Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 14 стр.

Год: 2008

Полный просмотр работы

Дұрыс тамақтану режимі


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 ТАМАҚТАНУ РЕЖИМІ 5
2 ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ 8
3 ТАҒАМНЫҢ ҚУАТЫ ҚАНДАЙ БОЛУ КЕРЕК 12

КІРІСПЕ

Өзімізге белгілі әртүрлі факторларға сүйенсек, денсаулыққа байланысты тамақтану – ең маңызды мәселе. Өйткені, тамақтану – адам ағзасы үшін энергетикалық материал ( энергия көзі ) болып табылады. Сонымен қатар, ағзадағы биологиялық белсенді заттардың пластикалық материалы мен стимуляторы болып табылады. Практикалық түрде көптеген адамдар объективті және субъективті себептерге байланысты тамақтану режимін бұзуда. Соның салдарынан ағза өте қажетті биологиялық белсенді заттарды керегінше ала алмайды.

1 ТАМАҚТАНУ РЕЖИМІ

Күнделікті азық-түлікті дұрыс бөлу және берілетін астың түрлерін белгілеу дұрыс тамақтанудың маңызды шарттарының бірі болып саналады. Сондықтан дұрыс тамақтану режимін белгілерде тамақты адамның жасына, қызметіне, бос уақытына, тағы басқа да организмінің ерекшеліктеріне байланысты дайындауды талап етеді.
Мезгілімен тамақтанудың себебі – асқазан сөлі сілекей секілді асты көргенде, оның иісін сезгенде рефлекторлы түрде бөліне бастап, асқа дайын болып тұруы... Тамақты мезгілімен іше алмағаныңызды есіңізге түсіріңізші. Тамақты күтіп тұрған асқазан сөлі онымен кездесе алмай қарында бос қалып қояды. Мұның денсаулық үшін зияны көп. Бөлініп шыққан асқазан сөлінің құрамындағы тұзды қышқыл оның ішкі жұқа қабатын зақымдайды. Осы кезде адамның тамаққа тәбеті де болмай қалады. Мұндай жағдайлардың қайталана беруінен адамның асқазаны ауруға шалдығады. Сондықтан тамақты белгілі уақытта шартты түрде ішуге біз өзімізді үйретуіміз керек.

2 ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ

Адамның барлық өмірі тамаққа байланысты. Жаңа туған сәби де бірден анасының емшегін еме бастайды. Ананың сүтінен ол өзінің өсіп жетілуіне қажетті тамақтың барлық түрлерін алады. Ана сүтінің әрбір грамында
1-1,5 процент белок,
6-7 процент қант,
3-4 процент май,
0,2 процент тұз және
88 процент су бар.
Бұлардан басқа ана сүтінде сәбиді алғашқы бірер айлығында аурудан сақтап тұратын «иммунные тела» деп аталатын ерекше зат пен кейбір ферменттер болады.
Сіздер білесіздер ме? Егер күнделікті аста белок жетіспесе, баланың өсіп жетілуі нашарлайды, ал үлкен кісілердің жұмысқа қабілеті төмендейді, суық тиіп түрлі жұқпалы аурулармен ауырғыш келеді.
Соңғы кезде США-ның балалар дәрігерлері жаңа туған анасының сүтін емізу керек емес дегенді айтып жүр. Сөйтіп, жас босанған әйелдерге сүт шықпайтын етіп, прожестерон дәрісін береді. Сол елдің көптеген оқымыстылары, соның ішінде балалар тамағын дайындап шығаратын компаниялардың өкілдері, ана сүтінің «қуатсыздығын» дәлелдеуде. Әрине, мұнымен келісуге болмайды, себебі олардың ойлағаны бала мен ананың денсаулығы емес, керісінше, өздерінің баю құлқыны.

3 ТАҒАМНЫҢ ҚУАТЫ ҚАНДАЙ БОЛУ КЕРЕК

Организм тіршілік үшін тағам арқылы өзіне қуат алып отыру керек. Тамақ тек қуат көзі ғана емес, ол әр клетканың,мүшенің тозған жерін алмастырып,жаңартуға қажетті құрылыс материял да. Қуат белоктардың,майлардың және углеводтардың үздіксіз биологиялық тотығу арқылы алынып отырылады. Бұл заттар ең ақырында көмірқышқыл газы мен суға айналады. Бөлінген қуат фосфорға бай аденозинтрифосфор қышқылы деп аталатын қосындыларға жиналады. Адам қара жұмыс істегенде және әрбір мүшенің өзі атқаратын жұмыстары кезінде бұл қышқыл қуаттың негізгі қоры есебінде пайдаланылады.
Организмде болатын биологиялық тотығуға адам мен жануарлар кейбір тағамдық заттардың химиялық реакциясынан пайда болатын қуатты ғана жұмсайды. Қуаттың жұмсалатын мөлшері адам организмінің әр түрлі, ерекшелігіне, жынысына, жасына, бойына, салмағына, заттар алмасу процесіне,қара жұмыс пен ой еңбегінің ауыр - жеңілдігіне, тағы басқа да көптеген жағдайларға байланысты. Организм жұмсайтын қуаттың мөлшеріне ауа райының географиялық жағдайдың, әсіресе ауа температурасының әсері де мол.