Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 18 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Адам капиталы теориясы – білім роліне деген сапалық жаңа тәсілдің бастамасы


Жоспар
Кіріспе 3
1 Адам капиталы теориясы – білім роліне деген сапалық жаңа тәсілдің бастамасы 4
2 Адам дамуы тұжырымдамасындағы білім 8
3 Әлемдік білім беру прогрессінің үрдістері және білім саласында адам дамуы принциптерін іске асыру бойынша дүниежүзілік қоғамдастықтың күш жігірлері 11
Қортынды 16
Қолданылған әдебиеттер 18

Кіріспе
Адам дамуы тұжырымдамасының мәні мен мағынасын анықтайтын өзекті элементтердің бірі мемлекет, қоғам және тұлға үшін білімді жоғары басымдық дәрежесіне көтеру болып табылады. Бір аңғарта кететін жәйт, халықаралық қабылданған адам дамуы индексінің (АДИ) төрт көрсеткішінің екеуі – ересек халықтың арасындағы сауаттылық пен 6-24 жастағы оқушылардың жиынтық үлесі елдің білім деңгейін сипаттайды.

1 Адам капиталы теориясы – білім роліне деген сапалық жаңа тәсілдің бастамасы
Білімнің қоғам мен адам дамуындағы айқындауыш ролін тану адам капиталы теориясының негізін құрды, ол бір мезгілде адам дамуы тұжырымдамасының пайда болуының теориялық алғышарты және маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Адам капиталының теориясы – білімнің әлеуметтік қызметіне принципті, сапалық жаңа көзқарас.
Сансыз көп теорияларда білім не тиімділігін арттырудың факторы, немесе ғылым және техникалық прогрестің қозғаушысы ретінде қаралып келді, бірақ барлық жағдайда да оған қосалқы, көмекші роль берілетін еді.

2 Адам дамуы тұжырымдамасындағы білім
Адам капиталы теориясы әлемдік білім беру прогрессінде аса көрнекті роль атқарды. Білімге жұмсалатын инвестициялардың тиімділігі мен айрықша пайдалылығы, білім жүйесін қаржыландырудағы «қалдық қағидасының» дәрменсіздігі дәлелденді. Білім әйтеуір теория мен мемлекет мағлұмдайтын саясатта, қалай болғанда да, бұрынғыдай өндірістік саланың қарауындағы сала, қағам зейінінің қосалқы дәрежелі объектісі ретінде ұғынылмайтын болды.

3 Әлемдік білім беру прогрессінің үрдістері және білім саласында адам дамуы принциптерін іске асыру бойынша дүниежүзілік қоғамдастықтың күш жігірлері
ХХ – ғасырдың соңғы ширегінде әлемде білім революциясы құлаш жайды. Алғашқыда оған жанама құбылыс, ғылыми-техникалық революцияның «әлеуметтік салдарларының» бірі ретінде қарап келді. Ол бастапқыда да осындай еді, бірақ одан әрі салдар себепке дейін өсті. Білім тек экономикалық және ғылыми-техникалық прогрессте ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік құрылымды жасауда, әлеуметтік мәртебелерді бөлуде де шешуші факторға айналды.

Қортынды
1. Білімнің адам дамуына айқындаушы ролін тану адам капиталының теориясына негізделеді, ол тұтастық қалпында ХХ ғ. Жылдарында қалыптасты. Осы теория ілімінің маңыздылығын абстрактілі қабылдаудан нақты ұғынуға көшуге, соның ішінде білімнің өте-мөте материалдық айдасын сезінуге көмектесті. Білімнің ең құнды және сенімді капитал екендігі дәлелденді. Адам капиталы теориясын басшылыққа ала отырып, дамыған елдердің үкіметтері мен бизнесі білімге арналған инвестицияларды ұлғайтып, оған аса маңызды экономикалық және саяси басымдылық берді және соның арқасында өз мемлекеттерінің дамуында ірі табыстарға жетті.
2. Адам капиталы теориясын практикаға енгізу білімнің бұқаралығын жаппай күшейтуге, оның ауқымдары мен мүмкіндігін ұлғайтуға септігін тигізді.

Қолданылған әдебиеттер
1. Дамитов Б.И. Қазақстандағы жоғары білімді реформалау: тәжірибе және перспективалар. Қолжазба. Ақпан 1999 ж.
2. Көшербаев Қ.Е., Ахметов А .К., Әбілқасымова А .Е., Рахымбек Х.М. Қазақстан Республикасындағы жоғары білімнің даму стратегиясы. – Алматы: Білім,1998 ж.
3. Мамыров Н.К. Қазақстандағы экономика мен білім дамуындағы проблемалар- Алматы: Дәуір, 1998 ж.