Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

ҚР Қаржы Министрлігінің мамандандырылған комитеттері


Жоспар
Кіріспе 3
1 ҚР Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы ретіндегі құзыреті 4
1.1 ҚР Қаржы министрлігінің міндеттері, атқаратын функциялары 4
1.2 Министрлiктiң функциялары мен құқықтары 5
2 ҚР Қаржы Министрлігінің мамандандырылған комитеттері 9
2.1 Салық комитеті 9
2.2 Комитеттің функциялары мен құқықтары 10
2.3 Қазынашылық комитетi 12
2.4 Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетi 15
2.5 Комитеттің функциялары мен құқықтары 16
2.6 Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi 18
2.7 Комитеттiң функциялары және құқықтары 18
2.8 Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитетi 19
2.9 Комитеттiң функциялары және құқықтары 20
2.10 Кедендiк бақылау комитетi 22
2.11 Комитеттiң функциялары мен құқықтары 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер 26

Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы егемендігін алып, басқа да тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылып, терезесін теңестіру, жаңадан аяғына тік тұрып қадам басу, нарықтық экономикаға өту барысында біршама қиыншылықтардан өтуге тура келіп отыр. Бұл қиыншылықтар түрлі салалардан әрі түрлі деңгейде көрініс табуда.
Жалпы экономика саласы, мәдениет саласы, қорғаныс, спорт, денсаулық салалары болсын қазіргі заман талаптарына сай болу үшін біздің зайырлы мемлекетімізден көптеген өзгерістер мен толықтыруларды талап етуде. Мұндай өзгерістер мен толықтыруларға тоқтала кетсек оларға осы салаларды әрдайым тәртіпті де тұрақты дамыту үшін жетілген заңнаманың болуын, басқарушы мемлекеттік органдардың және сонда қызмет етуші мемлекеттік қызметкерлердің, яғни біліктілігі жоғары, халықаралық стандарттарға жауап беретін, бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандардың болуын, т. с. с. жатқызуға болады.
Солардың ішінде төменде қарастырылатын курстық жұмысымның негізгі мәселесі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны туралы болмақ. Мұнда жалпы Министрліктің алға қойылған мақсаттарға жетудегі атқаратын қызметтері, соған сәйкес алатын орны, оның реттейтін салалары және т.б. өзекті мәселелер қарастырылады.
Қаржы саласы мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз етуші бюджет саласындағы жүзеге асырылатын тұлғалар арасындағы қаржылық қатынастарды уақытылы, мерзімді әрі толық жүргізілуін қамтамасыз етуші, қаржыны бөлуші, реттеуші және бақылаушы экономикалық категория болып қарастырылады. Сол себепті осындай маңызды да әрі жауапты функцияларды атқарушы ерекше орган, яғни Қаржы министрлігінің құзыреттілігі, атқаратын міндеттері мен функциялары біршама күрделі.
Бұл жұмыс екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімінде Министрліктің құзыреті, ал келесі бөлімде оның мамандандырылған комитеттерінің құзыреттері қарастырылған.
Мақсатым тақырыбымды жан – жақты қарастырып, соңғы ақпараттарға сүйене отырып, Министрліктің түрлі салалардағы органдар жүйесіндегі орнын анықтау болып табылады.

1 ҚР Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы ретіндегі құзыреті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Yкіметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi туралы ережe сәйкес жүзеге асырады. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар:

1.1 ҚР Қаржы министрлігінің міндеттері, атқаратын функциялары

Негiзгі мiндеттерi: мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы, кедендiк, салықтық бақылау, iшкi қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу, темекi өнiмдерiнiң, этил спирті мен алкоголь өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерінің жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен оның айналымын мемлекеттiк реттеу, банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсiмi, дәрменсiз борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмдерi, мемлекеттiк меншiктi басқару, бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептілік және аудит саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз ету.

1.2 Министрлiктiң функциялары мен құқықтары

Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функцияларды:
тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын әзiрлеуге, сондай-ақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлеуге қатысуды;
мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын, негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердi әзiрлеуге қатысуды;
бюджетке түсiмдердi болжауға және мемлекеттiк бюджетке кiрiс түсiмдерi саласында мемлекеттік саясат мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысуды;

2 ҚР Қаржы Министрлігінің мамандандырылған комитеттері

2.1 Салық комитеті

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретi шегiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету саласындағы iске асырушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң ведомствосы болып табылады.
Комитеттің басты мiндеттерi мыналар болып табылады:

2.2 Комитеттің функциялары мен құқықтары

Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
1) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн жүргізу;
салық төлеушiлердi, салық салу объектілерiн және салық салуға байланысты объектiлердi есепке алудың бiрыңғай жүйесiн әзiрлеу және жүргiзу;
салық заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және жергілікті мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;
этил спиртiнiң, алкоголь өнiмдерiнiң және темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында есепке алу мен есептілікті ұйымдастыру;

2.3 Қазынашылық комитетi

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Қазынашылық комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретінің шегінде мемлекеттiк бюджеттің атқарылуы саласындағы іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнің ведомствосы болып табылады.
Комитеттің негізгі міндеттері:

2.4 Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетi

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретi шегінде мемлекеттік қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып aлу саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Комитеттің негiзгі мiндеттерi:

2.5 Комитеттің функциялары мен құқықтары

Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
1) мынадай салада мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар:
орталық мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерiнің жұмысын үйлестiру;
iшкі бақылау саласындағы кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын пайдалану кезiнде мемлекеттiк қаржылық бақылау объектілерi лауазымды тұлғаларының iс-әрекеттерiнде қылмыс немесе әкiмшілік құқық бұзушылық белгiлерi, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзудың өзге де фактiлерi анықталған жағдайда, бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қарауға уәкiлеттi органдарға беру;

2.6 Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретiнiң шегiнде банкроттық рәсiмдердi жүргiзу саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
Комитеттің өзiне берiлген өкілеттiктер шегінде дәрменсiз борышкердiң банкроттық рәсiмдерiнiң (банктердi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс тарату рәсiмiнiң жүргізуiн бақылауды жүзеге асыру негiзгi мiндетi болып табылады.

2.8 Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитетi

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретiнiң шегiнде республикалық меншiк, жекешелендiру объектiлерiн басқару және экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттік мониторингi салаларында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
Комитеттің негiзгi мiндеттерi мыналар:

2.10 Кедендiк бақылау комитетi

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының кеден iсi саласындағы iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң ведомствосы болып табылады.
Комитеттiң негізгi мiндеттерi:

Қорытынды

Бұл курстық жұмыстың мақсаты Қаржы министрлігінің түсінігін анықтау, функцияларын, міндеттері мен құқықтарын айқындау, оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі орнын анықтау болып табылатын мәселелер қарастырылды.
Жұмыстың нәтижесін қорыта келе, келесі жағдайларға тоқтала кеткен жөн.
Қаржы министрлігі біршама күрделі құрылымдық жүйені білдіреді және комитеттерден құралады, олар: а) Салық комитетi; б) Қазынашылық комитеті; в) Кедендiк бақылау комитетi; г) Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетi; д) Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитеті; ж) Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi. Бұл комитеттерді, олардың атқаратын функцияларын қарастыра отырып, Қаржы министрлігінің құзытреттілігі жайлы келесідей түсінік қалыптасады:
«Қаржы министрлігі – басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады».
Одан кейін Қаржы министрлігінің мәні қарастырылады: