Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарихы

Тип: Реферат

Объем: 5 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Тарихпен тілдесу

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2001 жылды Қазақстанның тәуелсіздігінің 10 жылдығы деп жариялағаны баршамызға белгілі. Осынау үлкен мерекені қарсы алу жылын өткенімізге көз салып. көне тарихтың беттерін қайта парақтап, халқымыздың өткен кезеңін жаңаша ой елегінен өткізуді талап етеді. Өткеніміз сабақ болсын десек, тарихтың ілімін ұмытпауымыз керек. Жұмыр жер бетінде тіршілік етуші барлық халықтар сияқты біздің қазақ халқының да өз тарихы бар. Ол тарихын «мың өліп, мың тіріліп» жүріп жасады. Қадыр Мырза Әлі жырлағандай:

Алайда, Қазан төңкерісінен кейін, әсіресе 20-жьпдардың аяғында елімізде тоталитарлық жүйенің құрыла бастауына байланысты бұл бағыт мүлдем тұншықтырылды. Оның орнын әдетке айналған империялық, ұлыдержавалық шовинистік бағыт басты. Бұл бағытқа қарсы шыққан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, С.Асфендияров, Е.Бекмаханов, тағы басқа қазақ зиялылары «ұлтшыл», «халық жауы» деген айдарға ие болып, қуғын - сүргінге ұшырады, абақтыға қамалды, жер аударылды, өлім жазасына кесілді.

Өмірдің жазылмаған, бірақ іс жүзінде дәлелденген қағидасы - тарихты тек шындықпен көтеруге, керісінше тек өтірікпен қаралауға болады. Егер де тарихи дамуымызға, өткенімізге шын мәніндегі объективті, диалектикалық және ғылыми көзқарас қалыптастыру, тарихи жеке тұлғаларға да шынайы баға беруге алып келеді. Өткенімізді дұрыс зерттей алмаушылық, одан жанталаса қашу болашағымызға дұрыс бағыт жасай алмау қателігіне алып келуі мүмкін.
Тарихымыздың өткен жолдары мен кезеңдерін білу ескіні көксеушілік емес, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие үшін қажет. Біз бүгінгі демократиялық, тәуелсіздік алғанына небәрі 10 жыл толған Қазақстанымыздың қандай қиын кезеңдерден өткенін, оның осы тәуелсіздікке жету жолында құрған алғашқы мемлекеттік құрылысы, оны басқарған ата-бабаларымыздың іс-әрекеті, рөлі, сыртқы басқыншылық әрекеттерге қарсы жанқиярлық күресін көрсету арқылы жастарды үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау, маңдай термен, төгілген қанмен келген еркіндік пен бостандықты қастерлей білу, қажет болған жағдайда оны табандылықпен қорғай білуге баулу.