Құқық қорғау қызметіндегі адамгершілік шиеленістер
Құқық қорғау қызметі қылмыскерлермен күресуінің, арнайы күш құралдарды қолдануы нәтижесінде өз қызметкерлерін адамгершілік шиелісін жағдайына жиі алып келеді. Аталған шиеленістер себептердің қарама қайшылық бағыттылығы жағдайында жиі болады. Мұндай жағдайда субъектімге борыш талаптарынан көрініс тапқан қоғамдық қажеттік пен өзінің жағдайға байланысты пайда болған көзқарастарын, алыс және жақын мақсаттың біреуін, үлкен және одан азырақ қауіптің біреуін таңдауға тура келеді.
Мысалға, құқық қорғау органдарының қызметкері сезіктіні немесе айыпталушының пәтеріне тінту жасауға келгенде төсек тартып жатқан науқас адамды көрді делік. Оның алдында мынадай таңдау тұрады: заң талаптарын орындай отырып, қатты науқас болсадағы, сол тұлғаның төсегіне тінту жасау немесе адамгершілік көзқарастар негізінде төсекті тінтуден бас тарту.
Бірқатар жағдайларда ішкі шиеленісті шешу сыртқы шиеленістің пайда болуына негіз болуы мүмкін. Мысалы, тұлғаның құқық қорғау органдарымен құпия негізде одақтасуы, оның ішкі шиеленісін жеңудің негізінде жүзеге асқанымен, осы құпия көмекші мен оның қызмет ету саласының (егер бұл сала моральға қайшы қызметпен айналысса) арасында сыртқы шиеленіс туындауы мүмкін.
Құқық қорғау органдары қызметкерінің тағы бір ерекшелігі - кей кездері өзінің мемлекеттік құрылымдарға қатысын жасыра отырып, оған қылмыстық ортада жұмыс істеуге тура келеді.
Белгілі бір жағдайда адамның дұрыс жүріс тұрысты таңдауының негізі болып табылатын бірыңғай ереженің қағиданың болуы мүмкін емес, алайда өмір талаптарына сәйкес, ол “мейлінше аз зұлымдық” негізін ұстануы тиіс. Объективтік жағдайлардың негізінде норма идеалдың кең көлемде орындалу мүмкіндігінің болмауы, жүріс тұрыс түрін таңдауда нормалардың бір біріне қарама қайшы келуі әртүрлі нормаларды орындау салдарын бағалау қажеттігін тудырады. Іс жүзінде бұл барлық салдарды жанжақты талдап, гуманизм мен әділеттілікке мейлінше сәйкес келетін шешім қабылдауды білдіреді.
Осыған сәйкес ескеріп өтетін бір жайт, құқық қорғау органдарының қандай да бір құралды пайдалануының негізділігі туралы шешім, осы құралды таңдаушы адам болжай алатын барлық салдар ескерілген жағдайда ғана, дұрыс деп танылуы мүмкін. Кезкелген әрекеттерде ең алдымен олардың салдары ескеріледі. Алайда, бұл салдардың адамның өзі үшін де, басқа адамдар, қоғам үшін де маңызы болуы мүмкін.