Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Есеп және аудит

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 68 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Ағымдағы активтердің есебін тексеру


Мазмұны
Кiрiспе 6
1 АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕР ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 9
1.1 Активтер түсінігі, түрлері және жіктелуі 9
1.2 ХҚЕС - на сәйкес ағымдағы активтердің таңылуы мен бағалануы 12
1.3 АҚ «Казагрэкс» - тің сипаттамасы және оның негізгі көрсеткіштерін талдау. Кәсіпорынның қаржылы - шаруашылық қызметінің анализі 19
2 ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 25
2.1 Ақ «Казагрэкс» - тің ақша қаражаттар есебін ұйымдастыруы 25
2.2 Ақ «Казагрэкс» - тің дебиторлық берешектер есебі 30
2.3 АҚ «Казагрэкс» - тің тауарлы - материалдық қорлар есебі 38
3 АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕР АУДИТІ 43
3.1 Ағымдағы активтер аудитінің маңызы, мақсаты және жүргізу кезеңдері 43
3.2 Ағымдағы активтердің ішкі бақылауы және оған баға беру 51
3.3 Ағымдағы активтер аудитінде талдамалық процедураларды қолдану 54
Қорытынды 63
Қолданылған әдебиеттер тізімі 66
Қосымшалар 68

Кiрiспе
Қазақстан Республикасы Президентінің өз халқына «Қазақстан-2030» Жолдауында ел дамуының соңғы мақсаты болып экономикалық өсу табылатыны және экономикалық басымдылық «бүгін, ертең және алдағы 30 жылда ең маңызды болатыны» атап көрсетілді.
Нарықтық қатынастар қалыптасу кезінде, негізгі бөлігін бухгалтерлік есеп және қаржы-шаруашылық қызметі талдауының айқын жүйесі беретін уақытылы экономикалық ақпаратсыз шаруашылық субъектінің күрделі механизмін басқару мүмкін емес. Бухгалтерлік есеп және қаржы - шаруашылық қызметі анализінің ақпараттары шаруашылық субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін оперативті басқару, экономикалық болжамдар және ағымдық жоспарлар құру және ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің әрі қарай даму және жетілдіру, нормативтік - құқықтық актілерді жасау және бекіту, оның жаңа жүйеге - адекватты нарықтық экономикаға өтуін жеделдету жұмыстары жүргізіліп жатыр [4].

1 АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕР ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Активтер түсінігі, түрлері және жіктелуі
Шаруашылық қызметтін жүзеге асыру үшін субектіге активтер қажет. Жалпы актив деп құндылық бағалауы бар субъектінің мүлкі, мүліктік және мүліктік емес игіліктері мен құқықтары танылады. Активте іске асатын келешек экономикалық пайда бұл – субъектінің ақша құралдарының артуына потенциалдық, тікелей немесе жанама үлесі.
Болашақ экономикалық пайда егер актив:

1.2 ХҚЕС - на сәйкес ағымдағы активтердің таңылуы мен бағалануы
«Стандарт» ағылшын тілінен аударғанда ереже, үлгі деген мағынаны білдіреді. Бухгалтерлік есепке сәйкес, стандарт – бұл есепті жүргізу ережелерінің құжатталған жиыны. Осы ережелердің әрқайсысы бухгалтерлік есеп жүйесінде көрініс табатын шаруашылық саласындағы әрқилы фактілердің терминологиясын, әдістерін, тәсілдерін анықтайды, жүргізілген бухгалтерлік операциялардың мәнін, мағынасын ашады.
Стандарттар бухгалтерлік есептің әр түрлі аспектілерін қамтиды. Олардың кейбіреулері бағалау мен танудың альтернативтік әдістерін ұсынады. Бұл әрбір басшы өз бизнесінің ерекшеліктеріне байланысты стандартта ұсынылған бағалау мен танудың барлық альтернативті әдістерінің ішінен өзінің кәсіпорыны үшін тиімдірегін және кәсіпорын қызметінің нәтижесі мен оның қаржылық жағдайын нақты көрсетуге мүмкіндік беретіндерін таңдап алуға тиісті екендігін көрсетеді.

