Өз еркімен қосылу ма, әлде отарлау ма?
Кеңестік заманда XVIII ғ. бірінші ширегінен кейінгі тарихи даму кезеңімізде Ресей империясына өз еркімізбен қосылу және содан шығатын тек жағымды жағдайлармен байланыстырып қарадық. Бұл процестің 250 жылдағын орасан зор мереке ретінде атап та өттік. Әрине, 270 жылдық тарихи дамуымыздың бір-біріне ұштасуының жағымды әсерлерінің көп елеңдігін ешкім теріске шығармауға тиісті. Бірақ тарихи шындықты бұрмалап, «қосылу» процесінің шынайы жағдайын көрсетпеу де еліміздің тарихи даму процесіне қиянат болын табатындығын ескерту өте қажет.
Егер де «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі кезеңде халқын сақтап қалуға тырысқан Әбілхайыр Ресей мемлекетінен қорғаныс іздесе, патша өкіметі казактардың басына түскен ауыр жағдайын өзінің империялық мақсатын іске асыру үшін пайдалануға тырысты. Патшалық Ресей бұл ойларын асықпай, біртіндеп іске асырды. Олар бірнеше реформа жасады, елдік ұйытқымызды жойды, этникалық бірлігімізді содан кейін ұлысымызды бөлшектеп айырды.
Егерде сол кезеңде сақталған архив құжаттары мен прогрессивті көзқарастағы зерттеушілердің еңбектеріне зер салсақ, Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлық саясатының ағылшын, француз, португалия отарлаушылары жүргізген саясаттан ешқандай айырмашылығы жоқ екенін көруге болады.
Қазақстанды отарлау - өлкедегі өндіргіш күштердің дамуын тежеді, қазақ қоғамының дәстүрлі экономикасы мен әлеуметтік құрылымын талқандады.