Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Реферат

Объем: 10 стр.

Полный просмотр работы

Қаржының мәні және қажеттігі

Қаржы ақша - қаржы ресурстарымен қорларын құру және пайдалану үрдісіндегі экономикалық қатынастарды айқындайтын экономикалық категориялардың маңызды бір бөлігі болып табылады. Қаржының пайда болуы натуралды шаруашылықта тауар ақша айырбасының өту мен және мемлекеттің дамуымен оның ресурстарды қажетсінуімен тығыз байланыста қалыптасты.
Қаржының маңызды нышаны болып ақша қаражаттарының нақты қозғалысындағы қаржы қатынастарының ақшалай мағынада берілуі табылады.

Қаржы өндірісті тұтыну қажеттіктеріне сәйкес икемдеу, шаруашылық саласында үнемі өзгеріп отыратын қажеттіктерге мүмкіндік беру үшін қажет. Бұл нысаналы мақсатта ақша қорларын құру арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық қажеттіктің артуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі ақша қорларының құрамы мен құрылымының өзгеруіне әкеледі.
Мемлекеттік қаржылар арқылы салалық және аумақтық деңгейде қоғамдық өндіріс ауқымын реттеу, сондай-ақ басқа да қоғамдық қажеттіктерді қанағаттандыру жүзеге асырылады.

Қаржысыз өндірістік қорлардың кеңейтілген нысандағы жеке және қоғамдық өндіріс айналымын қамтамасыз ету, экономиканың аумақтық және салалық құрылымын реттеу, ғылыми-техникалық жетістіктерді жедел енгізуді ынталандыру және қоғамның басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкін емес.
Қаржының мәні бөлу қатынастарының ерекше саласы ретінде бөлу функциясымен айқындалады. Осы функция арқылы қаржының қоғамдық мақсаты жүзеге асырылып және әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі.

Егер табыстың қалыптасу тәртібін, жағдайын және қорларды қалыптастыру қағидаларын қабылдау бағытын шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық мүдделерімен байланыстырса, онда ол өзгеруі мүмкін. Экономикалық ынта дегеніміз бұл шаруашылық жүргізуші субъектінің материалдық мүддесімен байланысты құрал. Егер нарық жағдайындағы қоғамдық өндірісте қаржының белсенді ролі байқалатын нәтижелерге қаржыны саналы түрде пайдалану арқылы қол жеткізуге болады. Қаржы арқылы қол жететін нәтижелерді бағалау оны үш бағытта қарауға мүмкіндік береді: