Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Өнертану

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Полный просмотр работы

Музыка туралы материалдар

«Елім-ай» бағдарламасының міндетіне мыналар кіреді:
1. Казақ халқының рухани құндылықтарын және дәстүрлі көркем мәдениетіи игеру.
2. Оқушыларда айналадағы болмысты және қазактың халықтық өнерін музыкалы-эстетикалық және көркемдік бағалауды қалыптастыру
3. Музыканың халық өнерінің басқа түрлерімен. тарихпен байланысын анықтау, музыканы терең түсіну жолында оның әр түрлі "шеңберден шығуын" кең мағынада пайдалану.

Біз ұсынып отырған кешенді кұрастыру мынадай қағидалы ережелермен анықталды.
1. Накты болмыстағы сұлулықты тану музыка сабақтарында, жоғарыда айтқанымыздай, төмеңгі сынып оқушыларының өмірдің әр түрлі жағдайларын әсерлі-рухани зерделеуге себеп болатын эстетикалық әрекеттер туғызуы арқылы жүзеге асырылады. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, сабақта өнер, табиғат құбылыстарын, адамның мінез-құлқын бағалауға және талдауға көмектесетін маңызды кезеңдік түсініктер жүйесі ашылады.

Балалардың мектепке дейінгімен сабақтаса байланысқан, мектептегі музыкалық-эстетикалық білімінің бастапқы кезеңі, музыка және басқа да өнер әлеміне енудің әсерлі белсенділігін көрсетеді және осы жаска сай: айшықты және өзіндік қабылдау, кейіпкерлер бейнесіне оңай ауысу, эстетикалық өнеге мәселелеріл өз жасына қарай шешу сияқты қасиеттерді ойын әреқеттері арқылы үйлестіруге себеп болады.
Тәжірибелік-байқау жұмысы кезінде мынадай дидактикалық кешен жасалды:

"Елім-ай" бағдарламасында білім беру мен тәрбиелеудің максаты мен міндеті, тұлғаны дәстүрлі көркем мәдениет тәрбиесі көрсеткіштері мен өлшемдері жинақталып, біз жасаған болжамды үлгіге сәйкес анықталған:
- халық енері шығармаларын қабылдау музыка-ны үғыну процесінде өтеді;
- ән салуға, билеуге, ойнауға, сурет салуға, музыка аспаптарында ойнауға себеп болатын орындаушылық қызмет;

Музыкалык (көркем) білім, білік, машықты қалыптастыру. Мысалы:
- әр түрлі музыкалық әдеби және бейнелеу көріністерін коршаған әлемнің кандай да болмасын қолда бар құбылыстарымен салыстыру;
- музыканың характеріне карап кейіпкерлерді анықтау, оның сөздік және бейнелік портретін жасау;