Сақтандыру курсына кіріспе
Жоспар
1 Сақтандыру курсына кіріспе 3
1.1 Сақтандырудың экономикалық мәні және қалыптасуы 4
1.2 Сақтандырудың жіктемесі 6
1.3 Тәуекел ұғымы және оның экономикалық зардаптары 8
1.4 Сақтандыру рыногы 9
1.5 Сақтандыру мәселелерінің заңдылық регламентациясы 11
1.6 Сақтандыру компанияларының қызметін ұйымдастыру 13
1.7 Айтуарлық есеп айырысулар 15
1.8 Сақтандырудағы маркетинг 17
1.9 Жеке сақтандыру 19
1.11 Мүлікті сақтандыру. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру 23
1.12 Кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру 25
1.13 Несиелік тәуекелді сақтандыру 26
1.14 Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету 29
1.15 Ортақ сақтандыру және қайта сақтандыру 31
1.16 Шет мемлекеттердегі сақтандыру. 32
Әдебиеттер 37
1 Сақтандыру курсына кіріспе
Сақтандырудың түп-тамыры ежелгі ғасырлар қойнацында жатыр. Б.ғ.д. ІІІ-ші мыңжылдықта вавилондықтарды теңіз шаруашылығында қарыз беру жүйесі болған, осы жүйеге сай іс зиян шегіп тоқтап қалған жағдайда қарыз қайтарылмайтын болған.
Б.ғ.д. 916 жылы жалпы орта мәнін алу жүйесі енгізілген. Бұл жүйе қазіргі сақтандыру тарифтеріне сәйкес келеді.
1584 жылы қабылданған теңіз жүктерін сақатндыру тәртібі жүктерді тасып жеткізу үшін 5% ақшалай сыйлық төлеуді қарастырған. 16 ғасырдың аяғында Англияда теңіз тасымалдарын сақтандыру 1601 жылы Парламент Актісімен бекітілді, ол саудагерлер арасындағы сақтандыру жағдайларына қатысты «Акт» деп аталады. Ұзақ уақыт бойы сақтандыру бизнесі сауда оперциясының бөлігі ретінде өмір сүріп келеді.
1584 жылы сақтандыру полисінде үш сақтандырушы қол қойған, олардың бірі жарты міндетті мойнына алса, екінші жартысын қалған екеуі бөліп алған.
1.1 Сақтандырудың экономикалық мәні және қалыптасуы
Сақтандыру классификациясының барлық звеносы сақтандырудың екі түрін қамтиды. Олар:
1. Міндетті сақтандыру.
2. Ерікті сақтандыру.
Міндетті сақтандыру – заң негізінде сақтандыру қорлары ресурстарының құрылуы және пайдалануымен байланысты. Яғни, азаматтық, құқықтық байланыстарды білдіреді. Міндетті сақтандырудың инициаторы болып мемлекет табылады. Яғни, заңды және жеке тұлғалардың қоғамдық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында заң арқылы міндеттейді.
1997 жылы Қазақстан Республикасы міндетті сақтандыру ауылшаруашылық өндірісін жаңартуға қолданған. Негізінде міндетті сақтандыру, сақтандыру төлеміне тәуелсіз және белгіленген мерзімде ғана әрекет етеді.
Ерікті сақтандыру – міндетті сақтандырудың әрекетіне қарағанда азаматтық, құқықтық қатынастар негізінде пайда болған сақтандырушы (сақтандыру компаниялары) және сақтандырушы (жеке және заңды тұлғалар) өзара келісім негізінде пайда болды.
1.2 Сақтандырудың жіктемесі
Кооперативтік сақтандыру - мемлекеттік емес ұйымдастыру түрі. Ресейде кооперативтік сақтандыру 1918 жылы қызметін бастады. Осы жылы «Бүкілресейлік Кооперативтік Сақтандыру Одағы» құрылды. Кооперативтік сақтандырудың қайта өрлеуі 1988 жылы Кооперация туралы Заңның қабылдануына байланысты болды.
Дәрігерлік сақтандыру – сақтандыру қызметінің ерекше ұйымдық түрі. Негізінен бұл денсаулықты қорғауда халықтың мүдделерін әлеуметтік қорғау түрі ретінде қолданылады. Дәрігерлік сақтандырудың субъектілері ретінде азаматтар, сақтандырушы, сақтандырушы дәрігерлік ұйым, дәрігерлік мекеме қызмет жасайды. Сақтандыру объектідері сақтандырудың экономикалық мүдделерімен барлық белгілерінің материалдық иесі болып табылады. Нарықтық экономиканың қалыптасы сатысында объектілерінің сипаттамасына қарап сақтандырудың негізгі 4 саласын ажыратады:
1.3 Тәуекел ұғымы және оның экономикалдық зардаптары
Сақтандыру қызметі – экономикалық қатынастардың белгілі бір саласы, ерекше әлеуметтік – экономикалық орта. Бұл салада сатып алу және сату объектісі ретінде сақтандыру қорғанышты болады және сұраныс пен ұсыныс қалаптасады. Сақтандыру қызметінің дамуының объективті негізі күтпеген келеңсіз жағдайлардан зиян шеккендерге ақшалай көмек көрсету арқылы ұдайы өндірістің тоқтаусыз қызметін қамтамасыз етудің қажеттілігі. Сақтандыру нарығын ақша қатынастарын ұйымдастырудың түрі ретінде қарастыруға болады және де бұл қатынас қоғамның сақтандыру қоршағанын қамтамасыз ету үшін сақтандыру қорын қалыптастыру мен бөлу мақсатында іске асырылады.
