Қаржылар және инфляция
Жоспар
1 Инфляцияның мәні және оның қаржылармен өзара байланысы 3
2 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары 7
3 Қазақстандағы инфляцияның ерекшеліктері және оның қаржылық тұрақтылыққа тигізетін әсері 9
4 Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты және қаржылық реттеудің рөлі 11
Әдебиеттер 16
1 Инфляцияның мәні және оның қаржылармен өзара байланысы
Инфляция – бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағалардың жалпы және бірдей емес өсуінен көрінетін, ақшаның құнсыздануы. Инфляция кезінде, қоғамдық өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктерден және ақша санының артық эмиссиясымен туындайтын, ақша айналысындағы заңдардың бұзылуы орын алады.
Ақшаның құнсыздануы мынадай факторлардан туындайды:
2 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары
Осы заманғы мемлекет, маңызды көлемде қаржы талап ететін, бірақ та оның негізгі бөлігі тауар айналымымен байланысты емес алуан түрлі функцияларды орындайды. Бұл – халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар, денсаулыққа, мәдени-ақпараттық мақсаттарға, білімге, басқаруға, қорғанысқа жұмсалатын шығыстар. Сондықтан экономика жағдайында осындай шығыстарды көбейту оның өзін-өзі дамытуына көмектесуі мүмкін, өйткені ол олардың өндіруді көбейту мен ұлттық өндірістің өсуін ынталандыра отырып, тиісті өнімдерге, қызмет көрсетулер мен тауарларға қосымша төлем қабілетті сұраныс туғызады.
3 Қазақстандағы инфляцияның ерекшеліктері және оның қаржылық тұрақтылыққа тигізетін әсері
Инфляцияның классикалық көзі – мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, сондай-ақ Қазақстанға да тән болып саналады. Бұл жерде бюджет тапшылығы инфляцияның екінші кезекті факторы болып санала тұрса да, шығындар инфляциясымен және осымен байланысты, мемлекеттік кірістердің құнсыздануынан туындайтынын айта кету қажет.
Тапшылықты ақша эмиссиясымен жабу олардың инфляциясымен құнсыздануына әкеледі және бұл процестерде инфляция мен бюджет тапшылығы, тұйық себеп-салдарлық заңдылық тудыра отырып, өзара күшейе түсетін болады. Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің тапшылығы КСРО-ның уақытынан бері әлі де экономиканың теңестірілгендігінің тұрақты салдары болып саналады. Ол ірі дотациялармен, ал кейінірек одақ бюджетінен бөлінген субвенциялармен жабылып отырды. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендік алған жылдарында да сақталуда:
4 Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты және қаржылық реттеудің рөлі
Мемлекеттің инфляция кезіндегі іс-қимылының екі нұсқасы бар, ол:
1) бейімделу саясатын жүргізу немесе кірістерді, жалақыны, пайыздық мөлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу шараларын қолданған кезде, инфляцияға бейімдей; компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімді жобаларды жүзеге асырады жеке тұлғалар қосымша кіріс көздерін іздейді және т.б.;
2) инфляцияны төмендету немесе басу жөніндегі инфляцияға қарсы шаралар кешенін жүргізу.
Инфляцияны жою жөніндегі шаралар кешеніне, солардың ішіндегі шешушісі базалық, өндірістік-экономикалық салалар бола тұрса да, қоғамның жұмыс істейтін өндірістік-экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, институционалдық, моралдық-адамгершілік салаларының әртүрлі жақтарына әсер ету кіреді.