Белоктар химиясына сипаттама
Жоспар
1 Белоктар химиясына сипаттама 3
1.1 Белоктардың аминоқышқылдық құрамы 4
1.2 Аминқышқылдардың жіктелуі 6
1.3 Белоктардың физика-химиялық қасиеттері 7
1.4 Белоктардың құрылымдық ұйымы 8
1.5 Белоктардың бірінші реттік құрылымы 10
1.6 Белоктардың екінші реттік құрылымы 12
1.7 Белоктардың үшінші реттік құрылымы 14
1.8 Белоктардың төртінші реттік құрылымы 16
1.9 Белоктардың жіктелуі және биологиялық қызметі 18
1.9.1 Жай белоктар 18
1.9.2 Күрделі белоктар 20
Қорытынды 22
Пайдаланған әдебиеттер 23
1 Белоктар химиясына сипаттама
Тірі организм өзіне тән құрылымдық ұйымы мен биологиялық қызметтері арқылы сипатталады. Организмнің осы құрылымдық ұйымының қызметінде белоктар өте маңызды роль атқарады, яғни белоктар басқа органикалық заттардың алмасуына келмейді, өйткені олардың өзінше ерекше құрылымдық ұйымы бар.
Белоктар дегеніміз-аминқышқылы қалдықтарынан тұратын, құрамында азоты бар жоғары молекулярлы органикалық заттар.
1.1 Белоктардың аминоқышқылдық құрамы
Белоктардың құрылым бірлігі болып аминоқышқылдар есептелінеді. Белоктарды синтездеу үшін 20 протейногенді аминоқышқылдар пайдаланылады. Барлық протейногенді аминқышқылдар L- қатарындағы а-аминоқышқылдар. а –аминоқышқылдардың жалпы формуласы:
1.2 Аминқышқылдардың жіктелуі
Табиғатта кездесетін барлық аминқышқылдарға жалпы қасиет амфотерлік, яғни әрбір аминқышқылының құрамында кем дегенде бір қышқылдық бір негіздік топтарының болуымен сипатталады.
Жалпы формулада көрсетілгендей аминқышқылдары бір-бірінен R-радикалының химиялық табиғатымен ерекшеленеді. Белок синтезі кезінде пептидтік байланыс түзуге қатыспайтын және а –көміртек атомымен байланысқан аминқышқылы молекуласы түрінде берілген. Барлық а-амин және а-карбаксил топтары белок молекуласындағы пептидті тізбек түзуге қатысады. Осы кезде олар өздерінің аминқышқылдарына еркін сәйкес қышқылды-негізді қасиетін жоғалтады.
1.3 Белоктардың физика-химиялық қасиеттері
Белоктардың өзіне тән физико –химиялық қасиеттері: ертінділерідің жоғарғы тұтқырлығы, аздаған диффузия, жоғарғы деңгейдегі олардың ісінуге қабілеттігі, оптикалық активтілігі, электр жазығындағы қозғалғыштығы, төменгі осмостық қысым, жоғарғы оннкотикалық қысыым және 280 нм УК-сәулені жұтуға қабілеттігі бар.
1.4 Белоктардың құрылымдық ұйымы
Белоктардың құрылымдық ұйымын анықтау қазіргі биохимияның басты мәселесі болып есептеледі. Ол маңызды ғылыми тәжірибе жағдайында белоктың организмдегі атқаратын әртүрлі қызметін түсіну үшін қажет. Алғаш рет А.Я Данилевский биууретен реакциясын ашқан кезде белокты зарядтың барлығына атоммдардың біртектес топтарының, яғни биуретке ұқсас NH2-CO-NH-CO-NH2 тобының бар екенін айтқан болатын. Белокты заттардағы атом топтарының біртектілігі:
1.5 Белоктардың бірінші реттік құрылымы
Осы уақытқа дейін көптеген әртүрлі белоктардың 1-реттік құрылымы анықталды. Ол биохимияның негізгі жетістіктерінің бірі болып саналады. Белоктардың бірінші реттік құрылымы дегеніміз пептидті тізбектегі аминқышқыл қалдықтарының кезектесіп ретпен орналасуы.
1.6 Белоктардың екінші реттік құрылымы
1930 жылдары У. А стбюри алған белоктың бірінші рентге-нограммасы және сонан кейін Л.Полинг пен Р. Кори зерттеулері белоктағы сызықты полипептид тізбегімен қоса, белгілі бөліктерінде шиыршықтың болатынын көрсетті.
1.7 Белоктардың үшінші реттік құрылымы
Белоктың үшінші реттік құрылымы деп полипептидті тізбектің белгілі бір көлемде кеңістікте орналасуы. Қанша дегенмен де бірінші реттік құрылымы, не шиыршық түрі немесе полипептидті тізбектің сызықты шиыршықты бөлімдері сәйкестенуі полипептидті тізбектің формасы, көлемі туралы ұғым бермейді, зерттеушілердің алдында әрқашын белоктың кеңістіктегі үш өлшемін немесе конфигурациясын анықтау тұрады. Бұл мәселелерді шешуде негізгі рольді өзінің жоғарғы қабілеттігімен ренген құрылымды анализ әдісі атқарады. Бұл әдіс белок химиясының басты екі мәселесін шешеді:
1.8 Белоктардың төртінші реттік құрылымы
Төртінші реттік құрылым деп жеке полипептид тізбектерінің кеңістікте жинақталуын, яғни бірдей бірінші, екінші және үшінші реттік құрылымы бар және құрылымдық функционалдық қатынастары бірдей макромолекулярлық құрылымның түзілуін айтамыз.
1.9 Белоктардың жіктелуі және биологиялық қызметі
1.9.1 Жай белоктар
Белоктардың физикалық-химиялық қасиеттеріне, атқаратын қызметтеріне және құрамына қарай жіктейді.
Белоктар- электрохимиялық қасиеттеріне сәйкес қышқылдық, негіздік және бейтарап белоктарға бөлінеді.
Белоктар-кеңістікте орналасуына сәйкес глобулярлы және фибрилярлы деп бөлеміз. Ал биологиялық қасиеті мен қызметіне сәйкес белок молекулаларын мынадай топтарға бөледі.
Қорытынды
Тірі организм өзіне тән құрылымдық ұжымы мен биологиялық қызметтері арқылы сипатталады. Организмнің құрылымдық ұжымының қызметін де белоктар өте маңызды роль атқаратынды. Яғни белоктар басқа органикалық заттардың алмасуына келмейді. Себебі: олардың өзіндік ерекше құрылымдық ұйымы бар: