Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар
Жоспар
1 Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар 3
1.1 Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу 3
1.2 Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды талан-таражға салу не қорқытып алу 4
1.3 Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру 5
1.5 Улы заттардың, сондай-ақ есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы 7
1.6 Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау 9
1.7 Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу 10
1.8 Жекеше медициналық практикамен немесе фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысу, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды алуға құқық беретін рецептерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау 10
1.9 Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу 11
1.10 Адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру 12
1.11 Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету 13
1.12 Адамгершілікке қарсы қылмыстар 14
1.12.1 Жезөкшелікпен айналысуға тарту 15
1.12.2 Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық 17
1.12.3 Дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау 18
1.12.4 Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату 18
1.12.5 Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату 20
1.12.6 Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау 21
1.12.7 Жануарларға қатыгездік жасау 22
Әдебиеттер 24
1 Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар
1.1 Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу
Қылмыстың заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар. Есірткі заттар-адамның психикасына әсер ететін, одан әрі организмді бүлдіретін синтетикалық немесе табиғи тектес заттардың жиынтығы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы № 186 қаулысымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатқа пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген. Бұларға гашиш, наша, героин, кокаин, каннабис, апиын ж.т.б. заттар жатады. Жүйкеге әсер ететін (психотроптық) заттар-адамның психикалық функциясына әсер ететін қауіпті заттар.
1.2 Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды талан-таражға салу не қорқытып алу
Қылмыстың затына есірткі заттар және психотроптық нәрселер жатады. Қылмыстың негізгі тікелей объектісі халықтың денсаулығын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар, қосымша тікелей объектісі-адамдардың өмірі, денсаулығы немесе меншігі болады. Қылмыстың объективтік жағы екі түрлі нысан арқылы-талан-тараж немесе қорқытып алу арқылы сипатталады.Талан-тараж деп пайдакүнемдік мақсатта есірткі заттарды, психотроптық нәрселерді меншік иесіне немесе өзге иеленушіге залал келтіре отырып кінәлының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз, тегін алып қоюын немесе айналдыруын айтамыз. Есірткі заттарды және психотроптық нәрселерді талан-таражға салу әр түрлі тәсілдер қолданыла отырып істелуі мүмкін. Қылмыстық кодекстің 260-бабындағы қылмыстар талан-тараждың-ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық, иеленіп алу немесе ысырап ету немесе қорқытып алу нысандары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
1.3 Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру
Қылмыстың заты есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттар. Қылмыстың объективтік жағы негізінен екі түрлі нысан арқылы сипатталады.
Оның бірінші нысаны-басқа адамды есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға кеңестер беру, ұсыныс, өтініш жасау, алдау, организмге осы заттарды енгізу ерекше сезімге бөлейтіндігі жөнінде пікірлер айту арқылы көндіру болып табылады.
1.4 Құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру
Қылмыстың заты болып құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктер саналады. Бұлар: апиын, индиялық, оңтүстік-манчжурия, оңтүстік-Шу, оңтүстік-архон сорасы, кокаин бұтасы, кат, ҚР өсетін, бірақ өсіру үшін тыйым салынған немесе ол үшін арнаулы рұқсатты қажет ететін өсімдіктер: ұйықтататын көкнәр түріндегі өсімдік, сора тұқымдас өсімдік.
1.5 Улы заттардың, сондай-ақ есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы
Қылмыстың тікелей объектісі-адамдардың денсаулығы. Қылмыстың затына заң улы заттарды, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау немесе ұқсату үшін пайдаланылатын зат, аспаптарды немесе жабдықтарды жатқызады.
1.6 Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау
Қылмыстың негізгі тікелей объектісі-халықтың денсаулығы, ал қосымша тікелей объектісі-адамгершілік. Қылмыстың заты-заңда көрсетілгендегідей есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынатын притондар болып табылады.
1.7 Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу
Осы қылмыстың тікелей объектісі және заты Қылмыстық Кодекстің 259-бабындағы қылмыс құрамына ұқсас. Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс құрамы есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды өндіру, жасау, ұқсату, алу, сақтау,есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу, әкету және жөнелту не жою ережелерін бұзу арқылы сипатталады. Қылмыс құрамының диспозициясы бланкеттік.
1.8 Жекеше медициналық практикамен немесе фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысу, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды алуға құқық беретін рецептерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау
Қылмыстың негізгі тікелей объектісі-халықтың денсаулығы, ал қосымша негізгі объект адамдардың өмірі. Объективтік жағынан Қылмыстық Кодекс 266-бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыс-қызметтің таңдап алынған түріне лицензиясы жоқ адамның медициналық практикамен немесе фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер арқылы сипатталады. Медициналық практикаға азаматтарға емдеу-диагностикалық протездік-ортопедикалық, реабилитациялық қызмет көрсетулер жатады. Фармацевтикалық қызметке-дәрі-дәрмектерді дайындау, зерттеу, сақтау және оларды босату әрекеттері жатады. Медициналық практикамен немесе фармацевтикалық қызметпен шұғылдану құқығы арнаулы медициналық білім алған: дипломы бар және қызметтің таңдап алған түрі бойынша лицензия алған адамдарға ғана беріледі.
1.9 Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу
Қылмыстың объектісі-тұрғындардың денсаулығы және өмірі.Объективтік жағынан қылмыс-абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына немесе улануына әкеп соққан санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу арқылы жүзеге асырылады. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер-жұқпалы аурулардан сақтандыру, олардың тарауына жол бермеуге бағытталған нормативтердің жиынтығы болып табылады.
1.10 Адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру
Қылмыстың тікелей объектісі-халықтың денсаулығы. Осы қылмыстың затына-адамдардың өміріне немесе денсаулығына, не қоршаған ортаға қауіп төндіретін оқиғалар, фактілер немесе құбылыстар туралы ақпараттар жатады.
1.11 Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету
Қылмыстың тікелей объектісі-халықтың денсаулығы, қосымша тікелей объект-тұтынушылардың мүліктік құқығы, қауіпсіздігі. Қылмыстың, заты-тұтынушылар өмірінің немесе денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін тауар, жұмыс орындау, не қызмет көрсету, сол сияқты аталған тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің қауіпсіздік талаптарына сай келетіндігін куәландыратын ресми құжат.
1.12 Адамгершілікке қарсы қылмыстар
1.12.1 Жезөкшелікпен айналысуға тарту
Қылмыстың негізгі тікелей объектісі-қоғамдық адамгершілік, ал қосымша тікелей объектісі-адамның денсаулығы, ар-намысы және өміріне қол сұғылмайтындығы немесе меншігі болып табылады.
1.12.2 Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық
Қылмыстың негізгі тікелей объектісі қоғамдық адамгершілік болып табылады. Қылмыстың заты-жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар. Притондар деп-ақы алып жезөкшелікпен айналысатын адамдардың кез келген нысандағы жыныстық қатынасты жүзеге асыратын арнайы жабдықталған тұрғын жайлары немесе жабдықталмаған кез келген тұрғын үйге жатпайтын жайларды (автобус салоны, күзет үйлері, кеңсе бөлмелері, казинолар, түңгі сауықтыру орындары т.с.с.) айтамыз.
1.12.3 Дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау
Қылмыстың тікелей объектісі-қоғамдық адамгершілік, қосымша тікелей объект адамның денсаулығы. Қылмыстың заты-есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарға жатпайтын дәрілік заттар немесе басқа құралдар. Қылмыс объективтік жағынан алғанда есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға жатпайтын дәрілік немесе басқа құралдар мен заттарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сондай-ақ осы мақсаттар үшін үй-жай беру арқылы жүзеге асырылады. Есеңгірететін дәрілік заттардың тізімі немесе басқа құралдар арнаулы құқықтық нормалармен белгіленген.
1.12.4 Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату
Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз таратуға халықаралық құқық нормасымен тыйым салынған. 1923 жылы «Порнографиялық бұйымдарды тарату және олармен сауда жасауға қарсы шаралар туралы» Женева конвенциясы қабылданған. Осы конвенцияға қосылған барлық мемлекеттер өздерінің ұлттық Қылмыстық кодексінде осы тектес іс-әрекетті қылмыс деп танып, жауаптылық белгіленген. Порнографиялық материалдарды немесе заттарды таратудың қоғамға қауіптілігі сол, мұндай әрекеттер жас өспірімдердің дене бітімі немесе психикалық адамгершілік жағынан дұрыс дамып жетілуіне теріс әсер етеді, жыныстық қатынастар туралы оларға кереғар нанымдарды уағыздайды, мұндай материалдармен танысу арқылы олар әйел зорлау, нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық әрекеттерін, тағы басқадай түрде азғындату әрекеттерін жасауға әсер етуі мүмкін.
1.12.5 Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату
Қылмыстың тікелей объектісі-қоғамдық адамгершілік. Қылмыстың заты-қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындылар. Оларға баспа басылымдары, кино немесе бейне материалдар, сондай-ақ қатыгездік пен күш қолдануды насихаттайтын кез келген жазбаша бағдарлама көздері (кітаптар, мақалалар, бейне таспалар, слайдылар) жатады.
1.12.6 Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау
Қылмыстың негізі тікелей объектісі қоғамдық адамгершілік, қосымша тікелей объектісі-меншік қатынастары, ара гідік азаматтардың денсаулығы, ұлттық, нәсілдік немесе діни өшпенділік болуы мүмкін. Қылмыстың заты-өлгендердің мәйіттері, жерлеу орындары, құлпытас құрылыстары, жерлеуге немесе еске алуға байланысты рәсімдер өткізуге арналған зират үйлері болады.
1.12.7 Жануарларға қатыгездік жасау
Қылмыстың тікелей объектісі қоғамдық адамгершілік, қосымша тікелей объект меншік қатынастары болуы мүмкін. Қылмыстың заты-жануарлар, олар кімнің меншігіне жататындығына қарамастан қылмыс заты болып табылады. Бұл жерде үй жануарлары немесе жабайы жануарлар туралы да сөз болып отыр.