен ретінде тануға мүмкіндік жасалады. Өмір ұғымы – философияның маңызды категорияларының бірі. Бұл ұғым ақын шығармаларында болсын, ойшылдар пікірінде болсын, көне рухани мәдениет мұраларында болсын ерекше орын алады. Өмір сөзімен берілген бұл күрделі ментальді болмыс сан алуан интерпретацияда ұғынылады. Поэтикалық мәтінде өмір ұғымы әртүрлі қырынан танылған. Оған шығарма контекстінің топографиялық (сюжет, фабула), психологиялық (сезім, ой, күйзеліс), метафизикалық (автордың түпкі ойы, көркемдік идеялық мазмұны) аспектілері сәйкес келеді.
2.3.1 Өмір концептісінің когнитивтік моделі
1 Өмір - бірде қуаныш, бірде мұң. Өмірді қуану мен реншу, жақсылық пен жамандық, бақыт пен қайғының араласып бастан өтетін, солардың ауысып отыратын қозғалысы деп түсіну жалпыадамзаттық стереотип. Осы түсінікті автор кеңінен қолданғанмен, оны қарапайым формада емес, ойсуретке, схемаға, сценарийге салып шебер танытқан. Ұнайды өмір ынтымақ, күресімен (сценарий). Ұнатамын өмірдің ой-қырларын (схема). Өмір керек көлеңке, шуағымен (ойсурет). Бір нәрсеге құмартып, бір нәрседен жиіркену, біреулерді алдау да, біреулерден алдану (сценарий). Бұл өмірдің ағы менен қарасын анықтауға, жалықпауға ол міндетті. Өмір жоқ оң өзгеріп құбылмаған; Базар өмір бары-жоғы бір менде (ойсурет). Бақытым да бар шығар бұл өмірде, сорым да бар іргемді түре кірген (фрейм). Тірі адамға тірлік дейтін тамұқ бар, қарсы алады ол орымен де жарымен (схема). Тірісінде-ақ тозақ дәмін татқасын, ол ұмытты қара бастың несібін.
2.3.2 Өмір концептісінің когнитивті - пропозициялық құрылымы
М. Мақатаев шығармаларында «өмір сүру» (етістік), «өмір» (атау) сөздері жиі қолданылады. Өмір сүру предикаты арқылы актантты позицияны ұстанады да, өмір атауы арқылы атрибутивті позицияны ұстанады. Ақынның бұл ұстанымы «өмір» концептісін когнитивті - пропозициялық құрылым арқылы айқындауға негіз болады. Себебі, біріншіден, бұл ұғымдар ақын өлеңдерінде жиі кездеседі, екіншіден, осы тақырыпта ақынның айтпақ ойы, танымы, әсері, байқағаны кеңінен ашылып суреттеледі және бірнеше концептілік құрылымға салып қарастырылады, үшіншіден, бұл тірек сөзінің ақын лирикасындағы эстетикалық әрі әлеуметтік-мәдени мәнінің маңыздылығы оқырманға үлкен әсер қалдырады.
2.4 Поэтикалық мәтіндегі «өлім» концептісінің көрінісі
1. Өлімнің физиологиялық моделі. Мәтінде «өлім» концептісін танытуда оның «организм тіршілігіне ең қажетті органдар қызметінің тоқталу» мазмұны 3 түрлі сипатта танылады.
а) Табиғи өлім – организмдердің қартайып, өздігінен ыдырауы. Мысалы: өлу, дүние салу, өмірден өту.
ә) Мезгілсіз өлім (патологиялық өлім) – әртүрлі ауру салдарынан организм тіршілігін қамтамасыз ететін негізгі органдар – жүрек, өкпе, ми, бауыр, бүйрек т.б. қызметінің тоқталуы. Мысалы: Ал ауру әлсіреп , демігеді, Ажал келіп алмақ боп желігеді. Мысалы: «демі үзілу», «жүрегі тоқтау», «көз жұму», т.б.
ҚОРЫТЫНДЫ
М.Мақатаевтың поэтикалық тiлi ешкiмге ұқсамайтын даралығымен ерекшеленеді, сөз құдiретi арқылы ақын көрiктi, әсем, сұлу сөз-бейнелер жасап, әрбiр сөздi ойнатып қолданады. Сөз-бейнелерiнiң көрiктiлiгi, әсемдiгi, сұлулығы, мағыналылығы, айқындылығы – ол қолданған айшықтау-көрiктеу құралдарының негiзiнде жатыр. Троптың барлық түрiн керектi жерiнде таңдап жұмсап, қазақ лексикологиясының сөз байлығына мол үлес қосып, өзiндiк сөз саптаудағы қолтаңбасын танытады. Ақын лирикалық шығармаларында мәтiн iшiнде контекстiк антонимдер, көп мағыналы сөздер, бiр-бiрiнен асырмалатып берiлген синонимдер арқылы адам мен оның жеке басындағы сан-қилы өзгерiстердi, қоғамдағы алуан түрлi оқиғаларды, табиғат құбылысындағы құпияларды байланыстыра отырып ашып бередi. Сонымен бiрге фразеологизмдердiң жаңа авторлық құрылымдарын жасап, олардың бейне жасаудағы және оны ашудағы стильдiк қызметiн айқындайды. Ақын лирикасындағы стильдiк құралдардың бәрi де образдылыққа /бейнелiлiкке/ қызмет етiп тұрғандығын әр өлеңiн оқыған сайын көрiнiп отырады. Мұқағали Мақатаев өзiнiң лирикасының тiлi арқылы қазақ поэзиясына, қазақ тiлiнiң лексикалық қазынасының баюына, одан әрi дамуына үлкен жаңалық қосқандығы белгiлi болды.