Екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғаларға несие беруді ұйымдастыру
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Несие және несие жүйесі 6
1.1 Несие мәні және қажеттілігі мен қызметтері 6
1.2 Несиенің формалары мен олардың жіктелуі және несиелеуді ұйымдастыру қағидалары 15
1.3 Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері 22
2 Екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғаларға несие беруді ұйымдастыру 30
2.1 «Тұран Әлем Банк» АҚ – ның жеке тұлғаларға несиелердің берілу тәртібі мен саясаты 30
2.2 «Тұран Әлем Банк» АҚ-ның жеке тұлғаларға тұтыну несиесін беру операцияларына талдау 36
2.3 «Тұран Әлем Банкі» жеке тұлғаларды ипотекалық несиелеу ерекшеліктері 43
Қорытынды 57
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 59
Кіріспе
Нарықтық экономикалық қатынастарда несие барлық өндірістік жұмыстардың, ғылыми-техникалық процестердің негізгі қозғалысын, заңды тұлғалардың кәсібін ұлғайтуға, жеке тұлғалардың өмірін жақсартуға, шағын және орта бизнесті, фермерлік шаруашылықтарды кеңейтуге негізгі үлесті қосады.
Несиенің формалары оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердін алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит кабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.
Коммерциялық банктер - нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымымын үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Осы диплом жұмысын жазу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалы және нормативті актілері (Заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің Қаулылары мен Ережелері және т.с.с.) «Тұран Әлем банкі» есептері мен сайты қолданылды. Жеке тұлғаларды несиелендіру аясындағы шетел ғалымдарының және мамандарының еңбектері, сонымен бірге статистикалық және анықтама материалдары қолданылды.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің жеке тұлғаларды несиелендіру жүйесін қарастыру.
Зерттеу мәселелері:
1) несие түсінігін анықтау, оның шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы дамуын қарастыру;
2) «Тұран Әлем Банк» АҚ материалдар негізінде, Қазақстанның коммерциялық банктерінің жеке тұлғаларды несиелендіру тәжірибесіне талдау жүргізу;
3) Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаларды несиелеудің даму мәселелері мен келешегін қарастыру.
Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде несие және несие жүйесі туралы түсінік беріліп, яғни Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің даму кезеңдерінен бастап, несиенің мәні, қажеттілігі мен қызметтері, несиенің формалары мен олардың жіктелуі және несиелеуді ұйымдастыру қағидалары туралы теориялық негіз барынша ашылып жазылды.
Ал, екінші бөлімінде «ТұранӘлемБанкі» АҚ мысалындағы жеке тұлғаларды несиелеу ерекшеліктерін көрсетіп, тұтыну несиесінің түрлері мен оның ставкаларын талданған.
Жұмыстың үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаларды несиелік қатынастардың даму болашағы жазылған, яғни жеке тұлғаны несиелеу операцияларының болашағы, ипотекалық несиелеу нарығын жетілдіру жолдары ашылды.
Экономикалық категория ретінде, несие - бұл кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ, халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді.
Диплом жұмысының құрылымы қойылған талаптарға сай жазылған. Жұмыс: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Несие және несие жүйесі
1.1 Несие мәні және қажеттілігі мен қызметтері
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шарушылық субьектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердін алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит кабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
1.2 Несиенің формалары мен олардың жіктелуі және несиелеуді ұйымдастыру қағидалары
Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйіңде сақталады.
Отандық және шетелдік әдебиеттерде несиенің келесідей формаларын кездестіруге болады:
1.3 Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері
Революцияға дейінгі дамуы (1917 жылға дейін). Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі ретінде әр деңгейде дамып келеді. Қазақстанның шаруашылығы бір жағынан, Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысына, екінші жағынан, темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра отырып, темір жолдарды жүргізу арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары (ет, тері, жүн т.б.) сыртқа шығарылып отырған.
2 Екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғаларға несие беруді ұйымдастыру
2.1 «Тұран Әлем Банк» АҚ – ның жеке тұлғаларға несиелердің берілу тәртібі мен саясаты
«Тұран Әлем Банкі» АҚ 1997 жылы 15 қаңтарда «Алем Банк Казахстана» («Қазақстанның Әлем Банкі») АБ-мен «Туран Банк» («Тұран Банкі») КАБ-нің қосылуы нәтижесінде құрылды.
«Қазақстанның Әлем Банкі» АБ 1990 жылы Внешэкономбанктің (Сыртқыэкономбанкі) Қазақстандағы филиалы ретінде құрылған және бірнеше жылдар бойы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілімен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі агенті болып келді. 1994 жылға дейін «Алем Банк Казахстана» АБ елдегі халықаралық операцияларды жүргізетін бірден бір жалғыз банк болды және Қазақстанның алдыңғы қатарлы қаржы институттарының бірі саналды. Ол SWIFT және REUTERS халықаралық банк жүйелеріне қосылған тұңғыш банк, VISA International және Master Card жүйелерінің бірінші қатысушысы болып табылады. «Туран Банк» КАБ тарихы республика аумағында 1925 жылы КСРО Промстройбанкінің бөлімшесі ашылған сәттен басталады. Банктің қызметі экономиканың индустрия секторының құрылуы және қалыптасуымен тікелей байланысты болды - банк құрылысты қаржыландырып, Қазақстанның ең ірі кәсіпорындарына қызмет көрсетті.
2.2 «Тұран Әлем Банк» АҚ-ның жеке тұлғаларға тұтыну несиесін беру операцияларына талдау
Тұтыну несиесі — бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан, тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу туындайды, екінші жағынан, халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттігін ұлғайтады. Мұндай тәуелділік әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.
2.3 «Тұран Әлем Банкі» жеке тұлғаларды ипотекалық несиелеу ерекшеліктері
Ипотекалық несие – жеке және заңды тұлғаларға, сатып алынатын тұрғын үйдің өзін, құрал-жабдықтарды, жерді кепілге қоя отырып, осыларды сатып алуға берілетін ұзақ мерзімді несие. Басқаша айтқанда - ипотекалық нарық капиталы деп аталынатын, кепіл ретінде қозғалмайтын мүлікпен қамтамасыз етілген, қарыз капиталы қайта орналастырылынатын қаржы нарығының бір бөлігі, Ипотекалық капитал нарығында бағалы қағаз ретінде несие берушінің несие бойынша алынатын төлемдер кепілдендіретін кепілдер, сондай-ақ қарыз алушының өз міндеттемелерін орындай алмаған уақытта, кепіл объектісін өткізу арқылы, салынған қаражаттарды қайтару мүмкіндігі қарастырылады.
Барлық қаржы нарықтары секілді, ипотекалық капитал нарығы да алғашқы және екінші болып, ал қозғалмайтын мүліктің типіне байланысты - тұрғын үйдің ипотекалық несиесі, табысты қозғалмайтын мүлік, өндірістік қозғалмайтын мүлік және т.с.с. бөлінеді.
Қорытынды
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймақаралық кайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизмі өндірістің объективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік туғызады.
Жалпы несие жүйесінде несие саясатының рөлі өте зор, яғни несиелік ұйымдарда тұлғаларды несиелеу жүйесі несие саясаты арқылы жүзеге асады.