1.3 АҚ «Казагрэкс» - тің сипаттамасы және оның негізгі көрсеткіштерін талдау. Кәсіпорынның қаржылы - шаруашылық қызметінің анализі
АҚ «Казагрэкс» ҚР заң шығаруымен шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде заңгерлік жағы болып саналады. Коммерциялық ұйым болып келеді, азаматтық құқыққа ие және оған байланысты қызметтің міндеттемелерін байлаулы алып жүреді. АҚ өз печаты, дербес балансы, банктарда шоты бар. АҚ өзінің қызметтік мақсатына қол жеткізу үшін өз атынан келісім жасауға, мүлікке және жеке мүліктік құқыққа ие болуға, міндеттерді алып жүруге, сотта шағымданушы және жауапкер болуына құқығы бар. АҚ оған жататын мүлікпен барлық міндеттемеге жауапты. Қатысушы оның міндеттемелеріне жауап бермейді, және жарғылық капиталға оның қызыметімен құн шектерінің үлесіне байланысты шығындар тәуекелін туғызу мүмкіндігі болады. АҚ өз қатысушысының міндеттемелеріне жауап бермейді. Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты болып табыс табу болып табылады.

2 ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Ақ «Казагрэкс» - тің ақша қаражаттар есебін ұйымдастыруы
Өндірістік қызмет барысында ұйымдар өнімді өткізумен, жабдықтаушылардан материалдардың келіп түсуімен, қаржылық міндеттемелерінің орындалуы және тағы басқаларымен байланысты әр түрлі қарым - қатынасқа түседі. Осыған байланысты ақшалай есеп айырысулар не нақты ақшасыз есеп айырысу түрінде, не қолма - қол ақша айналымы түрінде жүргізіледі. Ақшалай есеп айырысу жүйесінің дұрыс және тиімді ұйымдастырылуы кәсіпорын қызметі барысында үлкен рөл атқарады.
Ақша қаражаты – бұл жоғары өтімді актив және жалпыға бірдей айырбас құралы, сонымен бірге барлық қалған активтерді бағалау мен есептеу негізі болып табылады. Ақша қаражаты міндеттемелерді тез арада өтеуге қабілетті болуы керек.

2.2 Ақ «Казагрэкс» - тің дебиторлық берешектер есебі
Қарыз алушы, дебитор (латын сөзінен debitum - борыш, міндет) екі немесе одан да көп тұлғалар арасындағы меншіктік байланыстағы азаматтық-құқықтық міндеттеменің бір жағы.
Дебиторлық қарыз – бұл кәсіпорынға басқа заңды тұлғалар немесе азаматтардан төленуге тиісті қарыз сомасы. Қолма-қолсыз есеп айырысу кезінде дебиторлық қарыздың пайда болуы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің объективті процесін бейнелейді.
Кәсіпорынның шаруашылық, өндірістік қызметі барысында сатып өткізілген өнімдері (тауарлары, жұмыстары, қызметтері) үшін, алынған векселдер бойынша сатып алушылармен тапсырыс берушілердің борыштары және есеп беруге тиісті тұлғалардың өтелмеген борыштары дебиторлық борыштар болып табылады.
Дебиторлық борыштардың құрамына кәсіпорынның төмендегі қарыздары есепке алынады:

2.3 АҚ «Казагрэкс» - тің тауарлы - материалдық қорлар есебі
Өндіріс процесінде еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір - ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Тауарлы - материлдық қорлар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатылып алынған жартылай шикізаттар, және құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар; аяқталмаған өндіріс; субьект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.
Өндіріс барысындағы функционалдық рөлі мен мақсаты бойынша барлық материалдық құндылықтар негізгі және көмекші болып бөлінеді:
Негізгі материалдар деп өнімнің негізін құрайтын және өндіріс процесіне бір - ақ рет қатысып, өзінің құнын бірден өнімге (жұмыстарға, қызметтерге) ауыстыратын өнімді дайындау үшін қалданылатын өндірістің заттық элементтері.