1.4 Сақтандыру рыногы
Сақтандыру қызметіне сұраныс пен ұсыныстың көлемдеріне қарай ішкі, сыртқы және халықаралық сақтандыру нарықтарын бөлуге болады.
Ішкі сақтандыру нарығы – нақты сақтандырушыларды қанағаттандыруға бағытталған сақтандыру қызметіне тікелей сұранысы бар жергілікті нарық.
Сыртқы сақтандыру нарығы – ішкі нарық шеңберінде орналасқан және осы аймақтан тыс жерлердегі аралас сақтандыру компанияларына да бейімделген нарықты айтады.
1.5 Сақтандыру мәселелерінің заңдылық регламентациясы
Сондықтан да, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметтің сақтандырусыз алға баса алмайтын белгілі. Кәсіпкерлік қызметте ынталылық, табандылық танытқан, дәстүрлі де, қарапайым да, емес жаңама шешімдер іздеген жан ғана көптеген табыстарға жете алады. Ондайда көп нәрсе белгісіз болғанмен істің сәті түсуіне есептен тәуекел етеді. Кәсіпкерлікті сақтандыру нарықтың зерттелген кеңістігінде кезігетін жайсыздықтардан қорғайтын кепілдікті күтпеген қолайсыздыққа қарсы қою арқылы ақырғы нәтижелерге қол жеткізуге бағытталады.
1.6 Сақтандыру компанияларының қызметін ұйымдастыру
Сонымен қатар, қайтарымдар сол валютада төленеді, яғни салым болып енгізілгеннен бастап шетелдік валютамен салынған қайтарымның көлемі теңгемен салынған қайтарымның көлемімен сәйкес келеді, сонымен қатар соттың шешімі бойынша Ұлттық Банк құрылған күннен бастап, шетел валютасының теңгеге шаққандағы ресми курсы анықталды және де қатысушы банктер өз күшін жойды да депозиттік салымдарды таратты.
Дипозиттік салымдар бойынша қайтарымды (аударымды) төлеу банк агенттері арқылы Қорда өндіріледі.
1.7 Актуарлық есеп айырысулар
Қандай да бір өндірістік жұмыстың немесе қызметтің ақша және басқа да ресурстарын инвестициялауды және белгілі мерзімнен кейін сол жұмсалымынан кіріс алуды көздейтін коммерциялық қызмет сақтандырудың объектісі болып саналады. Нарықты экономиканың қазіргі жағдайында аталған сақтандырудың маңызы зор. Қызметін бастаған кәсіпкерлер болуы мүмкін шығындардан қорғану үшін сақтандырушымен мәмлеге келуге ұмтылды. Әулетті сақтандырушылардың саны жыл сайын емес, тіпті ай сайын көбейе түседі. Сақтандыру қоғамының тиісті оперцияларды өрістетулеріне мүмкіндік кеңейеді.
1.8 Сақтандырудағы маркетинг
Қарастырылып отырған сақтандырудың ерекшелігі сол, сақтандырылған коммерциялық операциялардың түпкі нәтижелері көрінетін сақтандыру мерзімі аяқталған шақта өтем төленеді.
Сақтандырудың басқа түрлерінде шығын үшін өтем төлеудің қажеттілігі сақтандыру шартының қолданылуының кез келген сәтінде туындауы мүмкін. Коммерциялық тәуекелдікті сақтандыру кезінде төлем мерзімінің анықталғаны түскен жарнаны жоспарлы түрде пайдалануға мүмкіндік беріп, сол мерзімге қор құруға жағдай жасайды.
1.12 Кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру
Революцияға дейінгі Ресей империясының құрамында болған Қазақстан аумағындағы сақтандырудың даму деңгейі жөнінде ақиқат мәліметтер әзірше жоқ. Қазақ халқының шаруашылық жүргізу түрімен өмір сүру деңгейі және экономика мен өндіргіш күштердің дамуының төменгі деңгейі сақтандыру ісінің кеңінен таралуына ықпалын тигізе алмады. Тек кейбір сақтандыру келісімдері Ресеймен шекаралас ірі қалаларда (Орынбор, Атырау, Орал және т.б.) жер шаруашылығы аймақтарында жасалды.
Сондықтан да революциядан кейінгі жылдары ғана Қазақстан Халқының күнделікті өмірі мен экономикасына сақтандыруды енгізу қарқынды дами бастады.
1.13 Несиелік тәуекелді сақтандыру
Белгілі экономист В.Леонтьевтің айтуынша мемлекеттік реттеудің жеке кәсіпкерлікке бірігуі нарықтық экономикаға әсер етеді. Сонымен қатар, бұлар толықтай сақтандырумен байланысты.
Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері.
1.14 Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету
Сақтандыруды жүргізуге байланысты барлық құқықтық қатынастарды 2 топқа бөлуге болады: сақтандырудың өзін реттеуші құқықтық қатынастар, яғни сақтандыру қорларын жасау және пайдалану процесі және де сақтандыру ісін ұйымдастыруға орай пайда болатын құқық қатынастары, яғни сақтанатын банк мекемелерін, бюджеттен, мемлекеттік басқару ұйымдарымен, бақылау және реттеу органдарымен өзара байланысты қатынасты құқық қатынастары.