Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Эссе (Реферат)

Объем: 8 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Сұлтанмахмұт Торайғыров романдарындағы образдар жүйесі

Кейіпкерлердің тілдік мінездемесін бір – бірімен салыстыра талдау, табиғат суретін, кейіпкерлер портретін жасаудағы автор шеберлігіне нақты мысалдар келтіріп талдау жасау. Ғалым Б. Шалабаевтың пайымдауынша «Қай жазушының болмасын шығармаларының тілін талдауда жүзеге асырылуға тиіс маңызды шарттардың бірі – салыстырмалы талдау жүргізу... [1.35.]. Сондай – ақ Сөз өнерінде адамнан тыс, адам тағдырынан тыс бірде – бір өрнек – өмір.

Өзінің тегі жағынан Қамар бай қызы, бірақ өз әлінше оқыған, өмірді танитын қыз. Ол қазақ әдебиетінде көрінген жаңа тұлға, жаңа характер. Алғашқы кезде ол ұяңдау болып көрінеді. Басына күн туып, ескі салтпен айқасақнда ғана Қамар өршелене бастайды. Сөйтсе де ол махаббат сезімнен құр емес. «Ахметтің алғашқы хатында оқығанда, ол бір қызарып, бір сұрланып, жүрегі кеудесіне сыймай қысылып, қарап тұрып бір тынымсыздықта қалады». Мұнда пән сезім, шын сүюдің белгісі бар. Бірақ оны терең ойға батыратын нәрсе – өз ойы, арманы мен қоғам салты арасындағы зор қайшылық. Тағы мұнда «Қамар сұлу» романында теріс сипаттарын көреміз.[3.273]. Мынау залымдықты көргенше, қанғып өлейін. Мұнда Ахметтің кетер алдында Қасен деген досына жазған хатында байқаймыз.

Осындай мысал келтіретін болсақ Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы Жамал бейнесі алатын болсақ. Жамал – өз тағдыры үшін күресуге дайын, сауатты, саналы қыз. Бақыт жолында қандай қиындыққа да қарсы тұратын қайсар жан. Жамалдың рухани жан дүниесі, ішкі әлемі ғашығына жазған өлең хатында ашылады.
Қосылсам нәсіп болып сеніменен,
Кім айтар жүрмеді деп теңіменен?
Сенімен отқа түссем – арманым жоқ,
Жуылмаған Жұман атты періменен. [6.173]
деген үзінділер ден байқауға болады. Енді бірде Жамал басындағы қиындықты автыр былай деп жеткізеді. Сүйгені Ғали қайтыс болғандағы Жамалдың монологі – бостандық бақыты жолындағы күресте жеңіліс тауып, өмірден үміті үзілген жанның трагедиясын былай суреттейді.

Әдебиеттер тізімі
1. Шалабаев Б. Көркем шығарма тілі және оны мектепте оқыту Алматы, «Мектеп» 1982
2. Қирабаев С. Алматы, «Мектеп баспасы» 2001
3. Аймауытов Ж. Шығармалары Алматы, «Жазушы» баспасы 1989
4. Дүйсенбаев Ы.Т. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Жазушы» баспасы 1967
5. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Алматы, «Санат» 1994
6. Міржақып Дулатов «Бақытсыз – Жамал» романы Алматы 1998