Михаил Михайлович Катаев (қазақша)
1903 жылы Павлодар облысы, Қашыр ауданы, Осьмерыжск ауылында дүниеге келеді. Ұлты орыс. Бала күнінде қаражат тапшылығынан бастауыш мектепті аяқтауға ғана мүмкіндігі болды. 1925 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Оңтүстік шекарадағы басмачтық бандалардан тазарту үшін кавалериялық әскер құрамында әскери міндетін орындады. 1927 жылы әскер қатарынан келген соң ауылдастары М.М. Катаевты ауылдың төрағасы етіп сайлайды.
1944 жылдың қаңтар айында біздің әскерилер Белоруссияның оңтүстік-шығысын азат ету үшін күресті. 26 қаңтарда 7-ші гвардиялық кавалериялық корпустың бір бөлігі жаудың қарсы күшін тойтара отырып, Мозырь қаласына бас ұрды. Қала көшелерінде қатты ұрыстар жүріп жатыр. Кеңес әскерилерінің соққысы арқасында жау жағы ақырындап қаладан шыға бастады.