Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Информатика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 14 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Мәліметтер базасын арнайы өңдеу әдістерін таңдау


Жоспар
1 Мәліметтер базасын арнайы өңдеу әдістерін таңдау 3
1.1 Кесте өрісін басқа кестеге көшіру 7
1.2 Кесте не кесте құрылымын көшіру 8
1.3 Мәліметтер схемасын даярлау 9
1.4 Кестені импорттау 12
Қорытынды 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 14

1 Мәліметтер базасын арнайы өңдеу әдістерін таңдау
Мәліметтер қоймасын қолдану, ондағы мәліметтерді басқарудың программалық жабдығының бар болуын қажет етеді. Оны мәліметтер қоймасын басқару жүйесі (МҚБЖ) деп атайды.
МҚБЖ – бұл АЖ-ны қолданушылардың қолданбалы есептерден мәліметтерге енуін қамтамасыз ететін, ақпарат массивтеріне кіру-шығу, оны тиеу, жөндеу үшін қажетті жалпы жүйелік программалар жиынтығы. Мәліметтер қоймасын МҚБЖ-мен біріктіріп, мәліметтер банкісі (МБн) деп атайды. МБн құрамы – мәліметтер қоймасы мен МҚБЖ-дан тұрады.

1.1 Кесте өрісін басқа кестеге көшіру
1. Өрісті таңдап, алмастыру буферіне көшіру (Ctrl+C пернелерін басу немесе Түзету – Көшіру командасын беру).
2. Қабылдайтын кестені ашып, жаңа өріс құру. Оның типі көшірілетін өрістің типімен бірдей болуы тиіс.
3. Құрылған өрісті таңдау.
4. Буферден кірістіру командасын беру (Ctrl+V не Түзету - Кірістіру).
Ескерту:

1.2 Кесте не кесте құрылымын көшіру
МБ терезесінен таңдалған кесте не оның құрылымы әдеттегідей алмастыру буфері арқылы көшірілуі мүмкін. Оны жанама мәзір арқылы көшіруге де болады. Бұл кезде орындалуы тиіс әрекеттер:
1. МБ терезесінің Кестелер қондырмасын ашып, кесте атауын оң түймемен шерту.
2. Көрінген жанама мәзірдің Көшіру пунктін таңдау.
3. МБ терезесінің кесте атаулары орналасқан облысын оң түймемен шерту.
4. Көрінген жанама мәзірдің Кірістіру пунктін таңдау терезесі көрінеді.
Одан әрі, кестені толық көшіру үшін терезесінің «Кесте атауы» өрісіне жаңа кесте атауын енгізіп, «Құрылым және берілгендер» ауыстырып қосқышын орнату. Егер тек кесте құрылымын көшіру қажет болса, атау енгізілген соң онда «Тек құрылым» ауыстырып қосқышын орнату жеткілікті. Бұл кезде экранда тек өріс тақырыптары енгізілген бос кесте көрінеді. Оны толтыру әдісі әдеттегідей.

1.3 Мәліметтер схемасын даярлау
Тапсырыс берушінің тұтынатын мәліметтерінің негізгі бөлігін анықтап алып, мәліметтер базасының құрылымын дайындауға кірісеміз. Мәліметтер базасын оның негізгі объектісі – кестелерінің құрылымын дайындаудан бастайды.

1.4 Кестені импорттау
Access сыртта құрылған түрлі файлдық деректерді импорттай алады. Оларды FoxBase, FoxPro деректер қорынан импорттау жеңіл. Excel-ден импорттау біраз еңбекті қажет етуі мүмкін, себебі электрондық кесте түрлі типті деректерден тұратын бағандарды да сақтайды. Егер әр бағанында бір типті деректер сақталған болса, электрондық кестені импорттау қиын емес.
МБ терезісінде Кесте – Құру командасын беріп, Жаңа кесте терезесін ашу.
Терезеден Импорттау қатарын таңдап, ОК түймесін шерту. «Импорт» терезесі көрінеді.
Терезеде файл типін және файл атын таңдап, «Импорт» түймесін шерту. Импорт шебері программасы іске қосылып, кесте үлгісі көрсетілген оның бірінші қадам терезесі көрінеді.

Қорытынды
Жалпы қорытындылай келсек, барлық өндірістерде, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және банктерде, жеке кәсіпкерлік фирмаларда және де көптеген тағы да басқа салаларда МББЖ қолданылады десек қате айтқанымыз емес. Себебі мұндай салаларда түрлі берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы, жоғарғы оқу орындарында дайындалатын мәліметтер:

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. О.Камардинов «Информатика». Алматы-2006.
2. А.Жапарова «Информатика». Алматы-2006.
3. Дейт К.Дж. «Введение в системы баз данных», Киев-1998.
4. Бралиева Н.Б, Байшоланова Қ. С. «Ақпарат жүйесінің технологиясы». Алматы-2004.