3 АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕР АУДИТІ
3.1 Ағымдағы активтер аудитінің маңызы, мақсаты және жүргізу кезеңдері
Аудитор латынның «audio» деген сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әрбір танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп лауазымды қызметкерлердің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді атайды. Мысалы, АҚШ - та оларды қоғам бухгалтері, Англияда – ревизор, Францияда – бухгалтер-эксперт немесе счеттар комиссары, Германияда – шаруашылық басқарушысы және т.б. деп атайды. Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмысын шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету деп атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім - шарт талабына сәйкес тексеру жасап, аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру туралы, салық мекемесімен еңбек ақы тәсілдері туралы, банк опеарцияларын жүргізу туралы тұжырымдамаға кеңес, т.б. әр түрлі қызмет көрсете алады [12].

3.2 Ағымдағы активтердің ішкі бақылауы және оған баға беру
Кәсіпорынның сәтті қызмет атқаруы, табыстылығын арттыру, оның активтерін сақтау және көбейту үшін басқарудың тәртіпке келтірілген механизмінің негізгі элементі – күнделікті ішкі шаруашылық бақылау қажет.
Ішкі бақылау – субъектінің директорлар кеңесімен, жетекшілігімен, басқа қызметкерлермен орындалатын процесс және мына категориялар:
• қаржылық есеп берудің дұрыстығы;
• тиісті заңдармен нормативтік актілерді сақтау;
• операциялардың тиімділігін мен орындылығы бойынша міндеттерге жетуге қатысты ақылды сенімділік беру мақсатында құрастырылған.
Жүйелі аудит – ішкі бақылау негізінде сараптама жүргізу. Бұл жағдайда операцияларды бақылайтын жүйе қарастырылады. Егер ішкі бақылау жүйесі тиімді жұмыс істесе, онда бөлшектеп тексеруді қажет етпей осы ішкі бақылау жүйесінің нормаларды бұзу мен қателерді табатындығына сенуге болады. Есеп және ішкі аудит жүйесін зерттеудің тереңдігі, қойылған талаптарға жауап беретіні жүйенің деңгейіне және сыртқы аудитордың ішкі бақылаудың мәліметтеріне қандай деңгейде сүйенетініне байланысты анықталады.

3.3 Ағымдағы активтер аудитінде талдамалық процедураларды қолдану
Ағымдағы активтер бойынша аудиторлық тексеріс барысында аудитор аудиторлық дәлелдемелер жинайды.
Аудиторлық тексеріс барысында аудитордың жинаған және талдаған, аудитордың қорытындысын жасау үшін қажет ақпараттар аудиторлық дәлелдемелер деп аталады.
Қаржылық есептің дұрыстығы туралы өз пікірін негіздеу үшін аудитор жеткілікті түрде аудиторлық дәлелдемелерді кешенді бақылау мен маңызы бойынша сәйкесінше тексеруді тестілеу нәтижесінде жинайды. Оған кіретіндер:

Қорытынды
Нарықтық қатынастарға өтумен, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәсілдері де өзгерді. Бұрынғы кездегі мемлекет тарапынан есеп процесінің қатаң шектелуінен қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың мемлекеттік реттеу және өздігінен ұйымдасудың саналы үйлесуіне көшті. Осы процеске жаңа әдістемелер қолданудың мәні - мемлекет бекіткен бухгалтерлік есептің жалпы ережелерінің негізінде кәсіпорындар есеп алдында тұрған мәселелерді шешу үшін өз беттерінше есеп саясатын құрады.
Қазіргі кезде ағымдағы активтер есебі бухгалтерлік есептің ортақ жүйесінде жетекші орындарының бірін иеленеді. Қысқа мерзімді ақтивтер құрамына ақша қаражаттары, дебиторлық берешек, тауарлы-материалдық қорлар кіреді.