Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 24 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері


Мазмұны

Кіріспе 3
1 Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы 5
1.1 Банк және банк жүйесіне сипаттамама 5
1.2 Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен дамуы 7
2 Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру 11
2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – Қазақстан Республикасының Орталық банкі 11
2.2 Екінші деңгейдегі банктер 15
3 Банк қызметі және оны реттеу 18
3.1 Банк операциялары 18
3.2 Банктердің қызметін реттеу 21
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер 24

Кіріспе

Бүгінгі күні Қазақстанның банк жүйесі қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың банк жүйесінің дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда банк жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және банк құралдарына халықтың сенімін арттыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас бөлігі болған Қазақстан Республикасының банк жүйесі болып табылады. Банк қызметін табысты реформалау барынша тұрақты банк жүйесін құруға мүмкіндік берді.
Кейінгі жылдары Ұлттық банк, Қазақстандағы банктік қадағалауды жалпы қабылданған стандарттарға, ең алдымен, банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің тиімді банктік қадағалауының негізгі принциптеріне сәйкестендіру жетістіктері бағытында жұмыс жүргізді. Шоғырландыру негізінде банк қызметіне қадағалау жүргізу үшін Ұлттық банктің 2001 жылдың басында өкілеттіктерді бөлуі банктік қадағалаудың осы принциптеріне сәйкестендіру жетістіктері бағытындағы тағы бір қадамды білдіреді.

Курс жұмысының өзі мынадай бөлімдерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер, қосымшадан тұрады.
Осы курс жұмысы «Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері» - атты тақырыбында мен мынадай негізгі аспектілеріне тоқталайын. Негізгі бөлімі - банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, ал екінші бапта - Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру және үшінші бапта - банк қызметі және оны реттеу, - деген басты бөлімдеріне шолу жасаймын. Қорытындысында осы жұмыстың негізгі нәтижесіне тоқталады. Осыдан басқа осы курстық жұмысты жазуға қолданылған әдебиеттер қарастырылады. Бұл тақырыпта Қазақстан Республикасының банк жүйесінің негізгі, жоғарғы деңгейі - Ұлттық банк туралы және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері туралы егжей-тегжейлі мағлұмат бүкіл банк жүйесін сипаттайды. Бұл тақырыпта зерттелетіні – Қазақстан Республикасының банк жүйесінің мәні мен маңызы, ал зерттеу мақсаты – республикадағы банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуын оқып білу.

1 Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы

1.1 Банк және банк жүйесіне сипаттамама

Біздің дәуірімізге дейін ежелгі Грецияда, Египетте, Римде банктік қызметтің жақсы дамығаны анықталған. Бәрінен бұрын банк ісі Италияда қалпына келтірілді.Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі,оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Италияның ірі орталықтарында дами бастаған банк ісі ХІІ ғасырдың соңынан бастап басқа елдерге де, атап айтқанда Францияға, Англияға және Германияға кең етек жая бастады [8;129].
Банк жүйесі деген сөздің өзінен, оның басты элементі негізінде ақшаға байланысты операцияларды жүргізетін, әртүрлі банктер болып табылатынын түсінуге болады.
Банктер туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір мамандар банкті кәсіп орны, мекеме, - дейді, екіншілері - экономикалық басқару орны, - дейді, үшіншілері - делдалдық ұйым, - дейді. Төртіншілері - несиелік кәсіпорны деп сипаттайды.

1.2 Қазақстандағы банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері мен дамуы

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің қалыптасу мен даму жолдарын бірнеше кезеңге бөлуге болады (1-кесте).
Бірінші кезең, 1917 мен 1930 жылдар аралығы – патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әртүрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.
Екінші кезең, 1930-1987 жылдардың аралығы – елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебап қызмет атқарды, яғни ол мемлекеттің орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсетті.
Үшінші кезең, 1988-1991 жылдар аралығы – елде мемлекеттік маманданған банктердің құрылуы, яғни КСРО Мемлекеттік банкі (банктердің банкісі) ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және т.б. нормативті актілер шығарушылық, бақылау және басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 жылдың басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.

2 Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру

Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда, барлық өзге банктер төменгі (екінші) деңгейдегі банктер болып саналады.

2.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – Қазақстан Республикасының Орталық банкі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен, халықаралық банктермен және өзге де қаржы-несие ұйымдарымен қарым-қатынастарда өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді, алайда өзіне заңмен берілген өкілеттіктер шегінде өз қызметінде тәуелсіз.
Ұлттық банк – заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді.Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерден өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы бар [7;182].

2.2 Екінші деңгейдегі банктер

Коммерциялық банктер банк жүйесінің екінші деңгейін білдіреді. Олар банк ресурстарын шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банк операцияларымен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР банктер және банк қызметі туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандық банк жүйесінің небары 15 жылдық тарихы бар.

3.2 Банктердің қызметін реттеу

Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының банктік және басқа да заңдарын сақтауға және қамтамасыз етуге, шаруашылық - қаржылық қызметті және банктегі оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді шаралар жиынтығы ұсынылады.
Банктер үстінен жасалатын бақылау мен қадағалауды: халықаралық, мемлекеттік, аудиторлық және құрылтайшылық деп бөлуге болады.
Республикада банктер үстінен халықаралық бақылауды Дүниежүзілік банк, Халықаралық Валюта қоры т.б. жүзеге асырылады.

Қорытынды

Бұл курс жұмысында Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жүргізген реформаларының негізгі бағыттары, негізгі үрдістері және олардың келешегі баяндалады.
Қазақстанның экономикасы соңғы жылдар ішінде жылдам қарқынмен өсіп келеді. Қазақстанның дамуындағы табыстың маңызды құрамдас бөлігі банк жүйесін жоспарлы реформалау болып табылады.
Қазақстан Республикасының екі деңгейлі банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда, барлық өзге банктер төменгі (екінші) деңгейдегі банктер болып саналады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 34 екінші деңгейдегі банк жұмыс істейді. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жылы 31 тамызында қабылданған «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас бөлігі болған Қазақстан Республикасының банк жүйесі болып табылады.